Төсін көрсетіп, алғыс айтқан ОҚО-ның бұрынғы бас мұғалімі сынның астында қалды

Төсін көрсетіп, алғыс айтқан ОҚО-ның бұрынғы бас мұғалімі сынның астында қалды

Оңтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасының бұрынғы басшысы Альбина Елшиева виртуалды достарын Алғыс айту күнімен құттықтаймын деп сынға ұшырады. Ол 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай «фэйсбук» әлеуметтік желісінде жұртшылыққа рахметін жеткізіп, тіпті өзінің фотосуретін жариялаған болатын.


«1 наурыз - Алғыс айту күні! ФБ-да төрт мыңға жуық достарым бар, Сіздерге достық ұсынғандарыңызға Раxмет! Посттарыма лайк басасыздар, оған да Раxмет! Ішіндегі ұстаздарға бөлек Раxмет! Еңбектеріңіз бағаланып, жана берсін! РАХМЕТ!» деп ризашылығын білдірді Альбина Елшиева. Алайда оның бұл құттықтауына сын айтқандар табылды. Жарияланған фото көпшіліктің көңілінен шықпады. Себебі онда экс-басшының төсі жартылай көрініп тұр.

Бұны көрген желі қолданушылары «Альбина апай, что за платье с выразом құрысын жаман көрінеді. Уберите эту фотку», «..Сіздің де еңбегіңіз жана берсін. Тек Альбина ханым, сөзіңіз әдемі, көйлегіңіз көркіңізді құртып тұр», «Масқара», «Қара көйлектен "сығалаған" абырой! Рахмет сізге!» деген пікірлер қалдырған. Енді бірі «Сіз ұстаз деген ұлыларды бас тап тұрып, көкірегіңізді ашып суретке түскеннен кейін өзгелелерге бірнəрсе айтудың өзі артық шығар. Ұят! Мұхтархандай батырымыздың жары деп айту да ұят!» деп өз ойын білдірген.

Айта кетейік, Альбина Елшиева Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері Мұхтархан Ділдәбековтің екінші әйелі. Ол Оңтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасына 2011 жылдың тамызында басшы болып тағайындалған. Өткен аптада ресми түрде қызметінен кетті.
 korrespondent.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста