2014 жылы физика, биология және география пәндері бойынша ҰБТ сұрақтарының үштен бір бөлігі жаңартылды.
«Қазақстанда биылғы жылы бірыңғай ұлттық тестілеу 50 мыңға жуық тест сұрақтарын қамтиды, оның ішінде 14 мыңы жаңа сұрақ» – дейді Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов. «Біздің деректер қорында 14 пән бойынша 170 мыңға жуық тапсырма бар, биылғы жылы оның шамамен 50 мыңы тест тапсырмасында пайдаланылады, оның 14 мыңы биыл әзірленген. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен қысқаша баспасөз мәслихатында министр «бұл жаңа тапсырмалар: 7,5 мың – қазақ тілді мектептер үшін, 6 мың 700 – орыс тілді мектептер үшін» деп атап өтті.
Сонымен қоса, министр тест тапсырмаларының әр пән бойынша жаңарту пайыздығы осы пәнді таңдау және сұранысқа ие болуға байланысты екенін айтты.
Сондай-ақ министр, 2014 жылы бірыңғай ұлттық тестілеуге 92 мың мектеп түлегі қатысатынын тілге тиек етті. «Биылғы жылы мектепті 133 мың түлек тәмамдады, оның 92 мыңы, яғни 70 пайызы тіркелді. Оның 64 мыңы қазақ тілінде және 28 мың орыс тілінде тест тапсырады», - деп мәлімдеді.
2014 жылы ҰБТ арнайы жабдықталған 155 орында 2 мен 8 маусым аралығында өтеді. Оның 48-і қалалардағы жоғары оқу орындарында, қалғандары аудан орталықтарында өтеді.
2009-2013 жылдардағы ҰБТ қорытындыларына талдау барысы көрсеткендей, жиі таңдалатын пәндер физика, биология және география болып табылады. Осы пәндер бойынша тапсырмалар шамамен 30%-ға жаңартылған.
Тестілеу бес пән: математика, туған тілі (оқыған тілі), Қазақстан тарихы, қазақ тілі (орыс тілді мектептер үшін) немесе орыс тілі (қазақ тілді мектептер үшін), таңдаған пәні (география, физика, биология, химия, дүниежүзі тарихы, қазақ әдебиеті, орыс әдебиеті, шетел тілі жіне т.б.) бойынша жүргізіледі.
ҰБТ сұрақтары жаңартылды
Последние статьи автора