Жаркент қаласында алғашқы оңалту орталығы ашылды

Жаркент қаласында алғашқы оңалту орталығы ашылды

Панфилов ауданында алғаш рет оңалту орталығы ашылды. Енді өңірдегі мүмкіндігі шектеулі балалар арнайы білікті мамандардан медициналық және психологиялық көмек ала алады. Бұған дейін ауданда мұндай орталық болмаған еді. Мекеменің ашылуы тұрғындардың қуанышын еселеді. Ең бастысы сал ауруымен ауыратын мүмкіндігі шектеулі  балаларға тегін қызмет көрсетіледі.  Тілші бейнематериалында.
Мүгедектерді қолдау - мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі. Бұл жолда тапжылмай еңбек етіп, қоғамға үлесімді қоссам деген жандардың бірі Айман Қрықбаева. Жаркенттің тумасы, жас кәсіпкер, дефектолог бұрыннан мүмкіндігі шектеулі балаларға арнап осындай орталық ашуды армандаған. Шетелде білімін жетілдіріп, тәжірибе жинаған маман бүгінде демеушілер көмегімен оңалту орталығын ашты. Енді бұл мекемеде бір уақытта 3 пен 14 жас аралығындағы 50 баланы оңалтуға мүмкіндік бар. 
АЙМАН ҚЫРЫҚБАЕВА - ЖАРКЕНТ ҚАЛАСЫНДАҒЫ "МО-МО" ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ  
Венгрия қаласында оқығанымда осындай орталықтар көп екенін көрдім. Бізде жеке орталық ашып балаларды дамытуға болатынына көз жеткіздім. Біз енді өз ақшамызға өмір сүреміз. Қалыптағы балаларға арнап ағылшын, каратэден ақылы курстарын ашып мұғалімдердің жалақысын төлейміз. 
Жүйке жүйесі бұзылып, дамуы кешеуілдеген балалармен арнайы мамандар жұмыс істейді. Орталықта тәрбиеші, психолог, педиатр, логопед, дефектолог, еңбек инструкторы мамандары балалардың танымдық қабілеттерін, өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын үйретеді. Сонымен қатар, мұнда  сенсорлық бөлме, физиоемдеу, массаж, спорт кабинеттері арнайы ресейлік құрал-жабдықтармен жабдықталған. Отандық дефектолог мамандар мақұлдаған арнайы оқыту жоспары да бар. Осы кесте бойынша мүмкіндігі шектеулі балалар тегін оқытылады. 
АЗАТ ЖАҚЫБАЙ - ПАНФИЛОВ АЖДАНДЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Қазір бөлімімізде екі бөлімше бар. онда 26 қызметкер 156 балаға әлеуметтік көмек көрсетеді. Бұл өте аз. Бізге осындай орталықтар қажет. 
Жалпы Панфилов ауданында бүгінде 800-ден астам 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі бала бар. Оның 370-і Жаркент қаласында. Жалғыз орталық қала бойынша тек 50 баланы ғана  қамтуға мүмкіндігі бар. Өзгелеріне әлеуметтік қызметкерлер ғана көмек көрсете алады. Орталық әлі де материалдық көмекке зәру. Қолдау білдіретін демеушілер табылып жатса, орталықты кеңейтіп игі істі де көбейтер едік дейді орталық директоры. 
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста