Қазақ тілі сабақтарында ойын технологиясын қолдану арқылы баланы субьект ретінде қалыптастыру

Қазақ тілі сабақтарында ойын технологиясын қолдану арқылы баланы субьект ретінде қалыптастыру

Мырзабиева Динара
Өскемен қаласы
«№15 орта мектеп» КММ
қазақ тілі пәні мұғалімі


«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық
технологиямен байланысты әлемдік стандартқа
сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет»
Н.Ә.Назарбаев
Қазіргі талап - әрбір оқушыға сапалы да терең білім беру. Сондықтан да мектептегі оқу процесінің барысы әртүрлі педагогикалық әдіс-тәсілдермен жүйелі түрде оқушылардың шығармашылық ойлауын дамытып, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін қалыптастыру. Бастауыш сынып оқушыларына білім беру субъектісі ретінде, оқушыларды ойын технологиялары арқылы дамыту, білім беру, тәрбиелеу. Тұлға педагогикалық субъект ретінде меңгерілетін, қалыптасатын, білім мазмұнына ендірілетін, қызметтік формаға ие болатын адам тәжірибесі. Білім беру саласында оқушылардың әр пәнді игеруге деген құлшынысын арттыру үшін жаңа педагогикалық технологияны тиімді пайдалану қажет, себебі жаңа технологияларды қолдану мұғалімдер мен оқушылардың мүмкіндіктерін кеңейтіп, пәнге деген қызығушылығын арттырады.

Бастауыш сынып оқушыларынының өзін- өзі дамыту құзырлығы бүгінгі күні білім беру саласындағы өзекті мәселе. Оқушыларды заман талабына сай коммуникативті қасиеттері мен эстетикалық талғамы – сезімі жоғары,ұшқыр ойлы, белсенді, креативті,кез келген ортаға бейімделетін,өзін -өзі ұстай алатын тұлға қалыптастыруда, құзырлы білімдерін дамытуда ойын технологиясының маңызды функцияларының атқаратын орны ерекше. Заман талабына сай әр мұғалім өз сабағын жаңаша ұйымдастырып, шығармашылық ізденіспен өткізеді.. Ойын дегенміз-жас ерекшелікке қарамайтын, адамның көңіл-күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс. Ойын-төзімділікті, алғырттықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігінің, көп білуді, сондай-ақ, басқа да толып жатқан сапалылық қасиеттерді қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық, тиімді әдістерінің бipi. В.А.Сухомолинскийдің сөзімен айтар болсақ, «Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дегеніміз-ұшқын, білімге құмарлық пен іліктеудің маздап жанар оты.»
¥лы педагог А.С. Макаренко ойынға үлкен мән бере отырып, өзі басқарған мекемелерінде ойынды тәрбиеленушілер өміріне міндетті түрде енгізіп отырады. Ойын баланың өмipiн қызыққа, қуанышқа бөлеуін камтамасыз eту үшін ол балалардың ойынға деген сүйіспеншілігі мен қызығушылығын тәрбиелейді- деп қарастырады.
Тақырыптың өзектілігі: Оқушылардың субъект ретінде дамуы және қалыптасуы үшін оның зерттеу – ізденушілік жұмыстарға үйренуі танымдық іс - әрекетінде маңызды орын алады. Адам өмірі үшін зерттеу – ізденушілік дағдылар тек ғалымдарға ғана емес, адамға кез – келген сферада жұмыс жасағанда керек. Жеке тұлға бойындағы негізгі дағды ретінде ізденушілік қасиеттің қалыптасуы қазіргі заман адамының стилі болуы қажет.
Зерттеу нысаны: № 15 мектептің бастауыш сыныптарындағы оқу үрдісі.
Зерттеу пәні: Оқушылардың субъект ретінде дамуы. Ойын технологиялары арқылы – коммуникативтік технология - зерттеу – ізденушілік жұмыстарды ұйымдастырудағы тиімділігі.
Мақсаты: Ойын технологиясы арқылы бастауыш сыныптарындағы балалардың сөйлеу тілін дамыту, сөйлеу дағдысын қалыптастыру.

Зерттеу міндеттері:

1. Ғылыми – педагогикалық әдебиеттерден ойын технологияларын ұтымды қолдану нәтижесінде – коммуникативтік технология, зерттеу – ізденушілік жұмыстарын тиімді ұйымдастыру туралы мәліметтер жинақтау, озық тәжірибелермен танысу, іс – тәжірибеде қолдану.
2. Зертеу – ізденушілік жұмыстарды ойын технологиялары, ақпараттық – коммуникативтік технология арқылы ұйымдастырудың оқушының субъект ретінде қалыптасуына тигізетін әсерін анықтау.
3. Ойын арқылы баланны тапқырлыққа, шыдамдылыққа, тез ойлап өз ойын ашық айта алуға тәрбиелеуге және ойын элементтерін сабақтың кез – келген сәтінде оқыту әдісінің құралы ретінде пайдалана алу. Бала тек ойын ойнап қана қоймай, осы ойын арқылы білім алып, жан-жақты тұлға ретінде дамуына ықпал жасау.
Ойын – оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория. Ойын элементтерін қолдану 1-4 сыныптарда өте тиімді деп ойлаймын,себебі тез жазу, оқу, мазмұндау дағдылары қалыптаспаған оқушыларды бірыңғай жаттығу жұмысы жалықтырады, ал ойын технологиясы керісінше пәнді сүюге, қызығуға ықпал жасайды. Ой белсенділігін арттырудағы маңызы зор.
Оқытуда ойын элементерін қолдануда мына талаптар орындалу қажет.
1. Оқушылардың қажетті сөздік минимумы болуы тиіс.
2. Белгілі бір мақсатқа құрылуы керек.
Ойындар тақырыпқа сай болуы керек.
Ойын ережелері оқушылардың түсінуне оңай, қарапайым әрі қысқа болуы шарт. Ойын түрін пайдалану арқылы жаңа материалды жеңіл де тиянақты, нақты түсіндіруге, меңгеруге жағдай жасалып, ол оқушының санасында берік сақталатын болады ойын түрін қолдану оқушыларға ерекше әсер етеді, оны дұрыс жоспарлау ұтымды. Сынып оқушылары түгел қатысады.
Тапсырманың мақсаты : “Әрбір бала – болашақ данышпан” деген қағиданы ұстана отырып, балаларды қиялдай білуге және ойын ашық та мазмұнды жеткізуге машықтандыру. Балалардың жылдам ойлап, шешімін таба білуі, іс-әрекет нәтижесін тілмен жеткізе білуі .Шығармашылық бағыты: Белгілі тақырып бойынша сөйлеу мәдениеті мен қиыннан қиыстыруға үйрету, сиқырлы объектілер әдісі-образға еніп сөйлеу, тақырыптық диалогтар құрастыру. Бір-бірімен ақылдасу, сөйлеу мәдениетінің, сыныпта белсенділік пен ұйымшылдық пайда болуы.Күтілетін нәтижесі : Жаңалықты, ұйымшылдықты сезіну, танымдық белсенділігінің артуы, құрастыру шеберлігінің жақсаруы, сөздік қорының артуы, өз ойын тұжырымдап қорытынды шығаруы, шығармашылық жұмысты асыға күтуі.
Қазақ тілін оқытуда ойын түрлерін мынадай мақсаттарда қолдану тиімді:
1. Әліпбиді дұрыс меңгерту;
2. Оқу дағдысын қалыптастыру;
3. Орфографияны дұрыс игеру;
4.Лексиканы меңгерту;
5.Грамматикалық құрылымды меңгерту;
6.Оқушының ойын дамыту, дұрыс жазу, дұрыс айту, дұрыс оқи білу дағдыларын қалыптастыру.
Оқушының ойынға белсенді қатысуына қарай еңбегі бағаланады.
Сабақ тартымды болуы үшін әртүрлі ойындарды дұрыс қолдана білген жөн. Сонда ғана ойын қызықты да нәтижелі болады.Ол үшін ойын түрлерін дұрыс таңдап алу керек. Бұл оқушыларды жалықтырып, шаршатып алмау мақсатында қолданылады. Бастауыш сынып оқушыларының білуге деген ынтасы мен мүмкіндіктерін толық пайдалану және оларды оқу процесінде үздіксіз дамытып отыру үшін ойын элементтерін пайдаланудың орны ерекше. Тіл сабақтарында грамматикалық ойын элементтері жаңа тақырыпты түсіндіру, өткенді қайталау кезінде екі-бес минут көлемінде жүргізіледі. Тиімді пайдаланылған ойын элементтері –мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың аса зор ілтипатпен тыңдап, сапалы меңгеруіне сенімді көмекші бола алады. Балалар тез сергіп, тапсырманы жылдам, қатесіз орындай алады. Ойын оқушылардың грамматиканы меңгеруіне, жазу тілін дамытуына мүмкіндік береді. Ойланғыштық, ізденімпаздық қабілеттерін арттырады, сөздік қорларын молайтуына көмектеседі. Сонымен қатар түсінбегенін түсінуіне әсер етеді. Ойынның көптеген түрлері бар.
1.Ой-өрісін дамыту ойындары(грамматикалық, дидактикалық материалдағы ойындар)
2.Қимылды әрекет ойындары

Қимылды әрекет ойындарын сыныптан тыс іс-шараларда, ал ой-өрісін дамыту ойындарын көбіне сабақтарда пайдаланған жөн.
Ойын оқушылардың грамматиканы меңгеруіне, жазу тілін дамытуына мүмкіндік береді. Ойланғыштық, ізденімпаздық қабілеттерін арттырады, сөздік қорларын молайтуына көмектеседі. Сонымен қатар түсінбегенін түсінуіне әсер етеді. Ойын –балалар үшін күрделі әрекет. Ойын барысында өздерін еркін сезінеді, ойын түрін әр баланың өзіндік ерекшеліктеріне байланысты ұйымдастыруды ұмытпаған дұрыс. Кейбір балалар ойын үстінде қуанып, өзін еркін сезініп ойнайды, шаттанып, ерекше түсініп, тапқырлық көрсете білсе, ал біреулері өзіне -өзі сенімсіз, ынтасыз ойнайды. Ондай жағдайда мұғалім сол балаларды жетекшілікке ала отырып, көмектесе білуі керек. Әр ойын баланы сабақта шаттандыратындай, ойын оятатындай, іскерлігін дамытатындай болуы тиіс. Бастауыш мектепте пәндерді оқытуды жетілдірудің жаңа технологиясын іздестіру жолында жаңашыл педагогтар, мұғалімдер еңбек етуде. Олар оқу белсенділіг арттыру жолдарының бірі ойын элементтерін тиімді пайдалану екендігін байқатады. Ойын түрлерін жіктеп алып пайдалану оқушыларға бір ізді, жүйелі түрде жұмыс жүргіуде маңызы зор. Тақырыптан ауытқымай, біркелкі жұмыс жүргізуде басшылық жасауға негіз болады. Тағы бір айта кететін мәселе –осы бағыттағы тәрбиені оқушыларға беруде оның әдістемелік амалдарында да белгілеудің маңызы зор. Яғни, осы ойын түрлерін қандай жолмен , қалай үйрету мәселелері шешіліп отырылуы қажет. Келесі ойынның түрі – ұлттық ойындар. Ұлт ойындары отбасы тәрбиесінен бастап, мектептегі жеке пәндерді оқыту барысында, қосымша материал үшін баланың сол пәнге қызығушылығын арттыру үшін пайдалануға болады. Сабақ үрдістерінде ұлттық ойындарды ойнату - баланың тілін ширатады, ойын дамытады, зейінділікке, ұстамдылыққа, ойлылыққа, зерделілікке, мергендікке баулиды. «Сиқырлы қоржын», «тақия тастамақ», «асық ойыны», «сақина», «ақ серек, көк серек», «бәйге», ойындар балалардың ширақтық, қозғалғыштық, жинақылық сияқты жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастырып, және физиологиялық дамуын жетілдіре түседі деп ойлаймын. Мектепалды даярлық сыныпта қарапайым ғана ойын түрлерін ойнатсақ, сынып жоғарлаған сайын, ойынның мазмұны да баланың жас ерекшелігіне сай пайдаланған дұрыс.
Жылдың басындағы және екінші, үшінші тоқсандағы сауат ашу сабағы бойынша оқушылардың білім сапасының өскенін көруге болады. Сапасының жоғарлағанын байқатты. Яғни, ойын технологиясын сабақтарда пайдалану тиімді деп айтуға болады. Қорыта келгенде, егер ойын балаға қуаныш әкелетін болса, онда бала кез-келген белсенділікке дайын болады. Еліміздің болашағы балаларда болғандықтан, оларға жаңаша білім беру керектігін мақсат қоя отырып, «Ойын арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту» проблемасы бойынша жоспарланған жұмыстарымды толығымен орындау үшін өз тәжірибемді жетілдіру барысында көптеген жұмыстар күтіп тұр деп ойлаймын.
«Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып,оның шығармашылық қабілетін дамытады, ойынсыз ақыл- ойдың қалыптасуы мүмкін емес».
В. А. Сухомлинский

ӘДЕБИЕТТЕР:

1. Аймағанбетова Б.Р.,Бейсенбаева А.А. Жеке адамның дамуы. Алматы
1991ж.
2. Мусаева С.А., Бегалиев Т.Б. Жас ерекшеліктер педагогикасы.
ҚР Білім және ғылым министрлігі. «Фолиант» баспасы Астана – 2006
3. Нағымжанова Қ.М., Нұрғазиева Н.М. Бастауыш білім берудегі жаңа
технологиялар. Өскемен, «Медиа-Альянс», 2005
4. «Қазақстан – 2030» жолдауында, «Білім туралы заң», «Болашақтардың
Форумында» 2008 ж. Н.Ә.Назарбаев.

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста