Алма ағашы қайта гүлдеп жатыр
Қостанай облысында қырық күн шілдеде тылсым құбылыс байқалды. Өңірдегі саяжайларда алма ағашы көктемдегідей қайта гүлдей бастаған.
«Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің хабарлауынша, мамандар жеміс ағашының екінші рет гүлдеп отырғанын анықтапты. Алғаш рет мамырда бүршік жарса, енді шілденің ортасында жаңа гүлдер пайда болған. А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің доценті, ауыл шаруашылығы ғылымының кандидаты Валерий Мищенконың айтуынша, алма ағашының биологиялық дамуындағы ауытқу – қысқы қатал ауа райының әсері. Ағаштар ауруға ұшырап, соның салдарынан вегетация кеш басталған. «Жеміс ағашының екінші рет гүлдеуі табиғатта кездесіп тұрады, бірақ күзде емес, шілдеде болуы – өте сирек құбылыс», – дейді ол.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу