Мысықта мың түрлі ғажап қасиет бар
Ғалымдар мысықтардың таңғаларлық қасиеттерінің барлығын анықтады. Олар адамдарды инсульттан, буын қабынуынан және артериосклероз ауруларынан емдей алады.
Бәрімізге белгілі, мысықтар қожайындарына тек жағымды эмоция сыйлайды. Бірақ ресейлік ғалымдар олардың нақты қандай қасиеттері мен пайдалы жақтары барын анықтау үшін зерттеу жұмыстарын жүргізген. «Нәтижесі тіптен қарапайым болып шықты» деп хабарлайды собеседник.ру порталы. Мысықтардың жанында адамдар жайбарақаттанып, бір сәтке қуанышқа кенеле алады. Ол эмоциялар есеңгіреуден сақтап, ағза жұмысын бір қалыпқа келтіреді және жабығудан құтқарады. Мамандардың айтуынша, мысықтар адам денсаулығына плацебо сынды әсер береді. Плацебо (лат. placebo — сауығамын) – қандай да бір дәрі деп тағайындалатын зиянсыз препарат. Дәрігерлердің пайымдауынша, мысықтар инсультқа, буын қабынуына және артериосклероз ауруларына шалдыққан науқастарды емдеуге көмектесе алады. Бірақ емдеуден оларға еш зиян келмейді. Сол себепті ғалымдар мен ақ халаттылар үйде мысықтың болуы дұрыс деп отыр.