Жемқорлықпен күрес жетіліп келеді

Жемқорлықпен күрес жетіліп келеді

Елімізде жыл өткен сайын жемқорлықпен күрес күшейіп келеді. Соның ішінде Алматы қаласы да жемқорлықпен күреске барынша көңіл бөліп, оның алдын алуға тырысуда. Өйткені жемқорлықтың мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін айтарлықтай төмендететіні, қоғамда демократиялық оң өзгерістерді жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне нұқсан келтіретіні белгілі.
Осы орайда Алматы қаласына қарасты Әуезов ауданы әкімінің аппараты, аудандық қызметтері, «Нұр Отан» партиясының Әуезов аудандық филиалымен бірлесіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша бірқатар іс-шаралар жүргізуде.
Мәселен биылғы жылдың сәуір айында мемлекеттік органдарда жемқорлыққа қарсы және құқықтық сананы қалыптастыру, мемлекетті шоғырландыру, қоғамды жемқорлыққа қарсы күреске жұмылдыру бойынша, Әуезов ауданы әкімінің аппараты мен «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы, Әуезов ауданы тұтынушылардың құқықтарын қорғау Басқармасында семинар-кеңес өткізілді. Іс-шараға Әуезов ауданы әкімі аппаратының, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының жауапты қызметкерлері, № 6, 104, 122 орта мектептері мен №174 балабақшаның педагогтары және Әуезов ауданындағы мүгедектерді оңалту және бейімдеу орталығының мамандары қатысты. Сондай-ақ сәуір айының 25-і күні Әуезов ауданы әкім аппаратының басшысы, Алматы мемлекеттік сервистік қызмет көрсету колледжінде Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі ережелерін түсіндіру бойынша кеңес өткізді. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Алматы қаласы бойынша мемлекеттік қызмет істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаменті Агенттігінің басшысы М.Анапин, «Общественный проект» мекемесінің басшысы А.Братенков, мемлекеттік мекемелердің, жоғары және арнайы орта оқу орындарының басшылары қатысты. Бұл шараның негізгі мақсаты қоғамдағы сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне немқұрайды қарамау. Жемқорлықпен күрес – бүкіл қоғамның, әрбір Қазақстан азаматының міндеті екенін түсіндіру болатын. Шара соңында кеңеске қатысушылар жемқорлықсыз қоғам қалыптастыру үшін, әрбір азамат Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» заңын білуі тиіс екенін атап өтті.
Ал биылғы жылдың мамыр айында Әуезов ауданының әкім аппараты мен «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының ұйымдастыруымен, № 64 бала-бақшасында орналасқан «Электрон» бастауыш партия ұйымында, партияның «Жемқорлықсыз ел – гүлденген ел!» жобасы аясында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске арналған бағдарламалардың іске асырылуына және жемқорлықты біржолата жою мақсатында, «Жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбына «дөңгелек үстел» өтті. Іс-шара барысында мемлекеттік қызметкердің атына кір келтіретін әрекеттерден әркімнің аулақ болу қажеттілігі айтылып, мамандармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жалпы жемқорлық секілді жегі құрттың алдын алу үшін мемлекеттік қызметкерлермен жұмыс жүргізудің маңызы зор. Осы орайда қала көлемінде атқарылып жатқан мұндай іс-шаралардан күтеріміз көп. Әуезов ауданы әкімінің аппаратымен, Алматы қаласы бойынша мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы Қазақстан Республикасы Департаменті агенттігінің хатын орындау үшін, аудандық мекемелерде, көппәтерлі тұрғын үйлерде және адам көп жиналатын объектілерде (көлік, сауда орталықтары, базарлар және т.б.), жемқорлықтың алдын алу мақсатында плакаттар орналастырылған және парақшалар таратылған. «Назар аудар, есіңде сақта!» атты тақырыпқа арналған 210 мың парақша таратылған, 5000 плакат ілінген. Аудан тұрғындары тарапынан сенімді нығайту, аппарат қызметінің ашықтығын көтеру, қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану фактілері және лауазымды тұлғамен «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» нормаларын бұзу, азаматтардың құқығын бұзу, жемқорлық құқықбұзушылықтарды жасау жөнінде халықтың уақытылы хабарлау мақсатында, және де шұғыл түрде шара қолдану үшін, аудан әкімінің интернет-ресурсында көрсетілген «сенім телефоны - 3034274» қызметі ұйымдастырылған. Қосымша, аудан әкімі аппараты ғимаратының кіре берісіне жемқорлық фактілеріне, лауазымын асыра пайдалану көріністеріне қатысты өтініштерді қабылдау үшін жәшік қойылған. Жәшіктегі хаттарды алу әкім аппараты қызметкерлеріне қатысты өтініштің түсуіне қарай алынады. 2017 жылдың есептік мерзімінде аудан әкімі аппараты қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы заңының бұзылуы туралы іс-әрекетіне байланысты өтініштер келіп түспеді. Демек бұл бағытта тақырылып жатқан шаралар өзінің жемісін берді деуге болады. Аудан әкімі және әкім орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысымен азаматтарды қабылдау үшін арнайы күн мен сағат белгіленген, қабылдау кестесі жалпыға қол жетімді жерге орналастырылған және аудан әкімінің интернет-ресурсында орналастырылған. Сонымен қатар, аудан қызметтері туралы, оның ішінде құқық қорғау органдарының бірінші басшыларының телефондары мен мекенжайы туралы ақпарат орналастырылған. Ғимараттың кіре берісінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Біздің міндет – халыққа қызмет» бірыңғай байланыс орталығының 1494 (қоңырау тегін) телефоны көрсетілген. Баршаға қол жетімді орында жүргізіліп отырған мемлекеттік сатып алулар, тауарлар, қызметтер, жұмыстар туралы ақпараттар қабырғаға ілінген. Сонымен бірге, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға жарияланған конкурстар туралы ақпарат қабырғаға ілінген. Яғни ауданымызда ашықтыққа, жариялылыққа көңіл бөлінген. Аудан әкімінің Интернет-ресурсында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» атты баннер орнатылып, онда Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» заңы, «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары», «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған Алматы қаласының Іс-шаралар жоспары» және оларды орындау туралы ақпарат орнатылған. Әуезов ауданы әкімінің аппаратында мемлекеттік сатып алулар «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бүйрығына сәйкес жүргізіледі. «Мемлекеттік сатып алулар www.goszakup.gov.kz Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу Веб-порталында электрондық нұсқада жүзеге асырылады. Жүйе мемлекеттік сатып алулар саласындағы электрондық қызметке берілген бірыңғай рұқсаттама желісін құрып, Интернет жүйесіне қосылған кез келген компьютерден тапсырысшы, ұйымдастырушы және өнім беруші ретінде мемлекеттік сатып алуларға қатысуға мүмкіндік береді. Жемқорлықтың алдын алу мақсатындағы мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын таба береді.
Еркенұр ЕРЗИЯ

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста