Қош келдің , наурыз!

Қош келдің , наурыз!

Алматы облысы, Ақсу ауданы.
« Ж. Сыдықов атындағы орта мектебі,
мектепке дейінгі шағын орталығымен»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
бастауыш сынып мұғалімі
Жазылбекова Бақытгүл Несіпбекқызы

Тәрбие сабағының мақсаты:
Оқушыларға Наурыз мейрамы туралы түсінік беру; халқына , өз еліне деген мақтаныш сезімін ояту, оның әдет-ғұрып, салт-дәстүрін, тарихын, мәдениетін қастерлеуге тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының көнекілігі: нақыл сөздер, суреттер, ұлттық тағамдар, ұлттық бұйымдар, интерактивті тақтада слайдтар,шарлар,гүлдер;
Мұғалімнің құттықтау сөзі
Құрметті оқушылар , ата-аналар , мұғалімдер сіздерді Наурыз мерекесімен құттықтаймыз .Сіздерге денсаулық шығармашылық табыс,жан ұяларыңызға амандық тілейміз.
Қош келдің , наурыз! тақырыбына арналған ашық тәрбие сағатын қабыл алыңыздар
1.Оқушы
Әр халықтың өзінше жаңа жылы, жыл басы болады. Ол халықтың орналасқан жеріне байланысты. Біздің елімізде әдеттегідей Жаңа жылды 22-ші наурызда қарсы алған.
Наурыз – шығыс елдерінің өзіндік тарихы бар ежелгі мейрамы. Наурыз қазақ тіліне тікелей аударғанда «Жаңа күн» деген мағынаны білдіреді. Жаңа жылды қарсы алу – күн мен түннің теңелу күніне сәйкес келеді. Наурыз – табиғаттың жаңғаруының, малдың төлдеп, ақтың молаюының белгісі. Қазақ халқы бұл күнді жаңа, таза киімдерін киіп, салт-дәстүр бойынша тазару,жаңару күні деп қарсы алған.
2. Оқушы
Наурыз – көктем мен еңбектің, достық пен бірліктің мейрамы болумен бірге, халқымыздың салт-дәстүрлерін құрметтеп,ұлттық қасиеттерімізді бойына сіңіріп, жан-жақты дамыған өнегелі,өнерлі азамат тәрбелейтін ұлттық мейрамымыз. Наурыздың мағынасы – наурыз парсыша «нау» (жаңа) және «руз» (күн) Жаңа жылдың бірінші күні деген мағынаға ие. Ол күнтізбелік жылдың үшінші айы (31 тәулік), көктемнің басы. Қазақтар бұл мейрамды Әз-Наурыз мейрамы деп те атайды. Халықтың ежелгі наным-сенімінде наурыздың алғашқы үш күнінде жер-көкті жарып ерекше дыбыс естіледі. Мұны тек қана жұмақтан шыққан қой, сол арқылы оны бағып жүрген қойшы ғана естиді. Бұл күні бүкіл табиғатқа, тіршілік иесіне, өсімдік, жан жануарға ерекше сезім, қуат, қасиет нұры құйылады.
3.Оқушы :
«Ұлыстың ұлы күні» жайында аңыз
Біркүні Нұхпайғамбардың кемесі Қазығұрттауына келген сәтте жердің бетін жайлаған топан су кері қайтады. Сол сәт жербетіне табаны тиген барлық тіршілік иелері көк аспаннан түскен қасиетті қазаннан бірге дәм татады. Содан бұл күнді «Ұлыстың ұлы күні» деп жариялайды. Наурызды тойлау тарихы Ұлы Абай өзінің «Бір аз сөзі қазақтың қайдан шыққаны туралы» жазбасында Наурыз тарихын көшпелі халықтардың «хибиғи», «хұзағи» деп аталатын көне заманына ұштастырады. Парсының «нау» сөзі әр түрлі өзгерістерге ұшырағанымен, сол мағынада көп халықтың тілінде сақталып қалған. Ол орысшанов (ай), немісше нойе, латынша нео. Осылайша «нау» сөзі үнді-еуропалық халықтар дараланудан да бұрын пайдаланылған.
Жүргізуші: Уа жараңдар, жараңдар!
Бәрің бері қараңдар
Наурыз думан басталды .
Бір сәт зейін салайық
Ұштасқан оймен мәңгілік
Біздерде бар сан ғұрып
Ғасырлардан ғасырға
Келе жатқан жаңғырып
Бермен жақын тұрыңдар
Сөзіме көңіл бұрыңдар
Жауқапзындай наурыздың
Жарапазан жыры бар.
Наурыз мерекесіне арналған жарапазан жыры домбырамен бір оқушы көпшілікті аоралап жүріп айтады.
Жүргізуші: Құрметті балалар !Енді сендер наурыз тойының басталу дәстүрлерімен танысасыңдар.
Музыка ойнайды. Кимешек киген әжелер келіп дастарқан жайып жеті шелпек салып ,ыдысқа ақ құяды.
Жүргізуші: Көріңдер көңіл бөліңдер
Ақ әжелер ыдысқа
Ақ құяды көріңдер
Наурыз саған жол болсын
Тілегім анық сол болсын
Деген ырым білгенге
Халықта ақ мол болсын!
Енді 2 шалмен 5 бала келеді, (бәрі қазақша әдемі болып киініп алған қолдарында күрек , көшкт, су бар.)Аналар сәлем жасайды,Қарттар көп жаса ,өркендерің өссіндейді.Бұлақтың көзін ашып ,наурызда тал егеді,
Жүргізуші:
Бұлақ көрсең көзін аш,
Тұнығып кір шалмасын.
Аға берсі балбырап,
Тұрып қалмасын.
Атаңнан мал қалғанша
Бір тал қалсын көгеріп.
Көктей өс деп жалғанда
Халық айтқан төрелік
Бір тал кессең, он тал ек
Ұрпағы өссін талдай боп
Орнға соңы ұласар
Өткен өмір балдай боп.
1-оқушы :
Кәрі қыстың зәрі сынып
Басылғанда дауылы сәл
Отырғызған нәлі шыбық
Сенің атың наурыз тал
Өзгеруге өте бейім
Ақ жұмыртқа сары уыз хал
Бесіктегі , бөпедейін
Мәпелейін наурыз тал
Тамыр тартып әуелей бер
Мәуелей бер , наурыз тал.
Әжелер келіп наурыз талға ақ бүркеді.
Бұлақ көзіне май құяды.
Жүргізуші: Ақ бүріккен қазақ талдарға
Молшылық сырын ұқсын деп
Май құйған бұлақ көзіне
Майдай болып жұқсын деп.
Музыка ойнайды.
Жүргізуші: Тұнжырап қалған шақтарда
Қарашы атқан ақ таңға
Наурыз таңы келеді
Тұрасың қалай шаттанбай
Шуағын төгіп көктемде
Күлімдеп қарап өткенде
Гүлдерін қадап кетіпті.
Қос іліп жатқан көк белге,
Үлкен әже күнмен амандасады.Барлығы күнге қарап тағзым етіп,сәлем жасайды
Жүргізуші: Құрт- құмырсқа қыбырлап
Сылдырлап сулар сыбырлап
Тіршілік біткен тербелді
Жиғанын шашып сығымдап
Кеткендер ғана алаңсыз.
Еске алмай қалай қаларсыз
Бір аунап түсіп орнынан
Жатады дейді алаңсыз
Жүректі езбей жаныштап
Сананы оймен сан ұштап
Өлілер риза болады дейді
Оқысақ құран бағыштап.
Екі қария имамды алып келіп отырғызады.
Имам құран оқиды.
Әжелер жеті наннан
Ауыз тигендері қабыл болсын дейді.
Жүргізуші: Жарасады міне, енді
Нағыз тойдан қашпасақ.
Таласады кім енді
Өлең жырдан бастасақ
Қайғы мұңды дәл бүгін
Сырып кейін тастасақ
Кел ортаға би биле
Тартынбашы, жас қазақ
Уа, халайық той басталды.
Тойбастар жыры айтылсын..
Домбырамен «тойбастар»айтылады .Әжелер тойға шашу шашады, тойбастар таратылады.
Жүргізуші: Қыдыр ата келді деп
Жамағатқа жар салып
Жолын ашып дедектеп
Балалар жүр қарсы алып
Көңілді жүрген мазалап
Күнәлі қалған жазалап
Аластап қуып көрелік
Шырақ жағып тазалап
7 бала кесеге 7 шырақ жағып көпшңлңкті аралап отпен аластайды
Наурыз үйінің алдына шығып 2-ге бөлініп шырағын жоғары көтеріп бір тізерлеп отырып қазақша көкірегіне қолын қойып сәлем етіп қарсы алады Іштен Қыдыр ата шығады, көпшілік қол соғып , жаңа жыл келді деп қуанады. Қыдыр ата көпшілікке амандасады.
Тойларымен құтықтайды.Шырақшылармен біргетөрге шығып отырады. Аналар сәлем жасайды.
Қыдыр ата айтады:
Уа ағайын, ағайын,
Жырламай қалай қалайын
Осындай күнді үмітпен
Зарыға күттің талайың,
Шаттанып бүгін Жаңа жыл
Халқына шашып жаңа нұр
Келді Қыдыр атамыз
Жүректен төгіп жаңа жыр.
Сағынған тілек шәк келді
Қалтасы биыл тоқ келді.
Орысқа келсе аяз боп
Қыдыр боп келді қазаққа.
Әрбір үйге бақ қонып
Қыдыр боп келіп дарысын
Жеті періште жанында
Келе жатқан сәнменен
Қызырлы Қыдыр атамен
Келді Жаңа жылымыз
Қарсы алайық , кәнекей,
Жақсы ән мен жырменен.
Қыдыр ата бата береді.

Концерттік бағдарлама ұсыну

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста