Ұялы телефон пайдалануға тыйым салуды ұсынды

Ұялы телефон пайдалануға тыйым салуды ұсынды

Қазір электронды техниканың ғарыштап дамыған уақыты. Ай сайын смартфон, планшет дегендердің жаңа түрлері шығып жатыр. Тіпті бүгінгі таңда мектеп оқушылары ұялы телефон, смартфон, планшетсіз жүре алмайтын күйге жетті. «Заманына қарай адамы» демекші олар ондай қондырғыларды жақсы меңгерген. Алайда...
Алайда, таяқтың екі ұшы болатыны сияқты смартфон мен планшеттің де пайдасы мен зияны қоса бар. Пайдасы бәрімізге белгілі. Кез келген уақытта ата-ананың баласымен хабарласып отыруға мүмкіншілігі бар. Сонан соң оқушылар ғаламторға кіріп қажетті мәліметті жылдам алады, тағысын тағы...
Зияны ше? Компьютер, смартфон, планшет секілді қондырғыларды шектен тыс пайдалану бала денсаулығына зиян екендігі туралы бұған дейін де талай айтылған. Бұл жайлы дәрігерлер алаңдаушылығын әлі де айтып келеді. Енді дәрігерлерге ұстаздар мен құқық қорғау органы мамандары да қосылып отыр.
Ұстаздардың айтуына қарағанда, сабақ үстінде Ұялы телефон, смартфон, планшет пайдаланып, мұғалімнің дәріс өткізуіне, өзге оқушылардың сабақ тыңдауына кедергі келтіретін мектеп оқушыларының қатары артып келеді. «Ал сабақ үстінде оқушылардың Ұялы телефон, смартфон мен планшеттерін тәркілеуге мұғалімнің құқығы жоқ. Өйткені ол оқушының жеке мүлкі. Ал азаматтың жеке мүлкін сот шешімінсіз тәркілеуге ешкімнің құқығы жоқ. Егер ондай жағдай орын алса, оқушының ата-анасы сотқа беруі мүмкін» дейді ұстаз қауымы.

Дариға ИСМАИЛОВА, мектеп мұғалімі:
- Мұндай мәселенің бары рас. Қазір ұялы телефон ұстамайтын оқушы жоқ. Жоғарғы сынып оқушылары да, бастауыш сынып оқушылары да ұстайды. Баланың аты бала емес пе, қанша ескертсең де сабақ үстінде бір-біріне хат жазып отыратын оқушылар бар. Біреуі сабаққа қатысты сұрайды, біреуі әңгімесімен бөліседі. Телефон арқылы хат алмасу сән сияқты ма? Ондай балалар сабақ тыңдамайды және мұғалімнің жұмысына кедергі жасайды. Ал оқушының ұялы телефонын алуға құқғымыз жоқ. Ата-аналарға айтсаң, кейбірі өзіңе ренжиді. Қай мектепте екені есімде жоқ, бір мектепте мұғалім сабақ кезінде сыныптағы оқушылардың ұялы телефонын жинап алға екен. Сабақ біткенде бір оқушының телефоны жоқ болып шығыпты. Сондықтан оқушылардың ұялы телефонын жинап алу да мәселе туындатуы мүмкін. Шынымды айтсам, бұл мәселені қалай шешуге болатынын да білмеймін.
Ал құқық қорғау органы мамандары болса, соңғы уақытта ұялы телефон, смартфон және планшетке қатысты қылмыстық әрекеттердің көбейгенін айтып, алаңдаушылық білдіріп отыр. Олардың айтуынша, қолына қымбат баға ұялы телефон, смартфон немесе планшет ұстаған балалар қарақшылардың құрбанына айналып жататын көрінеді. Сондықтан құқық қорғау органы мамандары жас балаларға қымбат бағалы ұялы телефон әпермеуге кеңес береді. Ресми деректерге қарағанда, мұндай қылмыстардың саны күн сайын артып келеді. Сондай-ақ, соңғы уақытта мектеп оқушылары арасында ұялы телефон, смартфон, планшет ұрлау жағдайлары да көбейген.
Қостанайлық прокуратура мамандарының мәліметіне қарағанда, қаладағы мектептерде 26 ұрлық жағдайы тіркелген. Оның 23 жағдайында ұрлық ұялы телефонға қатысты болған. Олардың арасында бағасы жүз мың теңгеден асатын аппарат та болған. Осы жағдайларды ескерген қостанайлық құқық қорғау органы мамандары сабақ уақытында ұялы телефон, смартфон, планшет ұстауға мүлде тыйым салу туралы ұсыныс айтып отыр.
Негізі бұл ұсынысты қолдайтын ата-аналар да баршылық көрінеді.

Айнаш ӨТЕМҰРАТОВА, Алматы қаласының тұрғыны:
- Сабақ үстінде ұялы телефон, смартфон, планшет ұстауға мүлде тыйым салу керек деген ұсынысты мен қолдаймын. Өйткені әр сыныпта нашар оқитын, сотқар немесе еркелігі басылмаған екі-үш оқушы болады. Олар мұғалімге де, қалған оқушыларға да кедергі жасауы мүмкін. Барлық баланың оны дұрыс мақсатта пайдаланбайтыны рас. Біреу ән тыңдайды, екіншісі ойын ойнайды, үшіншісі кино көреді. Әрине әрбір ата-ана үшін өз баласы дана. Сондықтан бәріміз де қатарынан қалмасын деп шамамыз келгенше жақсы смартфон әперуге тырысамыз. Оның зиянды жағын ескере бермейміз.
Әрине оқушылар сабақ үстінде ұялы телефонмен ойнамай, дәріс тыңдауы тиіс. Ол әрбір оқушының міндеті. Алайда сол міндетті оқушылардың бәрі мүлтіксіз орындай бермейді. Сондықтан да оқушылардың сабақ үстінде ұялы телефон, смартфон, планшет ұстауына тыйым салу қажет. Демек оқушылардан байланыс құралдарын уақытша тәркілеу тетігін қарастыру керек. Бұл заңмен немесе білім ордасының ішкі ережесімен реттелуі тиіс сияқты.

Қалдар Көмекбаев
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста