Велоспорт қысқы Олимпиада ойындары бағдарламасына ене ме?

Велоспорт қысқы Олимпиада ойындары бағдарламасына ене ме?

Кеше түріктің Анталиясында ХІІ SportAccord (Спорттық келісім) кеңесі өз жұмысын бастады. Онда қызықты мәселелер талқыланып, тосын пікірлер көтерілуде, деп хабарлайды «Алаш айнасы» газеті.
Халықаралық спорт басылымдары қауымдастығы (AIPS) ресми сайтының мәлімдеуінше, SportAccord кеңесіне халықаралық спорт түрлерінің екі жарым мыңнан астам өкілдері қатысуда. Олар әр түрлі мәселелерді талқылап жатыр.
Бірінші кезекте олимпиадалық емес спорт түрлерінен Бүкіләлемдік ойындардың халықаралық қауымдастығына президент сайланбақ.
Ең бастысы, Олимпиада ойындары бағдарламасына кірмейтін спорт түрлерінің мәртебесін көтеру қарастырылуда. Тіпті олимпиадалық емес спорт түрлерінен Бүкіләлемдік ойындар өткізіп тұру да ұсынылуда. Бұл ретте «олимпиадалық емес спорт түрлеріне басымдылық беріліп, спортты кәсіби тұрғыда жетілдіріп, Олимпиада ойындарын маңыздылығы жағынан екінші орын түсіру керек» деушілер де бар.

sbs.com.au фото
Мұның бәрі әзірше сөз жүзінде айтылуда. Себебі іс жүзінде бір ғасырдан артық (120 жылдай) тарихы бар Олимпиада ойындарын екінші орынға ығыстыру мүлде оңай емес, әрине. Ал Бүкіләлемдік ойындардың халықаралық қауымдастығы президентінен үміткер Херальд Вервеке «Олимпиада ойындарын 70 жылда басып озамыз» деген үмітте көрінеді...
Енді бір қызықты жағдай «велоспортты қысқы Олимпиада ойындары бағдарламасына енгізу керек» деген пікір төңірегінде өрбуде.
2013 жылдың күзінде Пэт Маккуэйдтің орнына Халықаралық велоспортшылар одағының (UCI) президенті болып сайланған Брайан Куксон жақында «жоғары қарқынмен дамып келе жатқан үш спорт түрін, атап айтқанда, велоспорт, дзюдо және бадминтонды жазғы Олимпиада ойындары бағдарлмасынан қысқысына ауыстыру керек» деп ұсыныс жасаған болатын.
62 жастағы британдық қайраткер мұнысын «сонда жазғы Олимпиада ойындары бағдарламасын азайтып, қысқы Олимпиаданың құрамындағы спорт түрлерін көбейтеміз» деп түсіндірген.
Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) президенті Мариус Визер мұны мүлде құптамайтындығын білдірген болатын. Анталияда Халықаралық шаңғы спорты түрлері федерациясының президенті Джан-Франко Каспер (FIS) де бұған үзілді-кесілді қарсы екендігін мәлімдеді. Ол тіпті Брайан Куксонның осы ұсынысы мен пікірін «өте күлкілі» деп отыр.
Джан-Франко Каспер қазір FIS президенті ғана емес, Халықаралық Олимпиада комитетінің (IOC) мүшесі де болып табылады. Ол онда алты олимпиадалық спорт жарыстарына жауапты. Осы ретте ол былай деді:
– Бізде қысқы спорттық жарыстар мен додаларды өткізуге арналған базалық жүйе бар. Онда қысқы спорт түрлері тек қар мен мұз үстіндегі жарыстар мен додалар болуы керек деп, айқын көрсетілген. Сондықтан жыл бойы үздіксіз жалғаса берсе де, басқа спорт түрлерін қысқы Олимпиада ойындары бағдарламасына енгізе алмаймыз. Мен Куксон мырзаны түсінемін. Ол велоспортты екі Олимпиада ойындарының бағдарламасына да енгізіп, өз жарыстарын қыста да, жазда да өткізе бергісі келеді. Осылай екі Олимпиада ойындарынан да ақша алып отырмақ. Бұл оның өзі үшін қызықты шығар. Бірақ бізге қызық емес. Біз барлық күш-жігерімізбен және мүмкіндіктерімізбен бұған басбайлы қарсы боламыз, – деді.
Ал Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах өзінің ХІІ SportAccord кеңесі делегаттарына жолдаған хабарламасында былай депті:
– Спорттық Келісім кеңесінің биылғы жылғы «Спорттың жаңа шекаралары» деген тақырыбы – өзекті мәселе. Біз спорттың маңызды дәстүрін бағалай және оның мәңгілік құндылықтарын ұстана отырып, әрқашан да болашақты ойлауымыз керек.
Сөз соңында айта кетейік, ХІІ SportAccord кеңесі алты күнге созылады. Бәлкім, әлі талай қызықты пікірлер айтылып қалар...

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста