«Елін сүйген, елі сүйген Елбасы».

«Елін сүйген, елі сүйген Елбасы».

 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күні Мемлекеттік мерекеге арналған сабақ жоспары.

«Зырян қаласы №9 орта мектебі» мектеп тәлімгері Қасенова Әсем Ерболқызы

Сабақтың тақырыбы: «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы».
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Президентіміз Н.Ә. Назарбаев туралы мәлімет беру, сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту. Президенттің өмірі мен қызметі жайлы білімдерін одан әрі толықтыру. Оқушылардың бойында ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату. Болашақта отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді, білікті адамдар керек екенін аңғарту.
Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу мәдениетін, өз ойын ортаға салу дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік: Рухани-адамгершілікке тәрбиелеу, жалпы адами қасиеттерге ие болатын тұлға қалыптастыру. Еліміздің болашағы жас өспірімдердің Отан алдындағы борышын өтеуге тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының түрі: таным сағаты

Сабақтың көрнекілігі: 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне арналған буклеттер, бейне таспа, Президенттің ғылыми еңбектері, сабақтың мазмұнын бейнелейтін слайдтар, таратпа материалдары. кітаптар көрмесі.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Сынып бөлмесі мерекеге арналып безендіріледі. Н.Ә. Назарбаевтың «Елім менің» әні ойнап тұрады. Оқушылар үш топқа бөлініп отырады.

Тәлімгердің кіріспе сөзі: Құрметті, оқушылар! 1 желтоқсан - еліміздің мемлекеттік тәуелсіздігіне қол жеткізу тарихында және жаңа мемлекеттің даму стратегиясын айқындауда орасан маңызға ие. Қазақстан Республикасы Парламенті қабылдаған Заңға сәйкес 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күні – Мемлекеттік мереке ретінде белгіленді. Былтыр Парламент 1991 жылғы 1 желтоқсанда өткен Тұңғыш Президенттің сайлауына қатысты осындай шешім қабылдаған болатын. Осындай атаулы күннің құрметіне елім деп «еңіреп», халқым деп қабырғасы қайысқан елбасымыз жайлы сөз қозғап, әңгіме толғамау мүмкін емес.

Осыған орай, қабылданған Заң мемлекетіміздің азаматтарының отаншылдық рухын арттыра түсетін болады. Осы мерекеге орай ұйымдастырылып отырған, «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер
1-оқушы:
Батырлыққа уызынан жарыған,
Ер түркіні жалауынан таныған.
Өзі батыр, өзі әнші халыққа,
Жарасады жігер берер Әнұран.
Қазақстан Республикасының Гимні орындалады.

2-оқушы:
Тұра тұрғын болашақтың үні кеп
Тартылар күй айтылатын жыры көп
Ерекше бір еркіндейік, бауырлар
Басшымыздың бүгін туған күні деп

Тәлімгердің сөзі:
Тәуелсіз ел болу, тұңғыш президенттің сайлануы, осы тұлғаның арқасында Қазақстанның бүкіл әлемге танылуы, шашылып кеткен қандас бауырларымыздың тарихи Отанына шоғырлана бастауы, Астана қаласының сәулеттене түсуі – бәрі, тәуелсіздігіміздің әр күні емес, әр сағаты жаңалыққа, игі істерге ұласып жатқанының айқын дәлелі.
Бүгінгі біздің сабағымыз үш топтың сайысы түрінде өтпек. Қане балалар сендерде өз білімдеріңді сынап көріңдер.


Іске сәт!
І кезең: (Үй тапсырмасы) Бұл кезеңде, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерекше тұлғалық болмысын сипаттау бойынша сайысады:
1- топ: Қазақстан Республикасының Президентінің – өмірбаяны
2-топ: Қазақстан Республикасы Президентінің – Қазақстан халқына сіңірген еңбегі. БИЛІК РӘМІЗДЕРІ
3-топ: Қазақстан Республикасының Президентінің бірқатар кітаптары мен ғылыми еңбектері.
Кітап көрмесін жарнамалау.
Әр топ 2 жұлдыз 1 ұсыныс әдісі бойынша бір - бірлерін бағалайды. (Бәйтерек ағашы қойылып сол ағаштың жапырақтарына ұсыныстарын, ұнағандарын жазып, бәйтерек ағашына жабыстырады сол арқылы әр топ үй тапсырмасына қалай дайындалғандарына баға береді).
ІІ кезең: Бұл кезеңде, Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналған өлеңдерді оқып сайысады.
Бұл кезеңде де әр топ бір - бірлерін бағалайды. Әр топқа күн, ай, бұлт таратылады. Сол арқылы бағалау(Күн - өте жақсы, ай – орташа, бұлт - нашар).

ІІІ кезең: Н.Ә. Назарбаевтың өмірі мен қызметіне байланысты құрылған викториналық сұрақтар және сөз жұмбақты шешіп сайысады. Бұл кезең аукцион ойыны түрінде өтеді (әр сұраққа ақша тігіледі, қайсы топ көп ақша тігеді сол топ сұраққа жауап береді. Соңында қай топ көп сұраққа жауап береді сол топқа сыйлық беріледі).

Викториналық сұрақтар: (Аукцион ойыны түрінде)
1. Н.Ә.Назарбаевтың авторлық әні?
2. 1991 жылы 1 желтоқсанда қандай тарихи оқиға болды?
3. Н.Ә.Назарбаев басқаратын Халықтық - демократиялық партия?
4. 1992 жыл 4 маусым?
5. Қазақстан Республикасының тұңғыш «Ата Заңы» қашан қабылданды?
6. Бейне сұрақ?
7 Елбасының мамандығы?
8 1991 жылдың 16 желтоқсаны?
9 Жаңа астананың ресми тұсау кесері қай жылы болды?
10 Ен алғаш Қазақстан Үкіметін басқарғанда Н.Ә. Назарбаев неше жаста еді?
11 Астанадағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Музейі нешінші жылы ашылды?
12 Бейне сұрақ?
13. Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы – Теңге айналымға қай жылы енді?
14. Нұрсұлтан бітірген орта мектеп қайда орналасқан?
15 2006 жыл 7 қаңтар?
16 Н.Ә. Назарбаевтың кітаптары?
17 «Қазақстан – 2030» даму стратегиясын Президент нешінші жылы ұсынды?
18 Бейне сұрақ?

ІV кезең: Қорытынды.
1.Әр топ бүгінгі сабақ туралы ой түйеді.
2. Оқушылар пікірі, тілегі.

3.Тәлімгердің қорытынды сөзі: Міне біздің білім сайысы да мәресіне жетті, дегенмен бүгінгі сабаққа қатысқан топтардың үшеуін де жеңімпаз деп жариялағым келіп тұр, себебі осындай атаулы күнде, үлкен мерекені атап өтуге атсалысқан оқушылардың барлығы да жеңіске жетті.
Қымбатты оқушылар! 1 желтоқсан – Президент күні өте бір маңызды күн. Өйткені жас мемлекетіміз мәдениеті, өнерімізбен, экономикасымен, білім және ғылымымызбен өркениетті елдердің қатарындамыз. Ендігі көздеген мақсатымыз бәсекеге барынша қабілетті елдер қатарында мейлінше биік орын тебу.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың « Біз көшпенділердің ұрпағымыз. Ержүрек халықтың жалғасымыз.Мен жастарға сенемін. Әрқашан тұрақтылықты қорғап, бірлікті сақтаңдар» деген сөзімен сабағымызды аяқтаймыз.
Сендерден болашақта елін сүйген, халқы үшін қызмет жасайтын азаматтар шығады деп үміттенемін.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста