Вагон зауыты жанданды

Вагон зауыты жанданды

Екі жылғы үзілістен кейін «Қазақстанның вагон жасау компаниясы» ЖШС-і өз жұмысын бастады. Осыған орай, Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов Екібастұзға келіп, зауыттың тыныс-тіршілігімен танысты. Аймақ басшысы мұнда цехтарды аралап, жартылай вагондарды көрді. Айта кетерлігі, қазір мұнда әрқайсысының орташа құны 10 миллион теңге болатын 135 жартылай вагон бар.
Зауыттың бас директоры Сүйіндік Қуандықовтың айтуынша, жұмыстың оңға басуына 50 жартылай вагонның жеке кәсіпорынға сатылуы себепші болыпты.
Қазіргі таңда зауытта 155 жұмысшы толық емес, яғни, ауысым ұзақтығы 4 сағатты құрайтын төрт күндік жұмыс аптасы кестесімен еңбектенуде. 163 адам ауысым ұзақтығы 8 сағаттан тұратын төрт күндік кестемен жұмыс істеп жүр. Жұмыс күнінің толық кестесіне сай 8 сағаттық ауысымда зейнет жасына жақындаған 30 адам еңбектенуде. Жалақының сақталуынсыз еңбек демалысындағы адамдар саны – 31.
Еңбекақының орташа мөлшері 60-80 мың теңгені құрайтын кәсіпорындағы штаттық тізім 397 адамды құрап отыр.
Ал желтоқсан айынан бастап зауытта инновациялық вагондар шығару жоспарлануда.
Жалпы, 2008 жылы ашылған «Қазақстанның вагон жасау компаниясы» ЖШС-і осы күнге дейін 4 823 әмбебап вагон мен екі жабық вагон шығарған.
Соңғы жылдары экономикалық дағдарыс салдарынан зауыт жұмысы тоқтап, жұмысшылар алдында жалақы қарызы қордаланып қалған болатын. Биыл бұл мәселе оңтайлы шешімін тауып, зауыт басшылығы 1 қыркүйекке жұмысшылар алдындағы жалақы қарыздарын толық төлеп, 429 жұмыскермен есептесті.
Жыл соңынан бастап әмбебап фитингілік платформа шығаруды көздеген зауыт «ЗИКСТО» АҚ-ымен (Петропавл қаласы) 500 теміржол плаформасына тапсырыс алып, оған алдын ала төленген қаржыны жалақы мен салық қарыздарын жабуға және кредиторлар алдындағы міндеттерді өтеуге пайдаланды.
Әмбебап фитингілік платформалар - кез келген көлемді жүкті, мәселен, контейнерлерді, тракторлар мен ауыр көліктерді, станоктарды тасымалдауға қажетті платформалар. Платформаға қажетті ірі түйінді құрастыру бөлшектері әзірге Қазақстанда болмағандықтан, Ресейден сатып алынады. Ал тіркемелерді осы зауыттың өзінде-ақ жасауға болады.
- Мұндай бағытты таңдауларыңызға не себеп болды? - деген сұрағымызға Сүйіндік Қуандықов:
- Вагон жасау нарығын зерттеп көрдік. Алдағы уақытта Қазақстан Қытай мен Еуропаны жалғайтын дәліз болатындығын ескерсек, біздің өнім зор сұранысқа ие болуға тиіс, - деп жауап берді.
- Инновациялық жартылай вагондарымызды өткізуге келісімшарт жасаудан үміттіміз. Жүк вагондары өндірісін лизингілік несиелеу арқылы қаржыландырып, «Қазақстан темір жолы» АҚ» ҰК-не қарасты «КТЖ-Экспресс» кәсіпорнына 1500 вагон жасамақшымыз. Бұл мақсатқа осы жылы 17,5 млрд. теңге алу жоспарлануда. Жалпы, қазіргі уақытта мерзімі өткен вагондар қолданыстан көптеп шығарылуда. Талапқа сәйкес вагондар 32 жылдан аса қолданылмауы керек. Осы уақытқа дейін олардың мерзімі ұзартылып келді. Бірақ бұдан былай мерзімі өткен вагонды қолдануға тыйым салынуда. Мұның өзі біздің өнімге деген сұранысты арттырары сөзсіз, - дейді зауыт басшылығы.
Айта кетерлігі, бүгінгі күні зауыттың жұмысшылар алдында жалақы қарызы жоқ.

Жанаргүл Қадырова,
Павлодар облысы
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста