Музыкамен тым ерте айналысу мидың дамуына ықпал етеді
Жеті жасқа дейінгі кезеңде музыкамен айналысу бала миындағы нейронды байланыстардың дамуын жеделдетеді. Канадалық ғалымдар музыкамен ерте жастан шұғылданған балалардан дарынды адамдар шығатынын айтады.
Бұл туралы The Gazette басылымы хабарлайды. Конкордия және Монреаль университеттерінің мамандары 36 адамның миын сканерлеген. Олардың тең жартысы музыкамен шұғылдануды жеті жасқа толмай жатып бастағандар. Ғалымдар сканерлеуден алынған мәліметтерді музыкамен неғұрлым кеш айналысқан адамдардың және музыкамен мүлдем әуестенбегендердің мәліметтерімен салыстырды. Содан кейін респонденттер аудио-визуалды түрде ырғақ ойнату жөнінен тағы бір сыналды. Зерттеудің нәтижесінде кәсіби музыкамен тым ерте жастан бастап әуестенгендер миының моторлы және сенсорлы аймағының өзгелерден айрықша дамитындығы расталды.