Кофеге тәуелділік атадан балаға беріледі
Кофеге деген құмарлық тұқым қуалайды. Ресейлік биолог, генетик Максим Фрейдиннің айтуынша, кофеинге тәуелділікке ағзадағы бірнеше ген себепші.
Ғылыми зерттеулер нәтижесінде кофе ішуден ләззат алудың сыры анықталып отыр: кофеин адам ағзасын босаңсытатын аденозин химиялық затының жұмысын тоқтатады. Кофенің әсерінен ағзаның ширауы адамның сусынның белгілі бір дозасына тәуелділігін қалыптастырады. Бұған ағзадағы CYP1A2, CYP2C9, ADORA2A және AHR гендері – бірден-бір себепкер. Алдыңғы екі ген кофеиннің адам ағзасындағы зат алмасуына ықпал етсе, AHR гені CYP1A2-дің экспрессиясын реттейді. ADORA2A жасушаның рецепторын кодтайды. Ғалымдардың айтуынша, маскүнемдік, шылымқорлық пен басқа да аддикцияларға ағзадағы белгілі бір гендер жауапты және олар тұқым қуалайды.