Унитаз алған әкім жұмыстан қуылды

Унитаз алған әкім жұмыстан қуылды

Мемлекеттік сатып алу қаржысын 2 раквина, 2 унитаз алуға жұмсап, жұмыстан қуылған әкім жергілікті билікпен соттасып жатыр деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Ақтөбе облысы Шалқар ауданына қарасты Жаңақоныс ауылдық округының бұрынғы әкімі Данабек Ерсайын парақор атанып, 2015 жылдың маусым айында жұмыстан қуылды.

Мемлекеттік қаржының жұмсалуына терсеріс жүргізген прокурорлар әкімнің негізсіз қаржы жұмсағанын анықтаған. Тексеру кезінде балабақшаның жөндеу жұмысына бөлінген қаржыдан 29 083 теңгенің мердігер компанияға артық төленгені белгілі болды. Бірақ, бұрынғы әкім прокурорлардың бұл әрекеті жала деп отыр.

«Мен халықтың адамымын, арымның алдында тазамын. Және мені парақор дегендерге ақтығымды дәлелдеймін. Маған ауылда балабақшаға жөндеу жұмысы жасалған кезде мердігер компанияға 29 083 теңгені артық төледі деген айып тағылды. Бұл дұрыс емес, прокурорлар тексеріс кезінде есептен қате жіберген. Қол жуғыш пен дәретханаға кеткен қаржы тек 1350 теңге ғана. Сол үшін тәртіптік кеңеске шақырылдым. Аудан әкімінің орынбасары жұмыстан қуды» , – дейді Жаңақоныс ауылдық округының бұрынғы әкімі Данабек Ерсайын.

Данабек бұрынғы ауыл ұстазы. География пәнінің мұғалімінен ауыл әкіміне дейін көтерілген азамат абыройын 2 унитаз шайып жіберген. 2008 жылдан 2015 жылдың 29 маусымына дейін Жаңақоныс ауылдық округын басқарған экс-әкім бүгінде сот жағалап жүр.

Екі төсі орденге толы, бұрынғы ауған соғысының ардагері құқық қорғау қызметінің әрекеттері де заңсыз деп отыр. Айтуынша, тергеу кезінде олқылықтар көп кеткен.

«Мен өзіме қатысты тергеу қорытындысымен танысқан жоқпын. Мені жұмыстан шығарған аудан әкімі емес, оның орынбасары. Мен өзімнің парақор еместігімді дәлелдеп, қызметіме қайта отырамын», – дейді Данабек Ерсайын.

Округ әкімінің шағымы бойынша сотттың апеллияциялық отырысы 16 қыркүйекте өтті. Ақшасы бөлініп, қондырылмай қалған балабақшадағы унитазға байланысты шағым облыс судьяларының қарауымен қанағаттандырылусыз қалдырылды. Бірақ, белін бекем буған бұрынғы әкім кассацияға дайындалып жатыр.
 nur.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста