Ұры-қары қайдан шыққан?

Жапонияның Кюсю аймағының ертегісі

Ертеде, алғаш дүние жаралған кезде барлық Пір атаулы жер бетіне жиналыпты. Олардың әрқайсысына жаратылыс жүгі теңдей бөлінген соң, жәндіктер, балық пен ұлу, хайуанаттардың түр-түрі келіпті бұл дүниеге. Ең соңында пірлер кеңесе келе өздерінен аумайтын Адамзат деген жаратылыс иесін жасауды ұйғарыпты.
Пірлер дуылдасып отырып, сазды илеп, бірнеше түрлі адам бейнесіне келтіріп, күн көзіне қойыпты. Кенет жаңбыр жауады. Пірлер улап-шулап, саз мүсіндердің аяқ-қолдарын бүктеп, жәшікке салды. Саз мүсіндер бүлініп, мүгедек бейнеге түсті. Мүгедек жандардың дүниеге келуі осыдан басталған екен.
 Адам баласы жаратылған соң оны жебейтін Пірді анықтар кезде Аспан пірі мен Теңіз пірінің арасында талас туды.
— Жер бетінде Адамды жарату керек деген бастаманы басқа емес, Аспан пірі көтерді емес пе?
—    Жоқ, сол Адамға тіршілік рухын — жанды салған басқа емес, Теңіз пірі. Аспан пірі мен Теңіз пірі осылайша таласты.
 Даудың бітімі болмаған соң Аспан пірі қураған екі ағашты алып, мынандай ұсыныс айтты:
— Қанеки, мына қураған ағаштарға қайсымыз гүл бітірсек, сонымыз Адамның иесі болайық. Қураған ағаштарды жастығымыздың астына қойып, ұйықтайық. Таңертең кімнің ағашы гүлдеп тұрса сол Адамның пірі болады.
Аспанның пірі осылай деді де, қураған ағаштардың біреуін Теңіз піріне берді. Сөйтіп екеуі бір-бір ағаштан басына жастанып ұйқыға кетті. Түн ортасында Аспан пірі көзін ашып қараса жастығының астындағы қураған ағаш сол қалпы, ал Теңіз пірінің жастығының түбінен әдемі гүл көрінеді. Аспан пірі ағаштарды алмастырып қойды да, қайтадан ұйқыға кетті.
Таң ағарып атқанда Аспан пірі көрпесін түріп, тіл қатты:
—    Міне, менің жастығымның түбіндегі ағаш гүлдеп тұр. Адам өмірін  мен билеймін.
Сонда Теңіз пірі былай деді:
—    Менің жастығымның астындағы ағаш қана гүлдеуі керек еді. Бірақ Аспан пірінің ағашы гүлдепті. Мен Теңізіме оралармын. Бір ескертерім, енді бұл дүниеде ұрылар мен қарақшылардың сан түрі пайда болады. Әлем ұрылар қоғамынан құралып, тек ұрылар мен қарақшылар ғана байып, солар бір-бірімен шайқасады. Бір-бірін қырып-жойып, алтын заттарын тонайды.
Ол осыны айтты да Теңізге кетті. Содан бастап барлығынан биік тұрған Аспан пірі Адамға иелік ететін болыпты.  Теңіз пірінің сәуегейлігі де айна-қатесіз жүзеге асып келеді екен дейді.

Жапон тілінен аударған Шарапат Жылқыбаева

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста