Қытайда жыныстық дағдарыс басталды
Қытай тұрғындарының 34%-ы жыныстық өміріне риза емес. Қытай коммуникация орталығы мен Шанхай әлеуметтік ғылымдар академиясының зерттеушілері елде секс-дағдарыс басталғанын жария етті.
Xinhua агенттігінің хабарлауынша, сарапшылар жүргізген әлеуметтік зерттеуге 15 пен 55 жас аралығындағы 3000-нан астам адам қатысқан. Олардың арасында ерлер де, әйелдер де бар. Сауалнамаға жауап бергендердің 34%-ы жыныстық қарым-қатынастан ләззат ала алмай жүргенін, 32%-ы пәлендей риза емес екенін, 6,5%-ы, тіпті наразы екенін айтқан. Зерттеуге қатысушылардың 23%-ы ғана сексуалды өміріне қанағаттанатынын білдірген. Бұған қоса, қытайлықтардың көбі секспен өте аз айналысатын болыпты. Сарапшылардың айтуынша, миллиардтан асатын халқы бар ел үшін бұл – дабыл қағатын жайт. Қытай андрология қоғамының президенті Цзян Хуэйдің айтуынша, азаматтардың жыныстық өмірі сапасының нашарлауы қарқынды экономикалық дамудың әсері. Өндірісті өркендетуден туындайтын әлеуметтік қысым ел тұрғындарына кері әсер етіп отыр.