Жаңа технологиялардың басты міндеті &ndash оқушының оқу &ndash танымдық әрекетін жандандыра отырып, алға қойған мақсатқа толықтай жету болып табылса, педагогикалық технология кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып есептеледі.
Оқытудың жаңа технологияларын меңгеру мұғалімнен орасан зор іскерлік пен шығармашылыққа негізделген ізденістерді қажет етеді. Осындай мақсат көздеген жүйелі ізденістер мұғалімнің жаңа технологияны меңгеріп, инновациялық жетілуіне әкеледі. Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары: - Балаға ізгілік тұрғысынан қарау - Оқыту мен тәрбиенің бірлігі - Баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту - Баланың өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту - Баланың танымдық және шығармашылық икемділігін дамыту - Әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндігіне орай оқыту - Барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу - Оқу үрдісін оқушының сезіну
"Сыни тұрғысына ойлау" ұғымын белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенің зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді авторлар.
«Сыни ойлау» &mdash бұл американдық көптеген ғалымдардың алдыңғы қатарлы идеялары негізінде құрылған жоба, оның тұтас құрылымы болғандықтан технологияға деген негіз бар.Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталған. Ол маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің да сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді. Сыни тұрғыдан ойлау &mdash бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, талдауға, және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Ол болашақта әрекет жасауға негіз бола алады. Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешім қабылдауға, ойлау және іс &mdash әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді.
 
Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына төменгі шаралар орындалуы шарт:
1) Сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек:
2) Оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру;
3) Әртүрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау;
4) Үйрену барысындағы оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау;
5) Кейбір оқушылар түсіп қалған қолайсыз жағдайларды әжуаға айналдырмау;
6) Оқушылардың бір-бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету;
7) Сын тұрғысынан ойлауды бағалау:
Ал оқушылардан осыған байланысты:
- сенімділікпен жұмыс жасау:
- бар ынтасымен оқуға берілу:
- пікірлерді тыңдау, құрметтеу:
- өз пікірін ашық білдіруді талап ету қажет:
Тек сонда ғана олар:
- мен осы мәселе туралы не ойлаймын?
- Осы мазмұннан алған ақпарат менің бұрынғы осы мәселе туралы білетініме сәйкес пе?
- Осы ақпаратты үйрене отырып мен бірдеңе жасай аламын ба?
- Маған бұл жаңа ойлар, идеялар қаншалықты әсер етті? деген сауалдар төңірегінде ойлауға үйренеді.
Қазіргі заман - математика ғылымының өте жан-жақты тараған кезеңі. Математиканы оқьпудын мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологиялар ауадай қажет. Қазіргі акпараттық технологияның озық жетістіктерін математика сабағында қолдану арқылы танымдылық іс- әрекеттерін ұйымдастыра отырып оқушылардын құзіреттілігін дамытуға болады. Математика сабағында сын тұрғыдан әр түрлі стратегияларды, жаңа акпараттық технологияларды, (интерактивті тақтаны) қолдана отырып, өз бетінше жұмыс істеу факторы - есептерді шығара білу, шапшаңдылық, шеберлік дағдыларын ұйымдастыра отырып, оқушылардың кұзыреттілігін арттыру арқылы шығармашылықтарын дамыту.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Қабдықайыров Қ. Инновациялық технологияларды диагностикалау. &ndash Алматы., 2004
2. ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДДБҰ, 2012