«Жай сөйлем»

«Жай сөйлем»

Тақырыбы: «Жай сөйлем»
Диагноз: Тұтығу

Өскемен қаласы әкімдігінің «Мүмкіндіктері шектеулі
балаларға арналған «Алтын дән»
мектеп - балабақша кешені» КММ
Мұғалім – логопед
Молдаханова Альфия Далеловна

Түзету дамыту жұмысының мақсаты:
Жай сөйлем құру арқылы, бірқалыпты тұтықпай сөйлеуге үйрету.
Түзету-білімділік:

1. Сөз, сөз тіркесі, 2,3,4 сөзден тұратын сөйлем құрап, баланың тұтықпай бірқалыпты дұрыс сөйлеуге үйрету.
2.Схема бойынша жай сөйлем құрастыруға үйрету.
Түзетушілік-дамытушылық:
1. Тырысуды және босаңсуды реттей алу арқылы жаттығу жасауды дамыту.
2. Стрельникованың тыныстану жаттығулары арқылы бірқалапты тыныс алуын қалыптастыруын дамыту.Ұзақ фонациялық дем шығаруды дамыту.
3. Танымдық үрдісін «Айырмашылығын тап» ойыны арқылы ойлау қабілетін дамыту.
4. Қозғалыс ырғақтылығы мен сөздер үйлесімділігін логоритмика арқылы дамыту.
5. Схема арқылы сөз тіркесін, 2,3 сөзден тұратын жай сөйлем құрастыру арқылы сөздік қорын, байланыстырып сөйлеу тілін дамыту.
6. Ұсақ қол моторикасын құм терапиясын қолдану арқылы дамыту.
Тәрбиелік:
1. Қобалжымауға , өзіне деген сенімділігін нығайтуға үйрету.
2. Өзін –өзі басқара алуға, сұрақты тыңдап толық жауап беруге үйрету, тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ашық сабақ
Қолданылатын әдіс:ойын, сұрақ –жауап, әңгімелесу, түсіндіру.
Көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: тақта ( мальберт), дидактикалық ойындар,суреттер, слайд, құм, модель схема, әуендер т.б.

Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі :
Бүгін бізде ерекше сабақ , себебі бізге қонақтар келді, енді қонақтармен амандасып алайық. Амандасу 3 тілде ( сәлеметсіздер ме, здравствуйте, хеллоу)
-Қазір бізде қай мезгіл? ( қыс, зима,уин-тә)
- қарашы біздің күніміздің көңіл күйі қандай? (көңілсіз)
- ия, ол бұлттардың астынан шыға алмай , өзінің шуағын біздерге шаша алмай тұр екен. Енді күннің көңіл күйін көтеру үшін біз көмектессек калай қарайсың?Көмектесейік пе? (ия).
Ендеше,біз сабақ барысында әр дұрыс орындаған тапсырмаларға күннің шуағы толып отырады екен.
Ендеше алғашқы тапсырмамыз:
2. Релаксациялық гимнастика: әуенмен
1) Тырысуды және босаңсуды реттей алу .
«Мұздақтар»
Біздің шатырдың астында,
Ілулі тұр түссіз шеге,
Күн шуағын шашқанда,
Ғайып болар сол шеге.
Логопед саусақтың жеңіл қимылымен баланың иығынан саусақтарына қарай :
Сенің қолың дем алды.Жеңіл бірқалыпты демаламыз. Мұрынмен дем алып, ауызбен ауаны бірқалыпты шығарамыз.
2) Аутогендік тренинг:
« Мен жақсы сөйлеймін!»
«Мен асықпай сөйлеймін!»
«Мен емін – еркін сөйлеймін!»
«Мен асықпай, емін - еркін сөйлеймін!»
« Мен өзіме сенімдімін»
3. Диафрагмалдық тыныстану жұмыстары:
Стрельникованың тыныстану жаттығулары:
А) «Алақан» қайталау.
Б) « Погондар» үйрету.
В) « Мысық» үйрету.

4. Сөздік жаттығулар дамыту :
А) Тыныстануды қалыпқа келтіру. 

Б) Дауыс тембрін дамыту. Интонациялық жаттығулар:
«Балалар адасып қалды»;« Ормандағы боран»

5. Қандай ережені сақтау керек.
Сөйлеу ережесі:
Біз сөйлеу алдында
Ойымызды жинақтап,
Көтерместен иықты,
Тереңдетіп тыныстап,
Дыбыстарды анықтап,
Жауап берем дұрыстап.
5. Дұрыс сөйлеу тілі дағдысын бекіту жұмыстары.
Схема арқылы сөз,сөз тіркесін, 2,3,4 сөзден сөйлем құрау.
Қимыл қозғалыс арқылы сөзді үйлестіру. ( Логоритмика)
қайталап және бірге тақпақ айтады.
Қорбаң, қорбаң етеді,
Аю қыста ұйықтайды.
Көктем де келеді,
Қорбаңдайды аю да.
1. Сұрақ – жауап үлгісі
Логопед сұрақ қою арқылы жауап береді.
Аю қалай жүреді?
Аю қыста қайтеді?
Қыстан кейін қай мезгіл келеді?
- Аю көктемде қайтеді?

6.Түзету жұмысы: «Айырмашылығын тап»
7.Өзіндік жұмыс. Ұсақ қол моторикасы.

Бүгінігі сабақ барысында ойыңда қалғаны туралы құм бетіне түсір.
Қыс мезгілі. Ормандағы тауда қалың қар. Ағаш бұталарында қалың қар. Терезеге аяз сурет салады.
8. Үй жұмысы.
Тыныстану жаттығуларын қайталау
9. Қорытынды
- Біз бүгін сабақта не істедік?
- Неге көмектестік?
- Қай жерде қиналдың?
- Бүгін өзіңді мақтай аласың ба?
- Не үшін мақтай аласың?
10.Бағалау
Қоштасу 3 тілде .

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста