Су – тіршілік көзі. Судың адам ағзасындағы, ас қорыту жүйесіндегі маңызы.

Су – тіршілік көзі. Судың адам ағзасындағы, ас қорыту жүйесіндегі маңызы.

Бауржанова Ардақ. Рыков атындағы орта мектептің химия пәні мұғалімі

Оқушылардың биология және химия пәндері бойынша алған білімдерін жинақтап, қорытындылау мақсатында 8-сынып оқушыларымен кіріктірілген сабақ өткіздік. Сабақтың мақсаты: су, ерітінділер, негіздер, ас қорыту жүйесі тақырыптарын қалай меңгергендерін тексеріп, бекіту. Сабақ барысын пәнаралық байланысқа да ерекше назар аударылды.
Тақырыбы: Су – тіршілік көзі. Судың адам ағзасындағы, ас қорыту жүйесіндегі маңызы.
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың су, ерітінді, ас қорыту жүйесі бойынша алған білімдерін тексеру, қорытындылау, бекіту.
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау, салыстыру, қорытынды жасау, ұжымдасып жқмыс істеу, басқаларды тыңдау, өз көзқарастарын дәлелдеп қорғай білу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, топтық сезімге, үнемділікке, адамгершілікке, сыйластыққа, мәдениетті сөйлеуге тәрбиелеу, баулу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес, кіріктірілген,саяхат сабақ..
Сабақтың типі: Қайталау, қорытындылау сабағы.
Әдіс – тәсілдер: Тест, сауалнама, кестелермен жұмыс, есептер шығару.
Көрнекілігі: Кестелер, оқулықтар, тестер, периодтық жүйе, химиялық ыдыстар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу. Оқушыларды тексеру, сабақтың мақсатын айту. Психологиялық ахуал туғызу, сәттілік тілеу.
ІІ. Негізгі бөлім: ( Саяхат сабақ болғандықтан, кезеңдерді аялдама деп алдық. Сынып оқушылары алдын-ала екі топқа бөлінді.)
І. Аялдама. Бой сергіту. Қызығушылықты ояту мақсатында екі топқа 20 сұрақтан сұрақтар қойылады. Оның 10 биологиядан, 10 химиядан. Жауап бере алмаған оқушыға өз тобыдан көмек көрсетіледі.
І топқа:
1. Судың адам ағзасындағы мөлшері қандай?
2. Судың химиялық формуласы?
3. Асқазан сыйымдылығы?
4. Ерітінді дегеніміз?
5. Тәулігіне адамға қажет су мөлшері?
6. Судың салыстырмалы молекулалық массасы нешеге тең?
7. Жұтқыншақ ұзындығы?
8. Синтез дегеніміз не?
9. Ең ірі без бауырдың массасы?
10. Анализ дегеніміз не?
ІІ топқа:
1. Көмірсулардың тәуліктік мөлшері?
2. Құрамында екі атом сутек, бір атом оттек бар қосылыстың формуласы?
3. Тоқ ішік ұзындығы?
4. Газдардың ерігіштігі теипература мен қысымда қалай өзгереді?
5. Бауыр сөлі?
6. Ерітінділердің жіктелуі?
7. Дәрумендер жетіспегенде пайда болатын ауру?
8. Ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесін қалай табамыз?
9. Бейтараптану реакциясы дегеніміз?
10. Бір тәулікте адамға қажет су мөлшері?
ІІ. Аялдама. Элементтер. Бұл аялдамада І топ химиядан тест шешсе, екінші топ биологиядан тест шешеді. І топ тест шешіп жатқанда, екіншісі ауызша сұраққа жауап бере береді. Оны жеребе бойынша таңдайды. Сұрақтар периодтың жүйеге жасырынды. Сұрақтар таңдалғанда атомдық массаларына қарай қызыл (5), көк (4), сары (3) деп бөлінді.
Мысалы:
химиядан «3»
Na – табиғаттағы суды не ластайды, ластанған су түрлері.
N – Индикатор дегеніміз не?
«4»
Са – Дистильденген суды қалай алады, ол не үшін қолданылады?
Р - Ерітіндіні сипатта.
О – Қатты заттардың ерігіштігінің температураға тәуелділігі.
СІ – Судың физикалық қасиеті, қолданылуы.
«5»
Аu – Еріген заттардың массалық үлесі.
Aq – Негіздер, жіктелуі, құрамы.
Pt – Негіздердің химиялық қасиеті.
J – Судың химиялық қасиеті, қолданылуы.
Биологиядан «3»
Na – Адамға тістің қандай типі тән?
N – Қоректік заттар дегеніміз не?
«4»
Са – Ас қорыту жүйесінің құрылысы қандай?
Р – Нәруыздар, көмірсулардың, майлардың маңызы.
О – Астың қорытылуына дастарқан жасау және көтеріңкі көңіл қалай әсер етеді?
СІ – Неге тамақ ішіп отырғанда күлуге болмайды?
«5»
Аu – Ас қорыту жүйесінің әрбір бөлігінің қызметі қандай?
Aq – Неге біз тамақ ішкенде тағамды оңай жұтамыз, ал тамақсыз 3-4 рет жұтынғаннан кейін жұтыну қиындайды?
Pt – Неге ас қорыту процесін ауру тістер бұзады?
J - Неге тамақтың құрамына өсімдік текті және жануар текті өнімдер кіру керек?

 Химия-тест                                                                 Биология-тест

Биология-сұрақ                                                          Химия-сұрақ

ІІІ. Аялдама. Ойлан, тап. Оқушылар тек химия пәнінен есептер шығарады. Деңгей бойынша өздері таңдап алады. 

IV. Аялдама. Артығын тап. Оқушылар тақтада жазылып тұрған сөздерге кезек-кезек шығып артығын табады. Тек биологияға байланысты сұрақтар.
І топқа:
1. Жұтқыншақ, өңеш, бауыр, асқазан, ішек.
2. Қоректік заттар: ірімшік, нәруыз, май, көмірсулар, минералды тұздар.
3. Адамның тісі: күрек, ит, азу, жыртқыш тістерден тұрады.
4. Жануар текті өнімдерге: май, жұмфртқа, сүзбе, қант, ет жатады.
5. Ауыз қуысында ас ұнтақталады, сілекеймен шыланады және толық қорытылады.
6. Ауыз қуысы: тіл, тіс, бүйрек, таңдай.
7. Судың құрамы: сутек, оттек, азот.
8. Дәрумендер: А, С, В, И, Д.
9. Тіс: эмаль, дентин, тас.
10. Асқорыту бездері: бауыр, гипофиз, ұйқыбез.
ІІ топқа:
1. Асқазан, аш ішек, бүйрек, тік ішек.
2. Әрбір тісте: қаптамасы, мойны, дентин және түбірі болады.
3. Қоректік заттардың қызметі: құрылыстық, қозғалыс, энергетикалық.
4. Ауатамыр, қылтамыр, салатамыр.
5. Өсімдік текті өнімдерге: нан, сүт, жеміс-жидек.
6. Сілекей бездері: үш жұп, сұйық, өңеш.
7. Тістер: кариес, пародонтоз, тісжегі.
8. Рефлекстер: шартты, шартсыз, тұрақсыз.
9. Тәбет, тамақтану, ұйықтау.
10. Улану белгілері: іштің ауруы, құсу, іш өту, жөтелу, бастың айналуы.
Оқушыларды сергіту үшін әртүрлі жұмбақтар, логикалық сұрақтар қойылды.
1.Ол болмаса асыңның дәмі кірмес,
Кім ортада оны білмес? (Ас тұзы)
2. Шыдасаң да алты күн ассыз мүлде
Шыдау қиын бұл затсыз екі күнге? (Су)
3. Алғашқы буыным тасқын су, екіншісі мал құлағындағы белгі. Екеуі бірігіп химиялық элемент құрады. (сел + ен)
4. Антониміне «көп» сөзінің тілсіз жауды тіркесең, көз алдыңда өзгеремін, қажетті тыңайтқышқа айналып. (аз + от )
5. Бірінші буыным сұрау есімдігі, екіншісі сан есім. Қос буынды біріктірсең, газға айналып шыға келем. (не + он )
V. Аялдама. Қонақтар. Химиядан оқушы – инженер суды тазарту әдіс – тәсілдері туралы айтып береді. Биологиядан оқушы – дәрігер судың биологиялық маңызы жайында мағұлмат береді.
VI. Дебат аялдамасы. Екі топ жеребе бойынша тақырыптарын таңдап алады.
Дайындалу уақыты: 2 минут.
І. Су – экологиялық проблемаға жатады.
ІІ. Су – экологиялық проблемаға жатпайды.
VII. Үй тапсырмасын беру. Биологиядан: § 44-49 қайталау, химиядан § 36-43 қайталау. Бақылау жұмысына дайындалу.
VIII. «Сиқырлы гүлдер» аялдамасы. Бұл аялдамада тәжірибе жасалынады. Ақ қағаздан (А4 формат) әр түрлі гүлдер жасалынады. Жасалынған гүлдерге фенолфталеин ерітіндісін шашып, сіңіреді де, кептіреді. Бірақ оқушыларға айтылмайды. Пульверизаторға кальций гидроксидінің ерітіндісі алдын-ала дайындалады. Оқушыларға тәжірибені көрсеткенде осы кальций гидроксидінің ерітіндісін «сүт» деп айту керек. Оқушы тәжірибені жасағанда гүлдеріміз таңқурай түске боялады. Оқушылар осы гүлдер неге боялғанын айту керек.
ІX. Мұғалімдердің қорытынды сөздері.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста