Теннис, гольф пен поэзия – көшбасшыға тән хобби

Кез келген адам сияқты Елбасының да қызығушылықтары мен сүйікті істері көп. Мемлекет басшысының негізгі хоббиі – спорт, музыка мен ғылыми шығармашылық.

Спорт

Елбасының бос уақыты мүлдем жоқтың қасы. Бірақ спортқа әрқашан мүмкіндік та­бы­лады. Өзінің айтуынша, бұл «сер­гек­тік­ті, айқын ой мен бойда мемлекетті бас­қа­ру­ға арналған энергияны сақтау үшін қа­жет». Прези­дент бала кезінде күреспен әуес­тенген. Ал есейген ша­ғынан бастап, не­гізінен, үлкен теннисті өзінің хоббиі са­на­ды. Елбасының корт­та­ғы шеберлігін халық тұңғыш рет 1992 жы­лы байқады. Арада бес жыл өткенде На­зар­баевтың кәнігі гольфшы екені мәлім бол­ды. 2001 жылғы ресми гольф мау­сы­мында Мемлекет басшысы жеке есепте екін­ші орын иеленді. Спорттың осы бекзат тү­рінің елімізде кең дамуына Пре­зиденттің өзі үлес қосты. Нұрсұлтан Әбішұлы күн са­йын таңертең 40 минут бой жазу жатты­ғу­ларын жасайды. Волейбол, футбол ойнап, бассейнде жүзеді, фитнес үйірмесіне барып тұрады, тауда шаңғы тебеді. Тауға өр­ме­леумен және ат спортымен де айналысады. Ел­басы – дойбы, тоғызқұмалақ сияқты спорт­тың зияткерлік түрлерінің де асқан білгірі.

Музыка

Жас шағында Елбасы домбыра, гитара, баян, ак­кордеон, мандолина сияқты му­зы­калық аспаптарда ойнай білді. Халық ән­­дерін, халық сазгерлері шығар­малары мен ұлы Абайдың әндерін нақышына кел­ті­ре айтып, вокалдық мүмкіндік­терін же­тілдіретін. Украина­ның Днепро­дзер­жинск қа­ла­сын­дағы кәсіптік-техни­калық учи­­ли­щеде оқып жүр­ген кезінде жергілікті фоль­клор­ды, әсіресе украин халқының әндерін үй­ренді. Кейін жауапты мемлекеттік қыз­мет­терді атқара жүріп, ұлттық музыканың, қазақстандық өнерпаздар шығарма­шы­лы­ғының дамуына тікелей атсалысты. Ел­ба­сының өзі қазақтың бай рухани мұрасы қатарына бірнеше әнді қосты. «Үшқоңыр», «Жерім менің», «Елім менің» әндері атамекен, Отан тақырыбына арналды. Бұған қоса Нұрсұлтан Әбішұлы әйгілі Шәмші Қалдаяқов пен Жұмекен Нәжімеденовтің «Менің Қазақ­ста­ным» әнінің тың игеру жылдарынан қалған жол­дарын өзгертіп, Мемлекеттік Әнұранға ай­налдырғаны белгілі.

Әдебиет

Елбасының ең басты қы­зығушылығы – ғылыми шы­ғармашылық пен әдебиет. Оның барлық еңбегі мем­лекет дамуының та­рихи жо­лын саралауға, келешектегі бағыт-бағдарын айқындауға арналды. «Ға­сырлар тоғы­сын­да», «Бейбітшілік кіндігі», «Қазақстан жолы», «Тәуел­сіздік белестері», «Сындарлы он жыл», «Жүз жыл­ға тати­тын он жыл» және басқа да он­нан астам кітабы әлем са­рапшылары жа­та-жастанып оқитын дүниелерге ай­налды. Экономика ғылымының докторы – «Ша­руа­шылық есепшілдік», «Қазақстан эко­но­ми­касы: жаңарудың шындығы мен ке­ле­шегі», «Арал жағалауы мәселелері мен оларды шешу жолдары» және тағы басқа көп­теген ғылыми жұмыстың авторы. Ақыл-ой мүмкіндіктерін дамыту, интеллектуалдық әле­уетті арттыру – Елбасының басты ұс­та­нымы. Ғылыми шығармашылықпен қатар, ұлт көшбасшысының ақындық таланты да бар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста