Түнде жұмыс істейтіндердің құқығы тапталып тұр

Қараңғы, итпен бірге қой күзетіп, мен ояу, ел ұйқыда оттар сөнген... Ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өлең жолдарындағы кедейдің түнгі еңбегі өлеңіндегі өзекті жай бүгінде өз мәнін жоймаған сияқты. Өйткені түн баласы көз шырымын алмайтын жұмысшылардың қатары күн санап артып келеді. Алайда заңды қаншалықты өзгертіп-толықтырсақ та, түнгі уақытта жұмыс істеушілердің құқығының тапталу оқиғалары жиілеп тұр. Жалақысы мардымсыз болса да, түнгі жұмысқа, негізінен, оң-солын танып үлгермеген жастардың ұмтылатыны сөзсіз. Жұмысты жапырып тастаса да, заңды жете білмейтіндіктен жалындаған жігері құм болып жасып қалып жатқан жастардың тірлігін бүгінгі тақырыбымыздың тұздығы етпек едік.
Ресми деректерге қарасақ, әлемнің 25 пайыздан астам жұмысқа қабілетті халқы нәпақасын түнгі уақыттағы істеген жұмысынан табатын көрінеді. Яғни әрбір төртінші жұмысшы түн ішінде еңбек етуге мәжбүр. Қазақ жастары да бұл «қара тізімнің» бел ортасында екені белгілі. Әсіресе жұмыс үшін ауылдан қалаға ағылған қазақ жастарының көпшілігі түнгі күзетке «қызметке» кіріп алған. Статистикалық мәліметтер олардың жасы негізінен 14 жастан 35 жас аралығында екенін растады. Тіпті оқу орындарындағы студенттердің көпшілігі түнгі күзетке жұмысқа орналасуға таласып жүр.
Арсен ЖАҢБЫРБАЕВ, студент:(Есімін өзгертуді өтінді)
– Ата-анамыздың берген азын-аулақ тиын-тебені жетпейді. Қайта-қайта сұрауға тағы қысыласың. Өйткені артымда тағы іні-қарындастарым бар. Сондықтан түнде күзетте жұмыс істемек болдым. Күндіз оқысам, түнде жұмысқа барамын. Ауыр болғанымен, ата-анама үлкен көмек жасап жатырмын деп ойлаймын. Өйткені бұлай етпесе студенттерге тіпті қиын. Пәтерақысының өзі алған жалақымның жартысына тең болып тұр. Қалғаны тамағыма жетеді. Ал оқуымның ақшасын ата-анам төлейді.
Сонда түнгі ұйқысын қиып көз ілмей жұмыс істейтіндердің табысы қандай дейсіз ғой. Негізінен, 30-40 мың теңгенің айналасында. Студент үшін бірталай қаражат болуы мүмкін. Ал бұл қымбатышылық жайлаған нарықтың қыспағындағы отбасылы жанға жұқ та болмайтыны да рас. Бұл орайда түнгі уақытта жұмыс істейтіндердің жыл санап 10 пайызға дейін көбейіп келе жатқаны да аталған мәселеге ерекше назар аударуды қажет ететіндей. Ең бастысы, түнгі уақытын дем алмай жұмыс істейтін адамдардың денсаулығына ауыр зиян келіп, психикалық ауытқушылықтарға әкеледі.
Бұл туралы Германия сарапшылары аптасына 40 сағаттан артық жұмыс жасаса денсаулықтың түрлі ауруларға шалдығуы мүмкін екенін айтыпты. Тіпті статистикалық көрсеткіштер де түнгі уақытта жұмыс істеушілердің көпшілігі жұмыстан мезгілінен бұрын шығып кететінін растап берген. Әсіресе түнгі уақыттағы қызмет жұмыс істейтін нәзікжандылардың денсаулығы мен жүйке-жүйесіне зор ауыртпашылық түсіреді. Жақсы дем алмағандықтан ашуланшақтық пен ұмытшақтыққа әкеледі. Ал ең қиыны, әйел адамдардың мерзімінен бұрын босану, түсік тастау сияқты қауіпті жағдайларға да душар етуі мүмкін. Англия мемлекетіндегі Саутгемптон университетінің мамандары арнайы зерттеу нәтижесінде осындай қорытындыға келіпті.
Елімізде екіқабат әйелдердің түнгі уақытта жұмыс жасамасы үшін Еңбек кодексіне арнайы бап та енгізілген. Заңның 187-бабының 1-тармағына сәйкес, екіқабат әйелдерді жұмысқа тартуға тыйым салынған. Сонымен қатар кәмелет жасына келмеген балаларды да түнгі жұмысқа қабылдау заң алдында жауапкершілік жүктейді. Дегенмен заңды белден басып балалар еңбегін көпе-көрнеу қанап жүргендер арамыздан арылмай тұр.
Мектеп жасындағы балалардың ата-анасының рұқсатынсыз түнгі жұмыстар істеу оқиғалары қазір жиілеп кетті. Тіпті кей жағдайларда ата-аналарының өздері балаларының жұмыс істеуге әдейі міндеттегінін естігенде, таңданбасқа шараң қалмайды. Олар, әрине, заң алдында жауапкершілік арқалап, әкімшілік айыппұл төлейді, - дейді Ақмола облыстық прокуратурасының баспасөз хатшысы Аққу Мурсалимова.
Прокуратура деректеріне қарағанда жекеменшік иелері түнгі жұмыс істеуші қызметкерлеріне жалақысын уақытында жазбайды. Әсіресе түнгі дәмханалар мен мейрамханаларда жұмыс істейтін даяшылар, кәсіпорындарда күзетшілерінің жалақысы уақытында төленбей қалатын көрінеді. Ал заң ережесіне сәйкес, түнгі оннан таңғы алтыға дейінгі кезең ішіндегі жұмыс үшін жұмыс беруші бір жарым есе артық жалақы төлеуге тиісті. Облыстық прокуратура қызметкерлері де соңғы уақытта түнгі қызметкерлердің құқығы тапталған оқиғалар туралы қозғалған істердің жиілеп кеткенін растап берді.
Ең өкініштісі, сол түнгі жұмыс істеп денсаулығы мен қатар құқықтары тапталғандардың басым бөлігі кәмелет жасына толмағандар болып шыққан. Бұл денсаулыққа зор зиян тигізетінін дәрігелер де айтып берді.
Асылзат ЖАНСЕЙІТОВА, Ұлы Отан және Ауған соғысы ардагерлеріне арналған емхананың окулист дәрігері:
– Түнгі уақытта жұмыс істеу адам ағзасына қатты әсер етеді. Яғни, ең алдымен, адамның жүйке-жүйесіне салмақ түседі. Көру қабілетіне де үлкен зиянын тигізеді. Ішкі органдарда гормондардың бөлінуі, температурасы, қан қысымы, жүрек соғысы – осының бәріне түнгі жұмыс кері ықпал ететінін атап кеткен жөн.
Деннің саулығы – ұлттың байлығы. Десек те, дүниежүзіндегі үлкен мәселе болған түнгі ауысым аса ауыр. Дәрігерлер мен психологтар түнгі жұмыс істейтін адамның 90 пайызы ызақор келетінін растады. Қордаланған мәселе, тіпті әлемнің барлық елдерін алаңдатып отыр. Осыған қарап Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы да зерттеу жүргізіпті. Нәтижесі алаңдатарлық. Зерттеу нәтижесінде түнгі жұмыстар рак ауруына шалдығу қаупін жоғарылатады. Яғни адамның иммундық қабілеті төмендеп, бұл қатерлі ісіктің өсуіне де елеулі ықпал етеді. Ал Гарвард университетінің ғалымдары түнгі жұмыс істейтін адамдардың инсулин және лептин гормондарының қызметін өзгертеді деген қорытындыға келді. Сараптамалық зерттеуге қатысып, күндіз ұйықтап түнде жұмыс істеген 20 адамның қан қысымы көтеріліп, қант деңгейі артып кеткен. Яғни медицина мамандары «түнгі жұмыс адамның түбіне жетеді» дегенді айтады. Сондықтан дәрігерлер көп жағдайда түнгі жұмыстағы қызметкерлерді жиірек ауыстырып отырған жөн деп есептейді.
Тілеубек ЖАНБОЛСЫНОВ, даяшы:
– Қаладағы мейрамханаларда қызмет еткеніме бірнеше жыл болды. Алайда жекеменшік иелерінің жалақысы өте аз. Өйткені жұмыс күші көп. Бірдеңе айтсаң, «істемесең шық, басқасын аламыз» дейді. Сондықтан үнсіз көнуге мәжбүрміз. Тіпті кейде жалақыны айлап төлемей қоятын кездер де болған. Ол кездері жалақыны тамақпен алып жүрдік. Бұл заңға қайшы келсе де, амалсыздан көнеміз.
Түнгі жұмысқа қаражат екі есе төленуі тиіс. Еліміздің және ТМД елдерінің Конституциясында осылай жазылған. Заңмен қарастырылса да, жүйенің қағаз жүзінде ғана қалуы да аса өткір мәселе. Өйткені жекеменшік шаруашылықтардың жалақысы оның басшысына тікелей байланысты екені тағы рас. Жұмыс берушілердің заңның өзін белден басуы, бірақ олардың жазасыз қалуы әлі реттелмей келеді. Жұмыс күшінің аздығынан түнгі жұмысқа тартылатындар саны күн санап өсіп келеді. Қазіргі күні ресми емес деректер түнгі жұмысқа тартылғандардың жартысынан астамы жалақысын дұрыс алмайтынын айғақтап береді.
Жанар ӘБІЛҚАСЫМОВА, заңгер:
– Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, 8 сағатты жұмыс күні бекітілген. Бұл қағида жоғарыдан бастап төменге дейін орындалуы тиіс. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 87-бабына сәйкес, түнгі жұмыс уақыты 22:00 сағаттан таңғы сағат 6-ға дейін деп белгіленген. Сонымен қатар түнгі уақытта жүкті әйелдер, кәмелет жасына толмағандардың жұмыс істеуіне тиым салынады.
Бірақ Заңмен шектеулер қойылғанымен, түнгі жұмыста тер төккендердің құқығы тапталып тұр. Бұл заңды білмегендіктен бе, әлде құқықтық сауатсыздықтан ба? Қағаз жүзінде дұрыс болғанымен, «түнгі қызметкерлердің» жұмысын реттей алмай отырғандаймыз.
Бұл өз кезегінде зардаптарын да тарттырып отырғаны рас. Өйткені, әсіресе жаз мезгілі болғанда, заңсыз жұмыс күшін тарту қылмыстары жиілеп кетеді. Бұлардың көбі жыныстық зорлыққа – жезөкшелікке әкеліп тірейтіні жазыла-жазыла жауыр болды. Бәлкім, осы мәселенің шешімін табуы үшін түнгі жұмыс туралы заңға түбірлі өзгеріс қажет шығар. Яғни түнгі жұмыс ақысын жоғарылатып, жұмыс орындарына бақылау жасау өз тиімділігін бере ме? Бұл уақыт еншісінде.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста