«Ақпыз,қара,сарымыз- ағайынбыз бәріміз!»

«Ақпыз,қара,сарымыз- ағайынбыз бәріміз!»

Өскемен қаласы, «Мүмкіндігі шектеулі балаларға
арналған «Алтын дән балабақша-мектебі»КММ
бастауыш сынып мұғалімі
Баймухаметова Гулнар Ахмедқызы

Мақсаты:Оқушыларға 1 мамыр «Халықтар бірлігі мен достығы»күні
екені туралы мағлұмат беріледі.
Бейбітшілікті сүю қасиеттері,тыныштықты сақтай білу
қасиеттері дамытылады.
Достыққа,ынтымақтыққа тәрбиеленеді.
Көрнекіліктер:интерактивті тақта,слайд шоу, шарлар, көгершін, гүлдер.
Жүру барысы:
1.Кіріспе сөз:Қош келдіңіздер құрметті ұстаздар,оқушылар! Сіздерді 1 мамыр «Халықтар бірлігі мен достық» күнімен құттықтаймын!
Сөзімді мына бір жақсы мақалмен бастағым келіп тұр.
«Түрі басқа болса да,тілегі бір.
Жүзі басқа болса да, жүрегі бір» дегендей ,Қазақстан атты әлемге танылған ұлы мемлекетте 130-дан аса ұлттар мен ұлыстар достықта, тыныштықта бір шаңырақ астында өмір сүріп жатыр .
1995 жылдың наурызында дүниежүзіне үлгі болып отырған ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан Халықтары Ассамблеясы құрылды. Бұл ешбір елде болмаған ерекше маңызы зор құрылым. 1 мамыр бұл –Ынтымақтастық күні.
«Ел бірлігі – ең асыл қасиет. Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық, ең алдымен өзімізге – қазақтарға керек» деп көргенділікпен Елбасымыз айтқандай, біз сияқты көп ұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі – Қазақстан халықтарының бірлігі.
Ендеше, ынтымақтастығымыз бен тыныштығымыз одан әрі нығая түссін деген тілекпен тәрбие сағатымызды бастайық!
Хор: «Ортақ мекен жер шары»
1.Ортақ мекен жер шары
Төбемізде бір аспан
Барлық ұлттың баласы 2рет
Достығымыз жарасқан.
2.Ортақ бізге бір Отан
Ортақ жердің байлығы
Еңбек ортақ,жыр ортақ
Ортақ бізге барлығы 2рет
3.Туыспыз біз бәріміз
Бір Отанды сүйеміз
Бақытты елде туған соң, 2рет
Бақытты өмір сүреміз.

1-жүргізуші.Қайырлы күн,ардақты ұстаздар,оқушылар!
2-жүргізуші.1 мамыр халықтар бірлігі мен достығы мерекесіне орай өткізілгелі отырған «Ақпыз,қара,сарымыз-ағайынбыз бәріміз»атты мерекелік кешке
Екеуі бірге:Қош, келдіңіздер!
1-жүргізуші.
Қазақ жері –қонақжай төрдің жері.
Қазақ елі қас сақтай ердің елі.
Толқынында тарихтың қуғын көрген
Барша ұлтқа құт мекен болған еді.
Зобалаңда көп шеккен қасіретті
Ұлт ұрпағы өнерлі,өсиетті.
Риза көңілменен елге деген,
Арнайды барша халық ақ тілекті.
2-жүргізуші.Біздің елімізе қазіргі таңда 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар мекендейді.Олар үшін қазақ жері достықтың киелі мекені.
1 оқушы (Нұрали)
«Тілегіміз бейбіт күн»
Серік Оспанов
Сары,ақпыз,қарамыз
Бәрімізде баламыз
Бір қалада тұрамыз
Бір мектепке барамыз.
Ақ,қара деп бөлмейміз,
Бір жыл туған төлдейміз
Туысқанбыз татумыз
Биіктерге өрлейміз.
2-оқушы.(Камила)
Мамыр
Нуржан Оразалин.
Жан біткендей жас талға,
Шуақ шашып арайлы
Күн күлімдеп аспанда,
Мамыр әні тарайды
Жайдары жаз төрге еніп,
Жадыратты жұртымды
Жер дүние тербеліп,
Қала,дала құлпырды.
3-оқушы.(Елдос)
Мырза Құрманалин
Жарасқан ынтымағы,
Жұрт алға ұмтылады.
Ақ тілек жалғасады
Жер жүзі үн қосады.
4-оқушы (Дильназ)
Қадыр Мырзалиев
Қазақ осы айтатұғын елге сыр,
О,ағайын,халық емес,ол кесір.
Қазақ осы аңғал,саңғал жабусыз
Қазақ осы ағыл,тегіл көл көсір
Қазақ осы дала дейтін,күн дейтін
Қазақ осы өнер алды- тіл дейтін
Қазақ осы қарасың ба,ақсың ба,
Қоңырсың ба жатырқауды білмейтін.
Хор «Әрқашан дос біргеміз»
Әрқашан дос біргеміз
Ажырамас іргеміз
Ілгері жүріңдер
Достық жырын біліңдер
Ту ғып ұстап бірлікті
Еңбекті сүйіңдер.
Қайырмасы:
Дос болайық бәріміз
Жарасып тұр әніміз
Тыныштықты сақтаймыз2
Атсын күліп таңымыз
5-оқушы. (Амир)
Достар болса достық атын ақтаған
Алыс жолда-жақын жол
Қара бала,сары бала,ақ бала
Туыстардай тату бол.
6-оқушы (Аиша)
Ақ,қара деп алдымен
Елім бөлмес адамды
Дәстүр ,өнер салтымен
Таңқалдырған ғаламды.
7-оқушы (Саид)
Тыңда,тыңда,тыңда мені
Ұлы жұртым орыс халқым
Сен тербетіп өсіргенсің,
Сенің даңқың ,менің даңқым.
8-оқушы. (Томирис)
Мамырдың бірі-Достық күні
Ән салып билеген халықтың үні
Тұтасып тойлаған ұлттар
Керемет мереке,Мамырдың бірі.
9-оқушы. (Нұрым)
Қадірменді бір досымыз-өзбегім,
Қалтқысы жоқ демің бейне өз демім
Өз сөзімдей жанға жайлы сөздерің
Өз көзімдей күлімдейді көздерің
Дәм тұзымыз араласпыз әріден,
Дастарханда жайылады сәнімен
Палауың мен бесбармағым сыбайлас
Кезек жейміз алма,өрік дәміңнен.
10-оқушы. (Руфина)
Сырдың бойын ежелден жайлаған,
Орыс,қазақ қатар қонған бай далам,
Халықтардың достығының айғағы
Бүгінгі күн мерекеде жайнаған
11-оқушы.(Руслан)
Тілі бөлек болғанымен тілегі бір
Ұлы достық мәпелеген жүрегі гүл,
Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ
Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.
Қуаныштан желкілдейдітүндігім
Бар халықтың бірлік тойы күн бүгін,
Халқым мәңгі ғұмыр кешсін бақытты,
Бар тамырмен байлап қойған кіндігін.
Хормен:
Ақпыз,қара,сарымыз
Ағайынбыз бәріміз
Ортақ болсын асқар тау
Жеміс толы бақша-бау
Болсын жер мен су ортақ
Болсын бізге ну ортақ
Ақпыз,қара,сарымыз
Ағайынбыз бәріміз!
1-жүргізуші.
Қазақстан достығы мен бірлігі жарасқан көп ұлтты мемлекет.
2-жүргізуші.
Иә,біздің мектебімізге «достық үйінен»қонақтар өз өнерлерін ала келіпті.Соларды қарсы алайық!
1-жүргізуші.
Қазақ халқының биі «Аққулар»
Орыс халқын қарсы алыңыздар.
Кавказ ұлтының биін тамашалайық.
Мұғалім:Сонымен балалар біз «Достық үйінен»келген қонақтардың өнерлерін тамашаладық.Енді әр ұлттың ойындарын ойнап көрейік.
Австарлия ойыны
Алдымызда жасыл желекті Австарлия мемлекеті тұр.Тек осы жерде ғана қалталы жануарларды кездестіруге болады:кенгуру,коала,қалталы қасқыр,қалталы борсық,вомбат..Олардың бөлтіріктері өте әлсіз болып туады,сондықтан бірнеше апта,айлар бойы анасының дорбасында өсіп сүтпен қоректенеді.Қанеки,кенгуру ойынын ойнап көрейік.
Ойынның шарты: Екі командаға бөлінген балалар үлкен доптың үстіне отырып жарысады.
Қытай ойыны «Кім бірінші?»
Балалар екі командаға бөлініп тұрады.Кезектесіп алдында тұрған зырылдақпен жарысады.Кімдер бірінші аяқтаса,сол топ жеңіске жетеді.
Үндістан ойыны.
Келесі Азия мемлекеттерінің бірі Үндістан.Оның үңгірлерінде әлі күнге дейін бағалы тастар жасырылған,онда қазіргі күні де бекзадалар мен раджалар өмір сүреді,ал туристер ғажайып ғибадатханаларына барғанды ұнатады.Үндістан орманында өте шапшаң қимылдайтын маймылдар мекендейді.
«Бөтелкеге құйрығын салған маймыл»ойыны
Ойынға үш ойыншы қатысады.Олардың әрбірі белдеріне арқан байлап,бір шетін құйрық сияқты қалдырады.Ал сол арқанның ұшына қарындаш байланады.Қатысушының арт жағына бөтелке қойылады.Бөтелке аузына бірінші болып қарындашты салған ойыншы жеңімпаз болады.
Енді өзіміздің ұлттық ойынымыз: «Ақ сандық,көк сандық» ойынын ойнайық.
Ойын шарты:Екі жаққа теріс қарап тұрған ойыншылар, бірін-бірі арқаларымен көтерулері керек.Кім көтере алмаса,сол бала жеңілген болып есептеледі.
Сонымен ойынымыз аяқталды.
Хор: «Әрқашан күн сөнбесін!»
1.Күн әлемі,күн әлемі
Бұл суреті жас баланың
Ақ қағазға салған ізі
Қалдырған бар бір сөзі.
Қайырмасы:
Әрқашан күн сөнбесін
Аспаннан бұлт төнбесін
Қасымда болсын анам
Болайын менде аман.
2.Солнечный круг небо вокруг
Это рисунок мальчишки
Нарисовал он на листке
И подписал в уголке
Припев:
Пусть всегда будет солнце
Пусть всегда будет небо
Пусть всегда будет мама
Пусть всегда буду я!
1-жүргізуші
Сонымен бүгінгі «Ақпыз,қара,сарымыз-ағайынбыз бәріміз!» атты мерекелік кешіміз аяқталды.
2-жүргізуші.
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
Екеуі бірге:қош сау болыңыздар!

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста