Тәрбие сағатының тақырыбы: Аулақ бол жаман әдеттен

Тәрбие сағатының тақырыбы: Аулақ бол жаман әдеттен

Калмурзина Гулзат Кажымухановна

Бастауыш сынып мұғалімі
№ 52 мектеп – гимназия
Астана қаласы

Мақсаты: Балаларды үлкенге құрмет көрсетуге, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу. Әдептілік қағидаларын меңгерте отырып, зиянды әдеттерден бойларын аулақ ұстауға шақыру.Салауатты өмір салтын ұстануға дағдыландыру.

Көрнекілігі: Әдептілік туралы мақал-мәтелдер, салауатты өмір салтына байланысты суреттер.

Жүргізуші: Салеметсіздер ме құрметті қонақтар! Қадірлі ұстаздар мен білімге құштар жас достар! Бүгінгі тәрбие сағатымыз «Аулақ бол жаман әдеттен » тақырыбы аясында өткізілмек.
Адам болатын бала-барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман әдеттерден бойын аулақ салуы тиіс.Біздің сыныптастарымыз әдепті болудың қыр-сырын мына өлең шумақтары арқылы жеткізбек. Қарсы алыңыздар!
Томирис: Тәртіпті бала сүйеніш,
Төбең бір көкке жетеді.
Ұрыншақ бала жанында
Ұрыс пен керіс, айқай шу.
Ұстамды бала маңынан
Ұнамды қылық байқайсың.
Айтемир: Сыйла үлкен кісіні,
Қамқорлыққа ал кішіні.
Сақтап көше тәртібін,
Бағдаршамның ал тілін.
Әдет қыл бұл ісіңді,
Тазалап жүр тісіңді.
Дамира: Қарсы ал ерте күн көзін,
Төсегіңді жина өзің.
Асықпай іш тамақты,
Жалама аяқ-табақты.
Ринат:Пышақты ұста оң қолмен,
Шанышқыны сол қломен.
Нанды үгітпе,қадірле,
Қабығымен бәрін же.
Саусағыңды сормағын,
Салдыр салақ болмағын.
Елназ: Сыйлап сәлем беремін
Көршілерді көргенде.
Ізетпен бас иемін,
Үйге қонақ келгенде.
Әдепсіз деп сөкпесін,
Анама айтып өкпесін.

Көрініс: « Үш пәледен аулақ »
(Екі бала ойнап жүр)
Еркебұлан: - Азамат, екеуміз дос емеспіз бе?
Азамат: -Ия, доспыз. Неге сұрадың?
Еркебұлан: -Сен ешкімге айтпа, менде керемет бір нәрсе бар.Мінекей,қарашы...(қалтасынан темекіні көрсетеді)
Азамат: - Оны қайдан алғансың?..
Еркебұлан: -Әкемнен алдым (риза болып)
Азамат: -Әкеңнен қалай алдың?Темекі деген жаман нәрсе, дереу таста.
Еркебұлан: -Қалайша? Соншалықты жасан болса әкем неге тартады?
Азамат: -Ой, достым, сенің әкең жас күнінде темекіге әуестенген,сол қателігін қазір жөндей алмай жүр.
Еркебұлан:-Достым, дегенмен осыны тартып көрсек қайтеді?
Азамат: - Жоқ,достым! Мұндай жаман әдеттерден бойымызды аулақ салғанымыз абзал.Одан да ойынымызды жалғастырайық.
(Осы кезде бөлмеге арақ, темекі, есірткі кіреді)

Балалар: Ассалаумағалейкум! Сіздер кімсіздер?
Арақ:
Мен арақпын,арақпын,
Жер жүзіне тараппын.Жұрттың құмар асы боп,
Керегіне жараппын.
Темекі:
Мен темекі шылыммын,
Аузына елдің іліндім.
Қанша мені тартса да,
Демеді ешкім бүліндім.
Есірткі:
Мен есірткі нашамын,
Уытымды шашамын.
Атым шулап тұрғанда,
Алшаңдап яқ басамын.
Азамат:
- О, жаратқан, жаратқан,
Жұрттың аузын қаратқан.
Ағайынды үшеуін,
Қандай пәле таратқан.
- О, адамдар, санаң бар,
Үш пәлеге қараңдар.
Үшеуі де ауыр дерт,
Бүкіл әлем алаңдар!

(Екі бала бірігіп)
«Арақ», «Темекі», «Есірткі»
Үшеуі де ауыр дерт.
Бүкіл елді бүлдірмей,
Арамыздан аулақ кет!
Жүргізуші: «Денсаулық» сөзінің әрбір әрпін салауатты өмір салтын ашатын,сипаттайтын сөздермен, сөз тіркестерімен,сөйлемдермен өрнектейік.
Д-демалу
Е-еңбектену
Н-нашақорлыққа жоламау
С-салауатты өмір
А-алғырлық
У-уайымсыз өмір
Л-лайықты өмір
Ы-ынта
Қ-қозғалыс

Барлық әріптер бірге:
Есірткі жойылсын!
Ішімдік құрысын!
Дені сау ұрпақтың
Ұрпағы көбейсін!

Жүргізуші: Балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті.Бұл тәрбие сағатынан сендер зиянды әдеттер жайлы біраз мағлұмат алдыңдар деп ойлаймын. Біз қазір оқушы болғандықтан, ата-ана, ұстадар қауымы да біздің болашағымызға алаңдайды. Мемлекетіміз оқушылардың тегін білім алуына және денсаулығына көңіл бөліп отыр. Кейбір балалар туа бітті мүгедек болып жатады. Соған қарамастан қоғамға кішкене болса да пайдасын тигізу үшін әрекеттеніп, тырмысып жатады. Ал, біздің деніміз сау, дене мүшелеріміз бүтін. Осы денсаулығымызды зиянды әдеттермен улап, өз болашағымызға балта шаппайық.Зиянды әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын жанымызға серік етейік!

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста