Зейнетке шығатын қызметкерге еңбек шартын бұзу туралы ескерту қашан жасалады?

Зейнетке шығатын қызметкерге еңбек шартын бұзу туралы ескерту қашан жасалады?

Бүгiн Мәжiлiс үйiнде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау вице-министрi Бiржан Нұрымбетов халықты жұмыспен қамту және көшi-қон мәселелерi туралы Заң жобасын таныстырды. Жоба аясында зейнетке шығатын қызметкерлерге қатысты өзгерiстер енгiзiлетіні де айтылды.
Бүгiн ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi депутаттардың талқылауына «ҚР кейбiр заңнамалық актiлерiне халықтың жұмыспен қамтылуы және көшi-қон мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Заң жобасын ұсынды. Жоба аясында өзгерiстер мен толықтырулар 9 заңнамалық актiге, соның iшiнде 4 кодекс пен 5 заңға енгiзiлмек. Солардың бiрi – 2015 жылғы 23 қарашадағы ҚР Еңбек кодексi.

«Еңбек кодексiне енгiзетiн бiр-екi өзгерiсiмiз бар. Жұмыс берушi қызметкердiң зейнеткерлiк жасқа жетуiне байланысты еңбек шартын бұзатын күнiне кемiнде бiр ай қалғанда оны хабардар етедi. Өздерiңiз бiлесiздер, Еңбек кодексiнде қызметкер зейнет жасына жетсе, оны жұмыстан шығаруға болады делiнген. Бiрақ, жұмыс берушi оны бiр ай бұрын ескертуi керек деп айтылған. Iс жүзiнде жұмыс берушiлер бұны әртүрлi ғып талқылай бастады. Жұмыс берушiлер арасында «ескертудi ертерек беру керек пе, кейiн беру керек пе?» деген сұрақ туындады. Сондықтан, бiз осыны нақтылап жатырмыз. Ендi қызметкер зейнет жасына жетедi, содан кейiн жұмыс берушiнiң оған ескерту жасауға құқығы пайда болады. Ескертудi бiр ай бұрын жасау керек болатындықтан қызметкердi зейнет жасына толған соң бiр айдан кейiн ғана жұмыстан шығаруға болады», – дедi Бiржан Нұрымбетов. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста