Отбасылық дәстүрлер

Сабақтың лексикалық тақырыбы: Отбасылық дәстүрлер

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту сабағы

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Тыңдаушыларға отбасылық дәстүрлер және қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы ақпарат беру. Ақпаратты қабылдап, жүйелі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

2. Дамытушылық: Теориялық білімді тәжірибеде дұрыс қолдануға, тілдік жағдаятқа сай сөйлеу дағдыларын дамыту.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, түсіндіру, оқылым, жазылым

Сабақтың көрнекілігі: бейнеролик, аудиотаспа, грамматикалық кесте, таратпа материалдар (мәтін)

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

II. Үй тапсырмасын тексеру.

Мұғалім: Бала тәрбиесі тек мектеп қабырғасында ғана берілмейтіні анық. Ананың бесік жырынан бастап, адамның жер қойнына берілгенге дейінгі өзі көріп - білген салт - дәстүрлер, әдет - ғұрыптар барлығы да адамның дүниетанымын қалыптастыратын өмір сабақтары. Салт - дәстүр, әдет - ғұрып атадан балаға қалып отыратын мол мұра. Әр ұлттың өзіне тән салт - дәстүрі бар. Сол сияқты әр отбасының да салт - дүстүрлері бар.

Мәтін тыңдау. Мазмұндау.

Атақты «Абай» эпопеясында халқымыздың осыған орайлас қадірлі дәстүрін танытатын мынадай бір тағылымды эпизод бар, «Семей қаласында үш жыл оқып, жайлаудағы әке үйіне күн кешкіре жеткен, 13 жасар шәкірт бала - Абай аттан түскен бетте, амандасу үшін, шешеге қарай жүреді. Сонда ақылды да байсалды ана Ұлжан: «Әй балам, анда әкеңдер тұр, әкеңе барып, сәлем бер!»- дейді. Бір сәтке балалық сезім жеңіп, қателік жеберіп алғанын түсінген жас Абай кілт бұрылып, ортасында әкесі Құнанбай бар шеткірек тұрған оқшау топқа қарай адымдай жөнеледі.

III. Жаңа сабақ.

Қызығушылықты ояту кезеңі.

Ой шақыру.

Лексикалық минимум

Тыңдалым.

«Қазақ елінің салт –дәстүрлері» бейнеролик ұсынылады.

· Бейнеролик не туралы?

· Бейнероликте қазақ халқының қандай салт-дәстүрлері туралы айтылған?

· Өздеріңіз қандай салт-дәстүрлер туралы айта аласыздар?

· Көрсетілген салт-дәстүрлер отбасы салт-дәстүрлеріне жата ма?

Отбасы мүшелері – члены семьи

Туған күн – день рождения

Мерейтой – юбилей

Жаңа жылды қарсы алу – встреча нового года

Сыйлықтар әзірлеу – подготовить подарки

Кинотеатрға бару – идти в кинотеатр

Наурызды мерекелеу – праздновать Наурыз

Дәстүрлі мереке – традиционный праздник

Діни мейрам – религиозный праздник

Кәсіби мейрам – профессиональный праздник

Бата – напутствие, благословение

Бесік – колыбель

Қоғам, мереке, мейрам, той, дәстүрлі мереке, атап өту, наурызкөже, тойлау, құттықтау, салтанатты кеш, ресми жиын, гүл, сыйлық, тілек айту, қарсы алу, ұлттық мейрам, мемлекеттік мейрам, діни мейрам, кәсіби мейрам, іс-шара, марапат, шен, қоғам қайраткері, құқық қорғау.

Мәтінді оқыңыздар.

Бесікке салу дәстүрі

Бала қырқынан шыққан соң атасы мен әжесі немесе әке-шешесі туыстарын жинап, баланы бесікке салу тойын жасайды. Халқымызда бесік – киелі зат. Ол сәбидің алтын ұясы болып саналады. Баланы бесікке салуды жасы үлкен, ақылды, балалары көп адамға тапсырған. Бесікке салушы шашуға әкелген құрт-май, ірімшік, бауырсақ, қант-кәмпит, күміс ақшаны тойға келгендерге үлестіреді. Баланы бесікке бөлеп, бесіктің үстіне жеті түрлі зат жабады. Бесік жыры айтылады. Бесікке салу дастарқаны жасалып, ән айтылады, тілек бата беріледі.

1-тапсырма. Мәтіндегі туыстық атауларды теріп жазыңыз.

2-тапсырма. Мәтіндегі асты сызылған сөздердің аудармасын жасаңыз.

3-тапсырма. Мәтінде жоқ артық сөйлемдерді табыңыз.

Жеке жұмыс

«Құндылық құнын ұғыңдар»

Отбасымда ең сыйлы _________________

Ең қымбатты ________________________

Ең ақылды __________________________

Ең сүйкімді _________________________

Ең құрметті _________________________

Ең құнды ___________________________

Ең бағалы __________________________

Ең қажетті__________________________

4-тапсырма. Отбасыңызда қалыптасқан салт-дәстүрлер туралы әңгімелеңіз.

IV. Сабақты бекіту:

Рөлге бөліп оқыңыздар.

Асқар: – Біздің отбасымызда той болады.

Мақсат: – Ол қандай той?

Асқар: – Шілдехана тойы. Әпкем мен жездем сәбилі болды.

Мұрат: – Бауырларың, туыстарың келе ме?

Ольга: – Жездең мен әпкең қайда жұмыс істейді?

Асқар: – Жездем – сәулетші, ал әпкем – есепші.

Саша: – Менің әпкем де есепші, ал жездем – мемлекеттік қызметкер.

Айсәуле: – Менің нағашы ағам – тілші.

Асқар: – Ал менің ағам – құрылысшы.

Ол Астанада жұмыс істейді.

Мақсат: – Ағаң шілдехана тойына келе ме?

Асқар: – Иә, ол шілдехана тойына келеді.

V. Қорытынды

Өлең шумағын тыңдаңыздар.

Қажетті сөздерді орнына қойыңыздар.

Шілдехана

Шілдехана,_____________

Тұсау кесер, сүндет той,

Ай, шіркін-ай, құда түсу,сырға салу,

Беташарым-ай!

Алтыбақан аясында сұлу____________

Қыз-бозбала ____________ даланы

________________елтіп тербеткен.

 

 Базарбаева Арайлым Сапарбековна

Жамбыл облысы

Қордай ауданы

Сортөбе ауылы

«М. Лермонтов атындағы орта мектеп» КММ

Қазақ тілі пәні мұғалімі

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста