Бастауыш сынып оқушыларын рухани-адамгершілікке тәрбиелеуде Абай шығармаларын оқытудың маңызы

Бастауыш сынып оқушыларын рухани-адамгершілікке тәрбиелеуде Абай шығармаларын оқытудың маңызы

Бастауыш мектеп - бала мінезінің жақсы жақтарын жүйелі түрде дамытып отыратын негізгі орын. Мектептік өмір балалардың мінез-құлқының қалыптасуында шешуші роль атқарады. Оқушылардың мінезін тәрбиелеудегі басты міндет &mdash олардың жан-жақты болып өсуін, мінез құлқының өлеуметтік мәнге ие болу жағын көздестіру. Бұл үшін мұғалім жас ұрпақтың адамгершілік идеяларын баяндайтын иманшарт принциптерін басшылыққа алып, тәрбие жұмысының жоспарын көздеген.

Халқымыздың әр заманда кешкен ардагер перзенттерінің Әл-Фараби, Асан-Қайғы, Абай, Қабанбай, Төле би, т.б. үлгі өнегелеріне тәрбиелеу &mdash осындай әдістердің негізгілерінің бірі. Бұларды өмір жолы, моральдық тұлғасы &mdash жоғары идеалдықтың батылдық пен ерліктің, табандылық пен ұстамдылықтың, халық ісіне берілгендіктің теңдесі жоқ өнегелері. Әр адамның әртүрлі мінез бітістерінің болуы оның сыртқы ортамен түрліше қарым-қатынасы болып табылады. Бастауыш сыныптарда оқушылардың тәртіп, кұлық, достық және Отан туралы ұғымы қалыптасады, ата-аналарын, үлкен адамдарды құрметтеуді үйренеді, еңбекке сүйсініп қарайды, ізгілікті сақтайды. Әртүрлі іс-әрекеттің барысында бастауыш сынып оқушылары тәртіпке, жолдастық өзара көмек беруге, өзара түсінуге дағдыланады.

Абай шығармаларын бастауыш сыныптарда оқытудың маңызы өте зор екені тәжірибеде дәлелденді. Олай дейтін себебіміз оқушылар Абай шығармаларын оқи отырып, одан рухани ләззат алады. Олардың табиғатқа сүйіспеншілігі оянады. Алдымен Абай шығармаларын оқытпас бұрын оның өмірбаянымен таныстыру қажет. «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе, Адамдықты көздесең, жаттап оқы көңілге» -деп Сұлтанмахмұт Торайғыров айтқандай келешек ұрпаққа Абай өмірін оқыту барысында берілетін өнегелі тәрбие ұшаң-теңіз. Абай өзге жұрттың тілін, халықтың қалпын біліп, өз жұртымен салыстырып, керегін алып ғибрат етті. Абай өмірін оқытудың барысында оның өскен ортасының өнегелік жағын көрсете оқытудың маңызы зор. Абайдың өнегелі өмірін естіп өскен шәкірттен ешқандай жамандық күтуге болмайды. Тек соны жеткізе білу, оқушылардың санасына ұялату мұғалімнің алдына қоятын мақсаттарының бірі. Сондықтан да бастауыш сыныптарда Абай шығармаларын оқытпас бұрын оның өнегелі өмірімен таныстырудың пайдасы зор.

Абайдың ақындық дарыны аса қуатты және сан қырлы. Ол &mdash керемет суреткер ақын және сыршыл лириканың сирек кездесетін шебері. Олай дейтін себебіміз Абай табиғаттың көрінісін, жыл мерзімін, адам мінезін суреттегенде де оның тамаша көрінісін өмірмен, тіршілікпен ұштастырып, тілдестіріп, сұлулыққа өң, рух беріп отырды. Абай мұрасы туралы сөз қозғасақ, данышпандық, көрегендік, ұлылық ұғымдар қоса жүреді. Сондықтан да біз Абай мұрасын мєңгілік өнеге мектебі дейміз. Бүгінде жан аямай кәсіп қылудан безінетін, бейнет көрмей дәулет жоқ екенін парасаттамайтын, «ұрлық псн құлықты қызық көретін» жастарды жақсы мінез-құлық пен имандылыққа үйрететін, ел болып ер жетуімізге жол нұсқайтын асыл &mdash Абай мұрасы[4].

Абай қара сөздерді терең оймен күрделі пікірге құрылған Абай шығармаларындағы терең ойды мұғалім өзі түсінгенде ғана баламен жүргізілетін білімдік және тәрбиелік істері нәтижелі болмақ. Бірінші қара сөзінде Абай жазуға кіріскендегі мақсатын айтады. Ұлы ойшылдың айтпақ ойының өміршеңдігі мен бүгінгі заманмен үндестігіне таң қаласыз. «&hellip ақыры ойладым: Осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым» &mdash дейді. Абай барлық қара сөзінде де бейне бір оқушысымен әңгімелесіп отырғандай, өзіне-өзі сұрақ қойып, оған жауап береді. Абайдың бесінші сөзінде: «Көкірек толған қайғы кісінің өзіне де билетпейді, бойды шымырлатып, буынды құртып я көзден жас болып ағады, я тілден сөз болып ағады. Қазақтар: «Ә, Құдай, жас баладай қайғысыз қыла гөр» &mdash деп тілек тілегенін көзім көрді. Онысы &mdash жас баладан гөрі өзі есті болып, қайғылы кісі болғансығаны. Қайғысы не десең, мақалдарынан танырсыз: «Әуелі &mdash түстік өмірің болса, күндік мал жи:, «Өзінде жоқ болса, єкеңде жат.», «Мал адамның бауыр еті». Абай мұны айтқанда дүниеқоңыздық, ұятсыздық сияқты адам аздыратын қылықтардан жирендіруді мақсат етеді.

Жалпы мектепете төменгі «Әсемпаз болма әрнеге», «Ғылым таппай мақтанба, «Жаз», «Шегіртке мен құмырсқа», «Жазғытұры», «Күз», «Қыс», «Желсіз түнде жарық-ай», «Қарға мен түлкі», «Ата-анаға көз қуаныш», «Ғылым таппай мақтанба», «Желсіз түнде жарық ай», «Қарға мен бүркіт», «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Әсемпаз болма әрнеге» және т.б шығармалары оқытылады. Ең алдымен әр сыныптарда қойылатын талаптар оқушыларды мәнерлеп, әуезді-сазды ерекшеліктерін сақтай отырып оқуға үйретіп, сонан соң оқығанын түсіне білуге жетелеген жөн. Әрине шығармалардағы сөздерді талдап түсіндіруден барып қалыптасады. Сондықтан көрсетілген өлендерді оқудың әдістемесі сыныбына қарай алуан түрлі болып іске асырылады. Көбінесе, Абай өлендерін &mdash мәнерлеп оқу үлгісін мұғалім өзі көрсетеді. Осыдан кейін өлеңдегі сөздер мен тіркестерге ерекше тоқталып, олардың мән мағынасын ашуы, сөздердің, тіркестердің мағыналас қатарын, синонимдерін тапқызуы қажет. Мысалы: «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңдегі «әсемпаз», «өнерпаз» сөздерінің мәнін ұғындыруда «әсемпаз» адам қандай?, «өнерпаз» адам ше?, неге Абай «арқалан» деп тұр, «Сен де бір кірпіш» дегені несі?, «кетігі» деген сөзге қалай түсінесің? Оны тағы қандай сөздермен ауыстыруға болады?, т.б. сұрауларға оқушылардың өздерінен жауап алу &mdash оларды ойлантуға, онан әрі өз пікірі мен ойын ауызша жеткізуге жетелейді, яғни ойы мен тілін дамытады. Ал оқып отырған шығарманың тақырыбы мен идеясын сабақ барысында түсіндіруде ақынның көзқарасын, оның ой пікірімен қоса түсіндіру, өмірімен байланыстыру, баланың жас дүниесіне әсер ету сияқты мәселелерді бала түсінігіне сай жеткізу мұғалімнің әдіскерлігіне, тіл байлығына байланысты. Сонымен бірге жоғарыдағы өлеңдердің адамгершілік-құлықтық мәселелеріне тоқталу керек.

Абайды бірден түсініп кету оңай емес. Ол туралы абайтанушы-ғалым Ғарифолла Есім: «Абай шығармаларын бір рет қана оқып қоймақ түгілі, тіптен оның шығармаларын жаттап алу да аз, мәселе, оны түсінуде. Абай адам санасы кемелденіп, толысқан сайын түсінікті бола бастайды. Әр ұрпақ Абайдан өз түсінігін табады...» - деп пайымдайды.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІСМІ:

1. «Абай оқу әліппесі», Алматы, «Рауан» 1994 ж, 15 бет. «Оқу мен өлең соңында».

2. Богдамова, Қайыров, «Адамгершілікке тәрбиелеу әліппесі», Алматы, 1998ж

3. «Абайтану» курсын оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері». Әдістемелік құрал. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2013

Жұмағұлова Гүлмира Сейтбековна

ШҚО, Күршім ауданы, Ақсуат ауылы

Ақсуат негізгі орта мектебі

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста