Қоғамдық орындарда жыныстық қатынас жасаушыларды қалай жазалау керек?

Қоғамдық орындарда жыныстық қатынас жасаушыларды қалай жазалау керек?

Алматының қақ ортасында тал түсте қоғамдық орында жыныстық қатынасқа түскен жұп жауапқа тартылсын! Әлеуметтік желідегі, сондай-ақ, жалпы ар мен ұятты жоғары қоятын жұрттың талап-тілегі - бұл! Кеше ғаламторда жаряланған бейнеролик – жаңа бір заң дүниеге келуі тиіс деп санайды көпшілік. Ол – қоғамдық орындарда ар-ұятты жинап қойып, төсек қатынасына түскендерді жазалайтын заң. Себебі, арнайы заң болмаса, бұл арсыздық елде белең алып барады. Жастар жартылай жалаңаштанып, жұрттың алдында еш қымсынбастан әдепсіздік танытуды қалыпты жағдай ретінде қабылдайтын болып алған. Бұл жабайы көрініс – соның нәтижесі. «Қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетеді». Қоғамның қақпағы болып тұрған – ұят кемігенде, арсыздық осылай салтанат құратын көрінеді.
Деректерге сүйенсек, қоғамдық орындарда мұндай әдепсіздікке бару жастар тарапынан алғаш кездесіп отырған жоқ. Мәселен, кинотеатрларда, балабақша, мектеп алдындағы орындықтарда күндіз көпшілік алдында төсек қатынасына түсу бойынша Ақтауда жыл басынан бері 4 жағдай тіркеліпті. Бұл құқық қорғаушы органдарының өкілдері арқылы қолға түсіп, заңдық жауаптылыққа тартылғандары. Ал, Алматыда бұдан бірер жыл бұрын көлікте осындай әркетке баруға тыйым салынғаны – мұның ойланатын мәселе екенін ескертсе керек-ті. Бұдан бөлек, ғаламторда басып қалсаңыз, жастар кинотеатрда, саябақта, көпшілік жүретін жерде мұны жүзеге асырып жүргендерін аса бір мақтанышпен жария етіпті. Азбағанда неміз қалды, бұдан соң?
Батыстан мысқалдап кірген жабайылық батпандап барады. «Онда тұрған түк те жоқ. Адреналин!» дейтін ұрандар да ғаламторда қаптап жүр. Қоғамдық орындарда төсек қатынасын жасауға ақыл-кеңес беретін және қандай жағдайда, қай орын қолайлы екенін егжей-тегжейлі ежіктеп жазған сайттардың көксегені не сонда? Мәселенің тамыры – әріде. Мемлекеттің, ұлттың қару-жарақсыз-ақ іштей іріп-шіруі үшін осындай адами құндылықтарға жат әрекеттердің етек жаюының өзі жетіп жатыр. Біздің заңнама мұны әкімшілік тұрғыда қарастырып, ұсақ бұзақылық деп танумен шектеліп отыр. Сорымызға қарай, айыппұл әзірге бұл бассыздыққа тегеурінді тосқауыл емес. Осы арада өзге кейбір елдің заңнамасына жүгініп көрген жөн.
Мәселен, қоғамдық орындарда жыныстық қатынасқа түспек түгілі АҚШ-тың Аризона штатында қоғамдық орындарда сүйген адамыңызды сүюдің өзіне шектеу қойған. Халетропе қаласында ол сүю 1 секундттан аспауы тиіс көрінеді! Мұның мәнін түсіну қиын емес. Үлкен-кіші алдында әдептіліктен аспау тұр мұнда. Ал, бізде бала-шаға бар жерде бірін-бірін жаңа көргендей жалап-жұқтап, жеп қоя жаздап отыратын көрініске қазір көзіміз де, етіміз де үйреніп кеткен. Аялдамаларда жастардың бір-бірінің бүкіл дене мүшесін сипалап тұруын да бұ күні қалыпты деп қабылдайтын болғанбыз. Тек дейтіндер жоқтықтан. Соның асқынған түрі – қоғамдық орындарда жалаңштанып жабайылық жасау болып тұр. ҚР Әкімшілік кодексі 330-бабында «Ұсақ бұзақылық» деп бағаланатын бұл әрекеттің астарында – қоғамға, ұлтқа қатер төндіретін қасірет, қауіп жатыр. Сондықтан да біздің елге де бұл істе тас түйін шешім қажет.
Айталық, Испанияда қоғамдық орындарда көл, теңіз жағалауында жыныстық қатынасқа барғандарға заңмен 75 000 еуро айыппұл салынбақ. Заңмен шегеленіп, темірдей тәртіппен тыйым салынған. Бұл елдердің қатарында Түркия, Греция, Италия да бар. Малайзияда қоғамдық орындардағы жыныстық қатынас үшін дүре соғу міндеттелген 20 жылға бас бостандығынан айыру қарастырылған! Осының бәрі не үшін? Ұрпақтың азғындамасы үшін жасалған қарекет. Қазаққа осындай қадам керек!
Осы арада есімізге түсіп отыр. Ғаламторда Нұрбек Бекбау есімді бір әріптесіміздің мәні зор жазған мақаласында келтірілген бір деректі қайталап айтсақ, еш сөкеттігі жоқ шығар. Ол былай еді...
«...1941 жыл. Немістің Иозеф Менгеле дейтін дәрігерінің канцлагердегі тұтқындарға түрлі тәжірибе жасап жүрген кезі. Не керек, қыркүйек айында, біздің кейіпкердің мекемесіне Ресейден алғашқы тұтқындар келеді. Тең жартысы қыз-келіншек екен. Менгеле оларды тәжірибе алаңына әкеп, біртіндеп зерттеп көре бастайды. Көреді. Көрген бойда, бірден, Гитлерге суыт хат жазады.
«Менің Фюрерім. Мына нәрсені айтқым келеді: Орыстармен соғыс ұзаққа созылуы мүмкін. Бәлкім, жеңіс…. Себебі – тұтқынға түскен орыс қыздарының 98%-ы бейкүнә…» (Н.Бекбау).
Ар-ұятты жоғары қойған жұрттың абыройы асқақ екені осыдан айқын емес пе? Қазақтың «абыройы айрандай төгілді» дейтін сөзі бар. Жартылай жалаңаш, арсыз жас өсіп келе жатса ше? Кімнен не деп абырой сұраймыз? Әлде, жабық тақырыпты айғайлап, ашып берген алғашқы күні-ақ абыройымыздан айырылып қалдық па екен?..

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста