«Ата – баба дәстүрі – әдептілік белгісі»

«Ата – баба дәстүрі – әдептілік белгісі»

 Кураторлық сабақ тақырыбы: «Ата – баба дәстүрі – әдептілік белгісі»

Сынып: 8

Қатысушылар саны: 22

Кәсіби даму мақсаты: Жағдаяттар арқылы оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту, тіл тазалығын сақтау.
Сабақ мақсаттары:
Ұлттық дәстүрді бүгінгі күндегі тарих беттерінде жаңғырта отырып, Тәуелсіз ел ұрпақтарының санасын танымдық сұрақтар арқылы салт-дәстүрді дәріптеу

Күтілетін нәтиже: Ұлттық салт-дәстүріміздің құндылықтары мен тәуелсіз еліміздің тарихын еске түсіреді

Құндылықтарды дарыту: Топтық жұмыстар арқылы оқушылардың адамгершілік, әдептілік, рухани құндылықтарын жүзеге асыру. Әлемдік деңгейде жаңа өзгерістерге бейім, жаңашыл, ұлттық құндылықтарды түсінетін жеке тұлға қалыптастыруға ықпал ету.

АКТ қолдану дағдылары Kahoot.it бағдарламасы, презентация, интербелсенді тақтаны қолдану, планшеттер, ноутбуктар.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, география, тарих.

Тілдік мақсаттар: Белгілі бір мақсат үшін оқу түрлерін меңгере отырып, өз ойын еркін жеткізе білу. Өзіндік стильмен тақырып бойынша өз көзқарасын дәлелдей отырып, сипаттау, баяндау.


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс әрекеттер

Дереккөздер


Сабақтың басы 6 мин.

Сабақты бастамас бұрын оқушыларға шашу шашылып, кәмпит таратылады. (осы жерде оқушылар шашудың мағынасын айтып, тереңдетеді) Таратылған кәмпит арқылы оқушыларды 4 топқа бөліп отырады. - Шашу неліктен шашылды? Шашу бала туылғанда, тұсау кескенде, сүндетке отырғызылғанда, келін түскенде, күйеу келгенде, отау көтергенде, бүркіт ұстап әкелгенде, жүйрік ат бәйгеден озғанда, алыс сапардан жолаушы оралғанда, жақсылық күндерде, құда келгенде, тағы басқа зор қуанышты күндерде әйелдер құрт, ірімшік, өрік-мейіз, кәмпиттен, күміс теңгеден шашылады. Шашылған шашудан тойға қатысушылар теріп алып, ырым қылып балаларына апарып береді.


- Балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қалай деп ойлайсыздар? “Өткендi бiлмей, келешектi бiлу мүмкiн емес. Бұрынғының парқын бiлгендер ғана, бүгiнгiнiң парқын ұғады”,- деген болатын Ғабит Мүсiрепов ағамыз. Сабақ тақырыбы айтылғаннан кейін, сабақ мақсаты анықталады. Құрметті оқушылар Ұлттық тәрбие – кешегі өткен қариялардан, ғұлама, ойшылдар мен шешен-билерден, ақын-жыраулар мен сал-серілерден мұра, мирас болып қалған ұлы тәрбие құралы. Тәрбие тамыры – халық қазынасында,- дегендей, бүгін 4 топ арасында өткелі отырған «Ата-баба дәстүрі – әдептілік белгісі!» тақырыбында өтетін кураторлық сайыс сабағымызды бастайық.


Сабақтың ортасы


6 мин.


7 мин.


6 мин.


10 мин.


Әр кезеңде топ ұпайларын белгілеу үшін А3 форматқа топ атаулары жазылады. Сайыс кезеңдері: Сіздер әр сайыста ұлттық салт-дәстүрлерге, тәуелсіздік тақырыбына байланысты сұрақтарға жауап бересіздер. 1- кезең «Сен білесің бе? » Әр топ басшысы интерактивті тақтада берілген ұяшықтардан белгілі бір санды таңдап, топ ішінде талқылап, жауап бересіздер. Әр санның артында сұрақтар жасырылған. (Дұрыс жауап - 3 ұпай, жартылай жауап - 1 ұпай) 2- кезең «KAHOOT- бұл кезеңде әр топ алдарыңызда тұрған ноутбукты пайдалана отырып, берілген сұрақтарға тез әрі дұрыс жауап беріп отыру керексіздер. Сол арқылы өз қоржындарыңызға ұпай жинай аласыздар. 3- кезең « Ғажайып жетілік» берілген қима қағаздарды құрай отырып, берілген суретті құрастырыңыз. ( қалжа, қырық шелпек, бата, бесікке салу) Құралған суреттен шыққан салт - дәстүр түрлерін баяндайды.


4- кезең

«Құпиялы ұяшық» - бұл кезеңде топ басшылары ұяшықты таңдай отыра берілген тапсырманы орындайды. (Ұлттық би нақышын келтіру, салт – дәстүрге байланысты сахналық көрініс көрсету, қазақ әндері, бата беру).

Қайратова Назима Қайратқызы

Өскемен қаласы, химия-биология бағытындағы

Назарбаев Зияткерлік мектебінің педагог-ұйымдастырушы-кураторы 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста