Бет күтіміне арналған кремдер жүктілікке кері әсер етеді
Вейцман институтының ғалымдары кейбір косметикалық өнімдер мен азық-түлік құрамынан әйел адамның бала көтеру мүмкіндіктерін жоятын заттарды анықтады. Келешекте бұл антиоксиданттар жүктілікке қарсы дәрі-дәрмек өндірісінде қолданылуы мүмкін.
Ғалымдардың мәліметінше, бет күтіміне арналған кремдердің құрамында жүктілікке кері әсер ететін химиялық заттар көп болады. Мұндай косметикалық өнімдердің бірқатарын дәрігерлер тәжірибе тышқандарына сынап көріпті. Профессор Нава Декельдің айтуынша, бала көтергісі келетін әйелдің бетіне үнемі крем жақпағаны дұрыс. Декель жүктілікті болдырмайтын антиоксиданттардың келешекте, керісінше, екіқабаттықтан сақтану үшін қолдану керектігін айтып отыр. Жүктілікке қарсы әсері бар химиялық заттар кейбір шырын құрамынан да табылған.