Қазақ көкпаршылары – Азия чемпионы

Түркі жұртына ортақ дү­ниеге айналған ұлттық ойы­нымыз – көкпар өткен аптада Астана төрінде ұлықталды. 11-15 қыркүйек аралығында алғаш рет көкпардан ашық Азия чемпионатының жа­ла­уы желбіреп, Түркия, Моң­ғо­лия, Қытай, Қырғызстан, Өз­бекстан, Тәжікстан, Ресей жә­не Қазақстан құрамалары жанкүйер делебесін қыз­дыр­ған ойын өрнегін көрсетті.
Алғаш рет өткен Азия чемпионатына се­гіз елдің ғана құрамасы қатысты деге­ні­мен, оның бәсі жоғары және жүлде қоры да қомақты. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ қаржылай қолдау көр­сеткен чемпионаттың өтуіне Спорт және де­не шынықтыру істері агенттігі мен «Нұр Отан» пар­тиясы мұрындық болыпты. Бардық, көр­дік, білдік. Қазағымыздың марқасқа жі­гіттеріне тәнті болдық.
Байқағанымыз, күні бүгінде қазақ пен қыр­ғыз жігіттері ғана қол үзбей атойлап ой­нақ салып жүрген көкпарды өзге елдің жі­гіт­тері де келістіріп тартады екен. Ай­талық, Ресей асып келген көкпаршылардың құ­рамын таулы Алтайдағы Хакас, Тува се­кілді ұлттардың апайтөс жігіттері то­лық­тырыпты. Олардың серке тартысында да кем­шін жоқ. Сөйтсек, соңғы уақытта «ор­ман­ды елдің» құрамасын қырғыз бап­кер­лері ұзақ уақыттан бері жаттықтырып кел­ген екен. Сосын Моңғолия, Қытай, Өз­­­бек­стан құрамасының аты ғана болмаса, за­тында аталған ел намысын сол елдегі кіл қазақ жігіттері қорғап, жанкүйерлер ме­ре­йін үстем етті. Сонау ғасырларда Алтайдан Еу­ропаға қарай ауып кеткен Анадолы тү­ріктері де төл ойынымыз –көкпарды ұмыта қой­мапты. Дегенмен Анадолы елінен ат тер­летіп жеткен түрік жігіттері көкпарды қол­ға алғалы көп болмағанға ұқсайды. Ай­наласы екі-үш жылдың ішінде түрік ша­бандоздары көкпармен етене қайнасып үл­герген. Сосын біз көкпар деп танитын ұлт­тық ойынды тәжік пен ауған жұрты да ой­нап жүр. Тек атауы басқа, «бускаши» деп ата­лады екен.
Сонымен, дүбірлеп өткен тұңғыш көк­пар тартысынан Азия чемпионаты бұдан бы­лай араға екі жыл салып өткізіліп тұра­тын болды. Қатысушылардың қызы­ғу­шылығы біз күткеннен де ілгері шықты. Өйт­кені келесі Азия біріншілігін өткізуге Қы­тай мен Түркия мемлекеттері таласып қал­ды. Бірақ Дүниежүзілік көкпар феде­ра­циясының басқарма мүшелерінің дауыс бе­руі бойынша келесі чемпионат Түр­кия­ның Стамбул қаласында өткізілетін болып ше­шілді. Өткізу жауапкершілігін мойнына ал­ған Түркия жоғары деңгейде ұйым­дас­тырумен қатар, жүлде қорын қомақты етіп тағайындауға уәде берісті.
Жалпы, бес күнге созылған Азия чем­пио­натының жартылай финалына Қа­зақстан, Қырғызстан, Қытай және Тәжікстан құ­рамалары шыққан-ды. Артынан бабы мен бағы қатар шапқан қазақ пен қырғыз құ­рамасы финалдық бәсекеге талассыз жол­дама алса, тәжік пен қытай құрамасы өз­ара үшінші орын үшін сынға түсті. Үшінші орын үшін тартысты ойында тәжік жігіт­те­рінің басымдығы бірден байқалды. Қы­тай­дың Іле аймағынан келген қазақ жігіттері қор­ғанысты күшейтіп, шабуылды естен шы­ғарып алғандай. Бірден шабуылға кі­ріс­кен тәжік ойыншылары екі кезеңде үш са­лым­ға қол жеткізді.
Азия чемпионатының алтыны үшін өт­кен тартыс та көрерменнің көңілінен шық­ты. Ежелден көкпар алаңында ұшырасып жүрген айыр қалпақты ағайындардың, әсі­ресе аттары толық бабында екен. Өйт­кені, шыны керек, қазақ жігіттерінің атта­ры­мен салыстырғанда қырғыздың белді ат­тары сырт көзге шапшаң әрі жүйрік кө­рінді. Ойын барысына келсек, жекпе-жек сында қырғыз жігіті Нартай мінген БТР-ға қар­сы тұрған жерлесіміз Құлажанның сәй­гүлігі Лазердің жеңіске жетуге қосқан үле­сі зор. Иесінің ойын айтпай түсінетін Ла­зер жекпе-жек сында қарсылас тақы­мын­дағы тұл­пар­ды жамбасымен кері ите­ріп, кеудесімен қа­ғып, серкені алдырмауға ба­рынша тыры­сып бақты. Осылай өрбіген ойын бойынша 4:2 есебімен қазақ жі­гіт­тері Азия чем­пио­натының алтынына қол жет­кізді. Сондай-ақ ар­найы кубокпен Қа­зақ­стан құрамасына 10 млн теңгенің сер­ти­фикаты табысталды. Екінші орынға тұ­рақ­таған қырғыз жігіттері кү­міспен күп­теліп, қоржындары 6 млн тең­ге­мен май­ланды. Памир тауын асып жеткен тә­жік жігіттерінің қанжығасына қола жүлде бай­ланып, 4 млн теңге салтанатты жағ­дай­да табысталды.
Жалпы, қазақ жігіттерінің құрамасынан Ла­зер атты тұлпар жанкүйер тарапынан зор сүйіспеншілікке бөленсе, қырғыздар мін­ген БТР мен Месси қошеметтен еш кен­де болған жоқ. Алатаудың арғы бетінен келген айыр қалпақты ағайындардың БТР-і – 12 жаста, көкпарға түскеніне бес-алты жылға жуықтапты. Ал әйгілі футбол­шы­ның есімін иеленген Месси – 7 жаста. Шу облысының Қойтас айылында өсіп-өнген жеті жасар қа­занат көкпар шауып, бәйге алғалы  екі жыл­дың жүзі болған. Ойыннан кейінгі ма­рапаттау рәсімінде ұйымдастырушылар қыр­ғыз тұлпарларына арнайы жүлде та­быстайтындай жөні бар еді.
Бекболат ТІЛЕУХАН, Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының вице-президенті:
– Азия чемпионаты абыроймен өткен шара болды. Қазақстанда өткеннен кейін қа­зақ жігіттері жеңді дейтін жайт емес, жеңістің қалай келгенін қалың жанкүйер көр­ді. Ұзақ уақыттан бері дайындалудың ар­қасында біздің жігіттер әлем тарихында көк­пардан алғаш рет өткен Азия чем­пио­натында жеңіске жетті. Көкпар деген – сер­кені тақымға басып алып әрі-бері ша­ба­тын ойын емес, баяғы көшпенді ха­­лықтың жа­уынгерлік өнерінің жаттығуы іс­­петтес. Темір та­қым, құрыш білек жігіт­тер­дің дайындығы бізге зор қуаныш сый­лады. Ойын кезінде қырғыздың аттары жыл­дам, шалт қимыл­дай­тынын байқатты. Есе­сіне, біздің жігіт­тердің күш-қайраты мол. Бақтыбай сынды жігіт­тер серкені ұс­та­ған жерден жұлып алатынын байқадық. Жал­пы, ат баптау жағынан келгенде бізге көрші Қырғыз елінен үйренетін нәрсеміз көп.

Рамазан СӘТТІБАЙ, ұлттық спорт түрлері бойынша мемлекеттік жаттықтырушы:
– Әзірше көкпар бойынша өтетін ең ірі жа­рысымыз – Азия чемпионаты. Сон­дық­­тан жігіттер мен аттардың күш-қай­ратын тиім­ді пайдалану керек. Мысалы, ұлт­тық құ­ра­мадағы ойыншылардың ең үлкені Дәу­летбек Омбаев 42-де болса, ең кішісі – Құла­жан Тоғайбаев 26 жаста. Ке­ле­сі Азия чем­пионатына жігіттер қандай құ­­раммен ба­рады? Осыны ескеріп, алда өте­тін тур­нир­лерге қазірден бастап да­йын­далуымыз ке­рек. Қырғыз елі көкпар ойынына мем­лекеттік деңгейде қолдау көр­сетіп келеді. Со­ның арқасында әр көк­пар­шысы тақым­да­ған тұлпардың өзі осал емес. Олар «жа­ңа қырғыз» деген қол­тұ­қым­ды жылқы өсі­ріп отыр. Осы жағын да ескеруге тиіспіз.

Бақтыбай ШЫРЫНҚҰЛОВ, көкпардан алғашқы Азия біріншілігінің чемпионы, Қазақстан құрамасы:
– Бұл – біздің ғана емес, күллі қазақ хал­қының жеңісі. Алғаш рет қазақ то­пы­рағында өткен Азия чемпионатында топ жар­ғанымызға бек қуаныштымын. Фи­налда жолымыз түйіскен қырғыз аға­йын­дардың құрамасы үнемі жақсы нәтиже көрсетіп, топ жарып жүрген соң қашанда бәсі жоғары. Финалда біздің құраманың ілгіштері жақсы ойын көрсете білді. Әсіресе жекпе-жек сайыстарында Лазер атты тұлпарды мінген Құлажанның жеңіс туын желбіретуімізге сіңірген еңбегі орасан зор.

Бақтияр ТАЛАЙБЕКҰЛЫ, қырғызстандық шабандоз:
– Азия чемпионатына ұзақ уақыт да­йын­далып, алдын ала ойластырған тәсілді қол­данғанымызбен, жеңісті уысымыздан шығарып алдық. Финалға дейін аса қиын­дық тудырған құрамалар болған жоқ. Бі­рақ қазақ көкпаршылары – біздің ежел­ден келе жатқан мықты қарсыластарымыз. Өт­кен жылы Шымкентте өткен Асанбай Асқа­ров атындағы халықаралық турнирде клуб­тық құраммен біз басым түскен бо­латынбыз.

Бұрқо ҰЛЫБАТЛЫ, түркиялық көкпаршы:
– Түркияның көкпар ойынына ден қой­ға­нына көп уақыт өткен жоқ. Сол жақта тұра­тын қырғыз ағайындардың бас бо­луымен енді ғана қолға алынып жатыр. Сон­дықтан нәтижесі керемет емес. Бірақ тү­рік жұртының көкпарға деген қызығу­шы­лығы жоғары. 

Архат ҚУАНЫШҰЛЫ, Іле аймағынан келген көкпаршы, Қытай құрамасы:
 – Іле автономиясындағы қазақтар көк­пар ойнайтындықтан, Қытай мемлекеті Азия чемпионатында ел намысын қорғау үшін бізді атамекенге аттандырды. Үшінші орын үшін таласта тәжіктермен ереже өз ал­дына, Қазақстаннан берілген аттар еш сеп­тігін тигізбеді. Көкпар ойыны бізге қиын емес, тек ережесі бар көкпарға бейім­дел­сек, жеңіске жетуге болады. Енді Қытайға бар­ған соң жастарды осы ереже бойынша баулитын боламыз.

Арман КЕНЖЕБЕК, өзбекстандық шабандоз:
– Турнир барысында қырғыз құрама­сы­мен жолығып, жарыстан шығып қалдық. Біз­дің құрама – елдегі жас команданың бі­рі. Азия чемпионаты сынды жарысқа алғаш рет қатысып отырғандықтан, жүл­де­лі орын­ға іліну қиынға соқты. Алдағы Азия чем­пионатына зор дайындықпен келеміз де­ген сенімдемін. Қалай болғанда да бұл до­да біз үшін үлкен сабақ болды.

Мәнти БЕРДІҚАН, моңғолиялық шабандоз:
– Біздің құраманың ең әлсіз тұсы – атта­ры­мыздың осал болуы. Моңғолиядан қа­зақ жеріне дейін өз аттарымызды әкелу мүм­кін емес және екі рет шекарадан өту ке­рек болғаннан кейін рұқсат бермеді. Ал­дын ала ат дайын дегенімен, көңілден шық­қан жоқ.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста