«Ұлт зиялыларының идеялары. 20-30 жж Қазақ медицинасының дамуы».

«Ұлт зиялыларының идеялары. 20-30 жж Қазақ медицинасының дамуы».

Семей қаласы КМҚК «Семей қаласының Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік медицина колледжінің» қоғамдық пәндер оқытушысы Жаспанова Гульдиана Кумарбековна.

Сабақтың тақырыбы:«Ұлт зиялыларының идеялары. 20-30жж Қазақ медицинасының дамуы».

Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Ұлт зиялыларының өмірі мен қызметі туралы кең көлемді мағлұмат беру, ауызша шығармаларымен таныстыру, жалпы қоғамдық-саяси өмір жайлы білім беру, баяндау. Қазақстанда медицинаның дамуы туралы мәлімет беру.
Тәрбиелік: Білімалушыларды сауаттылыққа, мәдениеттілікке, адамгершілікке, отан сүйгіштікке, білімділікке, болашақ медицина саласының маманы болғандықтан мейірбике мамандығын құрметтеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Білім алушылардың белсенді ойлау қабілетін арттыру, дағылары мен танымын, іскерлігін қалыптастыру, саяси оқиғаларды өз бетінше тұжырымдай білуіне бағыт беру.
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Оқытушының кіріспе сөзі: Бүгінгі сабақ тақырыбы: 20-30жж Қазақ медицинасының дамуы ». Сабақтың мақсаты – Ұлт зиялыларының идеялары: Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Дулатов, Ә. Бөкейханов, Шәкәрім Құдайбердіұлы қызметі, шығармашылығы туралы кең көлемді мағлұмат беру, ауызша шығармаларымен таныстыру, жалпы қоғамдық-саяси өмір жайлы білім беру, баяндау. Қазақстанда медицинаның дамуы туралы мәлімет беру.
3. Білімнің негізін өзектілеу (негіздеу). Үй тапсырмасын тексеру.
1 ЖЭС-қа көшу туралы шешім қабылданғанға дейінгі елдегі жағдай.
2 ЖЭС бағыты қашан қабылданды, негізгі белгілерін ата.
3 1921-1922жж ашаршылық себептерін ата, ашаршылық жайлаған аймақтарды көрсет (Орал, Орынбор, Ақтөбе, Бөкей, Қостанай)

Аштыққа ұшыраған адамдар саны 1921 жылы-1млн 508мың, 1922жылы наурызда 2млн 303200.
4.“Нақты ет салығы туралы” декрет туралы түсіндір, Кеңес үкіметі тарапынан аштыққа ұшыраған аймақтарға қандай көмек көрсетілді.
5.Жер-су реформасы бойынша кестені толтыру.

1 ЖЭС жылдарында қандай өзгерістер болды?
2 ЖЭС нәтижелерін ата.
3 Венн диаграммасы Әскери коммунизм мен ЖЭС салыстыру.

Ой қорыту: 2014ж 11 қарашадағы Елбасы Н.Ә Назарбаевтың «Нұрлы жол – Болашаққа бастар жол» жаңа экономикалық саясаты туралы пікірлерін тыңдау.

Үй тапсырмасын қорытындылау. Қорыта айтқанда 1925 жылы халық шаруашылығы негізінен қалпына келтірілді. Өнеркәсіп өнімін өндіру соғысқа дейінгі деңгеймен салыстырғанда үштен екіге дейінгі көлемге жетті. Өнеркәсіптердің 60 пайызы іске қосылып, көлік қатынасы қалпына келтіріле бастады. Қорыта айтқанда Жаңа экономикалық саясат шаруашылықты өркендетуге мүмкіндік берген «керемет ғажайып» саясат болды.

4.Жаңа тақырыпты түсіндіру
Ұлт зиялыларының идеялары: Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Дулатов, Ә. Бөкейханов, Ш.Құдайбердіұлы қызметі, шығармашылығы. Жаңа қазақ кеңес зиялыларының қалыптасуы.
Қазақстандағы медицинаның дамуы.
І. Білімалушыларға алдын-ала ұлт зиялыларының қызметі, шығармашылығы туралы зерттеу тапсырылады. Дайындаған баяндамалары тыңдалады. Қосымша сұрақтар қойылады.
ІІ. Медицина (лат. medіcіna: medіcus — дәрігерлік, емдік) — адамдардың денсаулығын сақтау мен нығайту, сырқаттарды емдеу мен аурудың алдын алу, денсаулық және жұмысқа қабілеттілік жағдайында, адамзат қоғамында ұзақ өмір сүруге жетуді көздейтін тәжірибелік іс-әрекеттің және ғылыми білімдердің жүйесі.
Археологиялық және этнографиялық деректер (Павлодар-Ертіс өңіріндегі Қараоба обасынан табылған әйелдің, Батыс Қазақстандағы Сайқын станциясы маңынан табылған ер адамның, Тараз қаласы төңірегінен табылған жауынгердің бассүйектері; Орталық Қазақстандағы Қарабие мекенінен табылған адамның қаңқасы) Қазақстанда өмір сүрген емші-дәрігерлер емдеу ісімен, әсіресе, хирургилық әдістермен ертеден-ақ таныс болғандығын көрсетеді. Орта ғасырларда энциклопедист-ғалымдар (әл-Фараби,Әбу-Мансұр, Қожа Ахмет Ясауи, Мұхаммед Хайдар, тағыда басқа) медицина ғылымында елеулі із қалдырған.
Қазақстанның медицинасы төңкеріске дейінгі кезеңде өз бетінше дамыды, тұрғындар негізінен халық медицинасын кеңінен қолданды.
А. Васильев, А. Ячмин, А. Диваев және басқалар көрсеткендей, XIX ғасырда Қазақстанда медициналық қызметпен негізінен бақсылар, сынықшылар, тәуіптер айналысқан.
Бақсылар дәрі дайындай білген. Олар сол уақытта ғылыми медицинада да қолданылған көптеген дәрі – дәрмектерді пайдаланды. Бұндай дәрілерге раушан, майкене, дермене тұқымы, анар ағашы, цикорий, андыз, дермене жусаны, ашудас, күкірт қышқыл магнезиі, сынап, күкірт тотияйын, мышьяк, мүсәтір спирті, азот қышқылы, хинин, апиын жатады.
Бақсылар асқазан – ішек сырқаттары кезінде әртүрлі дәрілер қолданады. Мысалы, асқазан ауырғанда рауғаш, апиын берген. Іш өткенде науқасқа жұпар жаңғағы шайының қою тұндырмасын, қарақат тұндырмасын берген. Қатты жөтел кезінде шайға немесе сорпаға салынған бұршаққынды бұрыш тұндырмасын қолданған. Қазақтың халық емшілері қымызды негізінен түберкулезді, құрқұлақты, хлорозды, қаназдықты, жүрек – қан тамыры және асқазан – ішек сырқаттарын емдеуге пайдаланған. Жұқпалы ауруларды емдеуде халық медицинасының өз құралдары мен әдістері болған. Шәйді терлету құралы ретінде пайдаланған. Аурудың алдын алу мақсатында алапеспен ауыратындарды сау адамдардан бөлек ұстаған, шешектен, ауырғандарды тек осындай сырқаты болған адамдар ғана күткен. Шешекпен ауыратын бір адамы болса да бүкіл ауыл қонақ қабылдамаған.
Жыныстық қатынас ауруларын (мерез) емдеу қарапайым, бірақ негізінде дұрыс жүргізілген. Науқас адам терісіне сынап жақпамайы жаққан, мышьяк, сынап ішкен, жараларды тотияйынмен күйдірген.
Халық емшілері тері ауруларын да емдей білген, ол үшін жақпамайлар, ұнтақтар қолданған. Жақпамайды, әдетте, сынаптан, күкірттен және қойдың майы қосылған басқа да заттардан дайындаған. Ұнтақ материалы ретінде ұнтақталған құрғақ жидектер, күл, күйдірілген киіз және т.б. қолданған.
XIX ғасырдың соңында Қазақстанда жұмыс істеген А. Я. Соколов бақсылар адам анатомиясын білмесе де, олардың кейбіреулері күрделі хирургиялық оталар жасаған деп көрсетеді. Олар қуықтағы тастарды алған, катарактаны сығып шығарған, сынықтарды, буынның таюын емдеген, шынтақ бүгілетін тұстағы тері тамырларынан қан шығару кең тараған. Кесілген тұсқа жолжелкен жапырақтары, күйдірілген киіздің немесе мақтанаң күлі басылған. Түйнеме болған терідегі жараға ыстық су құйған, кейде ойық жараны қызып тұрған темірмен күйдірген. Жылан шаққан уын ауызбен сорып алып, жыланның басынан даярланған дәрі басқан. Бұл дәрі мынандай жолмен жасалған: жыланның басы кептіріледі, ұнтақталынады, сүтпен араластырылып, жараға таңылады. Тістің ауруын меңдуана мен май қоспасымен емдеген, кейде құрғақ меңдуана басқан. Қазақстанның халық медицинасын П.Н.Соколов осылай сипаттайды. 
Мұражай материалдары республиканың халық медицинасы емдеудің мол тәжірибесін жинақтағанын көрсетеді. Халық емшілері қымызбен, шұбатпен, шөп тұнбаларымен, су – балшықпен емдеген. Тәуіптер, емшілер, сынақшылар өз тәжірибесінде түрлі өсімдіктердің тамырларын, киік мүйізі және басқа құралдарды пайдаланған.
Қазақ медицина ғылымының даму тарихы Қызылорда қаласында 1925ж 17 қыркүйек айында Өлкелік санитарлық-бактериологиялық институт ғылыми мекемесінің ұйымдастырылуынан кейін басталады. Институттың нақты мақсаттары мен міндеттері белгіленді. Оның қатарында екпе дайындаумен қатар Қазақстандағы зертханаларға басшылық жасау, қызмет шеңбері аясында әртүрлі ғылыми мәселелерді өңдеу мақсаттары да қаралды. Институт біраз уақытқа дейін ғылыми зерттеулер жүргізілген республикадағы жалғыз ғылыми – тәжірибелік мекеме болып табылды. Қазақстандағы медицина ғылымының даму тарихын баяндайтын құжаттардың деректеріне сүйенсек Алматы қаласында Қазақ Мемлекеттік Медицина Университетінің ашылуымен медицина саласында ілгері қарай даму байқалады.Қазақстанда медициналық ЖОО құру мәселесі 1928ж көтеріле бастады. Өйткені республикада медицина қызметкерлерінің тапшылығы байқалды. Денсаулық сақтау Халық Комиссариатының мәліметтері бойынша 1930 жылы республикада барлығы 737 дәрігер,45 тіс дәрігері, 165 фармацевт, 602 мейірбике болған. Әсіресе ауылдық жерлерде 30 % аудандарда ешқандай медициналық көмек көрсетілмеді. Осындай қиын жағдайдан шығудың шешімі ЖОО ашу болды.
1930 жылы желтоқсанда Алматы қаласында Қазақ Мемлекеттік медицина институты ашылды. Институт штатында 10 кафедрада 5 профессор: Асфендияров С.Д.(зав.каф.общественных наук),  Авербург В.В. (зав.каф.гистологии), Захваткин В.А. (зав.каф.биологии), Исаев П.О. (зав.каф.морфологии, позднее каф.нормальной анатомии), Литвинова Н.Н. (зав.каф.химии), 4 доцент, 13 ассистент, 2 оқытушы қызмет етті.
Институтка 1 курсқа 135 білім алушы қабылданды, оның 62 қазақ ұлты.1931 жылы оқуға қабылданғандар саны 142, оның 52 қазақ, 57 орыс, қалғаны басқа ұлт өкілдері болды. 1934ж 571 білім алушы, оның 156 қазақ, 283 орыс,132 басқа ұлт өкілдері болды. 1934 жылы оқытушылар құрамы: 12 профессор, 7 доцент, 19 ассистент, 9 оқытушы болды. Оқу орны ашылған кезде тек 1 емдеу факультеті ғана болды.
30ж басында жас ғалым маман кадрлардың тапшылығы сезілді. Осы міселеге байланысты Қаз ОАК 1934 жылы 3 қаңтардағы шешімімен 25 адам аспирантураға қабылданды. Аспиранттардың барлығына 300 сом көлемінде шәкіртақы белгіленді.Бастапқы кезде зерттеу жұмыстарын жүргізуге жабдықтар және база болмады, алғашқы түлектер арасында қазақтар аз болды, ғылыми мектептер қалыптаспады.
1935 жылы институт құрылымында 28 кафедра болды, әйгілі ғалымдар жұмыс істеді. Ресейден келген ғалымдар: Баккал И.С. – хирургия кафедрасының меңгерушісі, Ермолаев В.Г. –отоларингология кафедрасының меңгерушісі, Телятников С.И.  – терапии кафедрасының меңгерушісі, Федорович А.И. – балалар ауруы кафедрасының меңгерушісі, Стеблов Е.М. – жүйке аурулары кафедрасының меңгерушісі, Вульпе И.Н. – психиатрия кафедрасының меңгерушісі, Удинцев Г.Н. – терапии кафедрасының меңгерушісі, Исаев П.О. – анатомия кафедрасының меңгерушісі, Сызганов А.Н. – топографической, оперативной хирургии и общей хирургии кафедрасының меңгерушісі, Сутин И.А. – микробиология кафедрасының меңгерушісі, Попов Н.Н. – жалпы гигиена кафедрасының меңгерушісі және басқалар.
1931-1932жж Алматыда 5 ғылыми-зерттеу медициналық институты жұмыс істеді. Медициналық институттың оқытушылары ғылыми-зерттеу институтымен белсенді жұмыстар атқарды, олар экспериментальды жұмыстар жүргізді, бірлесіп конференциялар мен экспедицияларға қатысты.
1.Өлкелік әлеуметтік денсаулық институтынының қызметкерлері қоғамдық тамақтандыру, сумен қамтамасыз ету мәселелерімен, ішек жұқпасының алдын алу іс-шараларын әзірлеумен, Риддер қаласына өндірістік дене жарақаттарын зерттеумен, Турксіб жұмысшыларының ауруларына қорытынды жасаумен айналысты.
2.1931ж Ана мен баланы қорғау институты ашылды.
3. Өлкелік венерологиялық институт.
4. Қазақ мемлекеттік туберкулез институты.
5. Өлкелік санитарлық – бактериологиялық институт.
1913ж Қазақстанда барлығы 196 дәрігер болса, 1933 жылы дәрігерлер саны 1115 жетті.

1932 жылы 2069 орта медицин қызметкері болса, 1934 жылы 4243 болды. Орта медицина қызметкерлерінің саны 1930ж ашылған медициналық техникумдар саны арқылы көбейді.
1923 жылы Орынборда алғашқы медициналық техникум ашылды. Оқу мерзімі 2 жыл дайындық курсымен бірге есептегенде 6 жылды құрады. 1929ж аталған техникумды 35 адам аяқтады. Оның 24 қазақ. Техникумды бітіргендер емші, акушерлер мен тіс дәрігерлерінің көмекшілері мамандығын алып шықты. Сонымен қатар техникумда бірнеше даярлық курстары да болды: медициналық институтқа, акушерлік курстарға, жұмысшы факультетіне даярлау. 1929 жылы техникум Орынбор қаласынан Орал қаласына ауыстырылды.
1928 ж Қызылорда қаласында медициналық техникум ашылды. Бастапқы кезеңде ол ана мен баланы қорғау бойынша мамандар даярлады, 1933 жылы дәрігер-педиатрлардың көмекшілерін даярлайтын мамандарға ауыстырылса, 1934 жылдың қаңтарынан бастап венеролог дәрігерлердің көмекшілерін де даярлай бастады.
1928 жылы Петропавловскда медициналық техникумдар ашылды. Осы жылы Қостанайда акушерлік техникумда ашылды.
1928 жылы Семей қаласында 3 айлық оқу мерзімімен акушерлік техникум ашылады. 1930 жылы осы оқу орнымен қатар Қазақ өлкелік фармтехникумы ашылады, бұл техникум 20 жыл бойы Республикадағы фармацевттер даярлайтын жалғыз оқу орны болады. 1936 жылдың қыркүйек айында акушерлік техникум фельдшерлер мен акушерлер даярлайтын фельдшерлік-акушерлік мектеп болып өзгертіледі. 1948 жылдың желтоқсан айында КСРО денсаулық сақтау Министрлігінің бұйрығымен фельдшерлік-акушерлік мектеп фармтехникумымен біріктіріледі. 1954 жылдың тамыз айында біздің оқу орны медицина училищесі болып өзгертіледі, ал 1996 жылдың шілде айынан медицина колледжі болады. 2001 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен колледжге қазақтың тұңғыш фельдшерлерінің бірі – Дүйсенбі Қалматаевтың аты беріледі.
1930 жылы Шымкентте, Ақтөбеде медициналық техникумдар ашылды.1931 жылға қарай Қазақстанда 7 орта медициналық оқу орындары болды. 1932 жылы онда 2340 білім алушы болса, оның 1182 қазақ ұлты болды.

Республиканың Денсаулық сақтау бойынша Халық комиссариаты сапалы, білімді мамандар даярлауға көңіл бөле бастады. Сондықтан оқу орындарының ғимараттарын кеңейту, клиникаларын құрылысын ұлғайту, білікті мамандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету, 1935ж 1 қыркүйегіне дейін медициналық институттың жатақханасының құрылысын аяқтау, қосалқы шаруашылықты нығайту, студенттік асхананың жұмысын жақсарту, шәкіртақы көлемін өсіру мәселелері басты назарда болды.
5.Жаңа тақырыпты бекіту. Блумның «Мен» жүйесі арқылы білім алушылар жаңа сабақты қорытындылайды.


6.Баға қою (түсініктемесімен).
7.Үй тапсырмасы. Дәрісті оқу. Семей қаласында медицина саласының дамуы жайлы мағлұмат әзірлеу.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста