Қазақ термесімен қайта қауышты

Қазақ термесімен қайта қауышты

Есті сөз бен өнегелі өлеңге сусап қалған жырсүйер қауым Астана төріндегі Конгресс-Холл сарайында дүбірлеген думанды кештің куәсі болды. Кеңес дәуірінде кенжелеп қалған төл өнеріміз – терме жанрын қазақпен қайта қауыштырған Әзірет Сұлтан мешіті өткен жылдың қараша айында республикалық термешілер сайысын өткізген еді.

ХХ ғасырдың орта тұсын ала бере кесірткенің құйрығындай шорт кесілген термешілік пен өсиет өлеңнің ауылы қазақ баласынан көп жырақтап кеткені жасырын емес. Жоғымызды бір түгендеп, кеткеніміздің орнын толтыруға бұл бәйгенің қосқан үлесі орасан болды. Алпыстан асса да, аталы сөз айта алмаған бірсыпыра ақын ағаларымыз сылдыр сезім мен қу құлқынның қамын күйттеп, жастарды имандылыққа шақырудың орнына өздері жастардың аузына телмірген кезді де көзіміз көрді. Осындай олқылықтың орнын толтыру мақсатында ұйымдас­тырылған бәйгеге еліміздің түкпір-түкпірінен бас-аяғы 300-ге жуық шығарма түскен екен. Соның ішінде 20 ақынның термесі қазақ мәдениетінің қоржынын толықтырды. Аузы дуалы ақын­дарды имандылыққа шақыратын терме жазуға итермелеген, ең бірінші, сайыстың талабы немесе берілер жүлде қоры емес, Хақ­ты таныған жүректері деп білеміз.
Кешке жиналған қауым қазына толы алтын сандық тауып алғандай қуанғанын бал-бұл жайнаған көздерінен, иман ұйыған жүздерінен байқау қиын емес. Белгілі айтыскер ақын Еркебұлан Қайназаровтың «Не жақсы, не жаман?» атты термесі мен «Нұр» Қазақ-Египет Ислам мәдениеті университетінің 2-курс студенті Роман Бұрқаштың «Кішкентай» атты термесі көпшіліктің көз­айымына айналды. Жамағаттың жүрегін шымырлатып, көзіне жас алдырған Арман Бердалин мен Жәкен Омаров болды.
Өрілген өлеңнің ішкі өзегін беру, сүбелі сөздің сөлін татыру, нақыл мен өсиеттің мәйегін бір шумаққа, кейде тіпті бір жолға сыйғызу – терменің негізгі талабы. Терме жазуға ниеттенген ақын­дарға да қойылған талаптың тура осындай болғанына жеңімпаздарды марапаттау кезінде көзіміз жетті. Сонымен, үздік деп танылған 20 ақынның ішінде: Жамбыл Дүйсенов, Батырболат Айтболатұлы, Қанат Ибрагимов, Алмас Темірбай, Амандос Қар­шалов, Тоқтарәлі Таңжарық, Тынымбай Досбатыр, Медетбек Шәб­денбекұлы, Сырым Әуезхан, Бауыржан Қарағызұлы, Тілеген Әділов, Серікзат Дүйсенғазин, Мырзан Кенжебай секілді елге таны­мал ақындар ынталандыру сыйлығымен қоса, «Умра» қажы­лығына баратын жолдамаға ие болды.
«Үздік мақам» аталымын жеңіп алғандар қатарында Оңтүстік Қазақстаннан келген сазгер-термеші Жақып Сыпатаевтың, ақтө­белік жыршы Әділбек Сарин мен қызылордалық сазгер-жырау Жарқынбек Тұрымбетовтің мақамдары әуезділігімен, ырғақты­лығымен ерекшеленді.
Ерік Жақсығұлов, Еркін Шүкіманов, Данияр Сүлейменов секілді күміс көмей, жез таңдай әншілеріміз өз таланттарының тұғырын тағы бір биіктетіп, үздік орындаушы атағына ие болды. Жоғарыда аталған «Үздік орындаушы» және «Үздік мақам» аталымдарының жүлдесі 150 мың теңге көлемінде.
Жүлделі үшінші орынға табан тіреп, 500 мың теңге ақшалай сыйлықты қанағат тұтқан ақындар: Жұманазар Сомжүрек, Серік Қалиев, Бекмұрат Анарбаев. Ал екінші орынға Еркебұлан Қайна­заров пен Қалқаман Сарин тұрақтап, әрқайсысы 750 мың тең­геден ақшалай сыйлықты қанжығаларына байлады.
«Текті сөздің төресі – терме» байқауының бірінші орны және 1,5 млн теңге ақшалай сыйлығын «Кішкентай» атты терме авторы Роман Бұрқаш иеленді. Республикалық термешілер байқауының бас бәйгесін, сонымен қатар «Skoda» автокөлігін «Жоқ іздеп жүрмін» деген термесімен айтыскер ақын Арман Бердалин жеңіп алды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста