Заманауи жағдайдағы басқарушылық қызмет: тәжірибе, мәселелері, болашағы.

Заманауи жағдайдағы басқарушылық қызмет: тәжірибе, мәселелері, болашағы.

Қазіргі таңдағы еліміздегі өзгерістер, тұрақты дамудың жаңа стратегиялық бағыты, қарқындылығы, қоғамның ашықтығы, жедел ақпараттануы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті.

Сондықтан білім беруді дамытуға байланысты Қазақстан Республикасының әлемдік білім беру кеңестігіне енуі- білім ұйымы басшыларына басқаруды жүзеге асыруда жаңаша көзқарасты және инновациялық қызметті талап етеді. Осыдан жаңартылған орта білім беру мазмұнын жүзеге асыру басшы кадрлардың кәсіби деңгейіне, олардың жауапкершілікті түсінуі мен білім беру үдерісіндегі көптеген мәселелерді шешуге қосқан үлесіне байланысты болады.

Басқару- ұжымның мақсатын анықтап, оны жүзеге асыру үшін қажетті жоспарлау, ұйымдастыру, ынталандыру, талдау және бақылау-бағлау үдерісі.

В.В. Сухомлинский айтуынша «Басқару –адамтану , адамның күрделі және қызықты, рухани жандүниесіне үңіле білу.Басқарушылық шеберлік пен басқарушылық өнер- даналықты жүрекпен ұға білу»

Басқарудың құндылығы:

·        Үздіктік

·        Адами қор (мүмкіндігін толық ашу)

·        Топтық жұмыс

·        Даму

·        Жаңашылдық

·        Шығармашылық

·        Шешім қабылдауға қатысу

·        Іскерлік қарым-қатынас

·        Келісімге ұмтылу

Біздің қоғамда мектепті басқару жалпы басқару жүйесінің бөлігі бола тұра, оған ерекше  әлеуметтік міндеттер жүктелген. Өйткені, мектеп білім беру үдерісінде қазіргі кезең мен болашақтың талаптарын ұштастыра отырып, тұлғаны қалыптастыру мақсатында қызметін іске асырады.

Мектепті басқару іс-әрекетінде ең алдымен мақсат қойылады. Мақсат мектептегі тұлғаның қалыптасуымен тікелей байланысты. Бүгінде мектеп халықтық тәрбие тағлымын игерген, білімді, парасатты, денсаулығы мықты, ел болашағын ойлайтын,өз бетінше шешім қабылдай алатын, шығармашыл тұлғаны тәрбиелеуі тиіс. Осындай түлек мектептен үлкен өмірге аттанады.Сондықтан басқару мақсаты, міндеттері осы жауапты ,абыройлы іспен тікелей ұштасады.

 Мектепті басқару міндеттері:

1.     Бағытына қарай- әлеуметтік- педагогикалық ,психологиялық- педагогикалық, ұйымдастыру- педагогикалық міндеттер.

2.     Мазмұнына қарай- оқу-тәрбиелік, әдістемелік міндеттер

3.     Басқару деңгейіне қарай- оқушылар ұжымы деңгейі ,мұғалімдер ұжымы деңгейі,  мектеп директорларның орынбасарлары деңгейі, мектеп басқарудағы  коллегиялдық ұйымдар деңгейі бойынша міндеттер

4.     Уақыт, кезеңге қарай – ұзақ мерзімдік, ағымды, жарты жылдық, тоқсандық, айлық ,апталық, күнделікті міндеттер.

 Қазіргі  мектепті басқаруда оның ағымдағы  жұмысын басқару мен дамуының басымдылығы арасындағы  қатынасты ескерген жөн. Осыдан келіп басқарудың екі түрінің шығуы заңдылық.

 Мектептің  басқарудың түрі:

Біріншісі- үдерістік басқару : мектептегі әрекетте болуын  басқару, мектептің үнемі және қайталанушы қызметін басқару;

Екіншісі- жобалық басқару: мектептегі өзгерістерді басқару, мектептің динамикадағы жаңашылдық қызметін басқару;

  Білім саласында жүргізіліп жатқан реформалар-  оқу мен оқыту  сапасын жақсартуға , мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттырып, білім алушыларға тек білім ғана  емес ,өмір сүру дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Осы орайда «Көшбасшылық және  мектепті басқару» тақырыбында өткізіліп жатқан 9 айлық мектеп директорларына арналаған курсттар  мен үшін өте маңызды болды.

Тиімді мектеп басшылары негізделген шешім қабылдай алатын, мұғалімдердің барлық оқушыларға мектепте табысқа жеткізуге көмектесуді қажет ететін оқытушылық басшылықты қамтамасыз ететін және мұғалімдердің мектепішілік шешімдерге атсалысатын ортақ мектептік ортаны қалыптастыра алатын көшбасшы болып табылатынын анықтадық. TALIS деректеріне сүйенсек, мұғалімдер өз мектептерінде  шешім қабылдауға қатысқан кезде өзінің оқыту қабілетіне ( өзін-өзі бағалауға) сенімдері нығая түсетінін баяндайды. Сонымен қатар, TALIS өз қызметкерлеріне шешім қабылдауға қатысу мүмкіндігін беретін мектеп басшыларының өз жұмысына қанағаттану дәрежесінің артуы туралы хабарлайды. ХХІ ғасыр-әлем өзгерді, сонымен қатар, білім беру жүйесі де және оған қойылатын талаптар да өзгерді. Білім жетілдіру курстары жүйелі өткізіліп,  мұғалімдер мен мектеп басшыларының құзіретін және кәсіби дамуына зор үлесін тигізуде. Табыстыі мектеп директоры болудың көптеген әдістері мен тренингтері бар. Мысалы, табысты көшбасшы болу үшін ең алдымен өзін басқаруды үйрену керек деп санайтын Питер Друкердің әдістері, өйткені «басқару қабілеті барлық адамдар үшін әр түрлі, бірақ өздерін басқара алатындар, олардың әрекеттері мен шешімдері басқаларды ойдағыдай басқарады».

Қорыта келе, мектеп басшысы - білім саласындағы болып жатқан өзгерістерді жүзеге асырудың сәттілігін анықтайтын білім беру саласындағы шешуші тұлға. Мектеп- үлкен және күрделі құрылым, оның табысты қызметі: сапалы білім беру үдерісі және педагогикалық ұжымның, соның  ішінде басшы кадрлардың жоғары кәсіби еңбегі нәтижесінде жүзеге асырылады.Аталған табысты қызмет мектепті дәстүрлі түрдегі іс-әрекетінен инновациялық дамуына үлкен мүмкіндіктер тудырады.

 Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Тәуірбекова С.Ж.  Қазіргі мектепті басқару - Алматы.; 2017ж

2. Кустобаева Е. Управленческая культура директора: адекватная самооценка. Народное образование. - 2012. - № 1.

3.   «НЗМ »Педагогикалық шеберлік орталығы –Үлестірме  материал; Астана,2018ж

6. Управление современной школой: Пособие для директора школы. Под ред. М. М. Поташника. - М., 1992.

 

 Өскемен қаласы
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ
Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Л.О.Кемешева

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста