Торттағы шырақ немесе ұлттық тәрбие қайда?

Торттағы шырақ немесе ұлттық тәрбие қайда?

«Отың өшпесін», «ошағың сөнбесін» деп тілейтін қазақ халқы үшін жаман ырымды жасап жүрген кімдер?
Ұлттық құндылық. Оларды әр ұлттың ата-бабалары өздерінің өмір сүру салтына байланысты шығарып, пайдаланып, дамытып ұрпақтарына мұра етіп қалдырып отырған. Сон­­дықтан бұлар сол ұлттың меншігі болып есептеледі. Оны әр ұлттың ұрпақтары сақтап, заманына қарай дамытып отырулары керек. Егер халық өздерінің төл құнарын жоғалтып алса, ол халық ұлт деп саналмайды. Сондықтан әр ұлт өздерінің ұлттық байлығын сақтауға тырысады, әрі қорғайды.

Ұлттық құндылықтар ғасырдан ғасырға жалғасқан, өмірдің сынынан өткен, пайдалы екені дәлелденген. Мысалы, қазақ халқының ұлттық ойындарының біреуі – асық ойыны. Асық ойнау баланың ойлау қабілетін дамытады, адамдармен тез тіл табыса білуге үйретеді, дене­ні шынықтырады, қан айналымы мен тыныс алу мүшелерінің жұмысын жақсартады, баланың көзі қашықтықтан көруге дағдыланады, мергендікке баулиды, бойдың жылдам өсуіне көмектеседі, таза ауада тері жасушалары ашылып, ағза тынығады.


Ал, қазақтың ұлттық бұйымы бесіктің пайдасын өмірдің өзі дәлел­деп, осы уақытқа дейін жетіп отыр. Баланың таза болуы, ұйқысының тыныш болуы өз алдына, баланың ана құрсағынан жарық дүниеге келген соң табиғи өсуіне әсер етеді. Жапонның әйгілі медицина ғалымы Гау Щияу Иде Илаң қазіргі заманғы озық аспаптарды қолдана отырып зерттеу жүргізген. Оның зерттеуі бойынша «сәби өмір есігін ашпас бұрын, ана құрсағында жүріп тер­беліске түседі. Алайда өмір есігін ашқан соң жарық дүниеге бірден үйлесе алмайды. Сондықтан оны ана құрсағындағыдай әлдилеп, тербетіп отыру керек», деген қорытынды жасайды.


Міне, қазақ халқының ұлылығы, осы процестерді өзінің өміріне пай­даланып, бала жарық дүниеге бейім­делгенше, бесікке бөлеп, тер­бетіп отырған. Өкінішке қарай, әсіре­се, қалалы жерде тұратын жас келін­шектер баланы бесікке бө­леуге ерініп, памперсті күні-түні қолданатын болып жүр. АҚШ пен Еуропа елдерінде озық ойлы дәрі­герлер памперсті қолдануға қарсы акциялар ұйымдастырып, жасанды жаялықтан бас тартуға үндеуде. Себебі, памперстің балаға зияны ұшан-теңіз. Памперстегі нәжісті өзіне сіңіріп, химиялық жолмен буландырып жіберетін қоспалар адамды белсіздік пен бедеулік ауруына душар етеді екен. Соңғы жиырма бес жылда Еуропа елдерінде бала туудың азаюының бір себебі, бедеулік пен белсіздіктің әсері деп жүр. Себебі, памперс киіп өскен баланың қуаты қырыққа жетер-жетпесте тоқырап қалады. Алланың жаратуы бойынша, ұл баланың мүшесінің ұшы мен ен қалтасының қалыпты температурасы болады. Жас бала памперске кіші дәретті жіберген кезде дене температурасы бірден жоғарылайды. Аздан кейін памперске сіңген зәр қайтадан суиды. Сөйтіп, қысқа аралықта бір күйден екінші күйге алмасқан температура аталық бездің дамуын тежейді. Демек, табиғи қуатын жойып жібереді. Мұндай жағдай қыз балаға да кері әсер етеді. Осыдан барып белсіздік пен бедеулік ауруына ұшырайды.


Соңғы кездері, Алматыдағы «Ака­демик Б.Жарбосынов атын­дағы урология ғылыми-зерттеу орталығының» директоры Мырза­кәрім Алшынбаев мырза бастаған ғылыми топ Қазақстандағы ерлердің белсіздігі туралы зерттеу жүргізген. Нәтижесінде, ұрпақ беру жасындағы 15 пайыз ерлердің белсіздікке ұшырағаны анықталған. Оған себеп: қазіргі экология, азық-түліктегі химиялық қоспалардың көптігі, дене қозғалысының аздығы, т.б. жағдайлар. Бұл памперс кимеген ұрпақтың жағдайы. Енді памперс киіп өскен ұрпақ отбасын құрар жасқа жеткенде , бұл пайыз арта түсері сөзсіз. Бұл – ұлтқа төнген үлкен қауіп. Халықты өсіретін де, өшіретін де – әйел! Қазіргі жас ке­ліншектердің өз жанын аялап, жалқауланып, баласын бесікке бөлемей, памперс кигізуі қа­­­зақ халқын «өші­ріп» жіберуі мүмкін. Сондықтан ері бар, әйелі бар, «ұрпағым болса екен» деген әрбір қазақ қатты ойланулары керек.
Ұлттық құндылықтар ауыл мен қалада бірдей дамымайды. Негізінен, ол ауылды жерде жақсы дамиды. Қазақ халқында да ұлттық құндылықтар ауылды жерде қолданылады. Қалада аз немесе тіпті қолданылмайды да. Қалада басқа ұлттардың салт-дәстүрлері араласып кеткен. Мысалы, қазір қалалы жерде баласының туған күнінде торттың үстіне шырағдан жағып әкеліп, оны балаға өшіртеді. «Отың өшпесін», «шырағың сөн­бесін» дейтін қазақ халқы үшін бұл жаман ырым. Бірақ оны ойлап жатқан ата-ана жоқ. Себебі, қазақтың салт-дәстүрін қалада өскен ата-ананың өзі білмейді.
Қазір қазақ халқының ішінде урбанизация жүріп жатыр. Халық ауылдан қалаға шоғырлану үстінде. Қазірше ауылды жердің қазағы көп болғанымен, 30-40 жылдан кейін қазақтардың басым көпшілігі қалалық болады. Осы жылдар ішінде Алматының халқы 2 миллионнан, Астана, Шымкент, Ақтөбенің халқы 1 миллионнан асады деп күтілуде. Бұлардан басқа да облыс орталықтары бар. 30-40 жылдың ішінде Қазақстан халқы 20 миллион болғанның өзінде 50 пайыздан көбі қалалық болады. Демек, ұлттық құндылықтың қолданылуы кемиді. Кейбірі қолданылмайды да. Бұл да ұлтқа төнген қауіп. Сондықтан ұлттық құндылықтарды заманға қарай дамытып, қалаға «көшіре» бас­тау керек.
Қазір ұлтжанды азаматтардың арқасында тоғызқұмалақ, қазақша күрес, бәйге, көкпар, аударыспақ жақсы дамып келеді. Енді қазақша күресті олимпиада ойындарына кіргізуге күш салу керек. Қыз қуу, бәйге, аударыспақ, көкпар, т.б. атпен ойналатын ойындарды қаланың ипподромдарында жиі-жиі өткізіп, оны тиісті деңгейде жарнамалап, насихаттап отырған абзал. Соңғы кезде жігіттер асық ойынын қолға ала бастады. Бұл құптарлық жағдай. Онша көп жерді керек етпейтін, қымбатқа да түспейтін асық ойынын мектеп балаларының ішінде дамытқан тиімді. Асық ойынынан сыныпаралық, мектепаралық олимпиадалар өткізген балалардың қызығушылығын арттырады. Одан жоғарылап әр аудан, облысаралық олимпиадалар өт­кізіп, соңында республикалық жарыс өткізсе, қалалық ба­ла­лардың да қызығушылығы артар еді. Асық ойынын осы ретпен жоғары оқу орындары арасын­­­да да жарыс өткізуге болады. Басқа да ұлттық құндылықтарды қа­­­ланың ыңғайына қарай икемдеп «қалалық» жа­­саған абзал. Ұлттық құн­ды­лықты да­мытқан азамат­тарды мем­лекет те қол­дап отыр­са нұр үс­тіне нұр болар еді. Мы­салы, Се­рікбол Шәй­­мар­дан деген аза­мат «Smart бесік» ойлап тапты. Батареяның қуатымен тербетілетін бұл бесік жас аналарға үлкен көмек. Тек осыны мемлекет қолдап, қаржы бөліп бесікті өндірістік шығаруға көмектессе жақсы болар еді. Бұған соншалықты көп қаржы да керек емес. Шет елден шақыртқан әншілердің біреуіне кететін қаржыдан көп қаржы кетпейді. Ұлттық құндылықтары-мызды қалаға көшіріп күнделікті қолданысқа енгізбесек, көбі көп ұзамай өшеді. Жылына бір болатын Наурыз мерекесі кезінде ғана көрсетіп отырсақ ұлттық құндылықтар дамымайды.
Ұлттық құндылықтар шет ел­дегі, әсіресе, Қытай, Моңғолия қа­зақтарының ішінде жақсы сақталып, жақсы дамыған. Осыларды жоғалып кетпей тұрғанда жинастырып, бір ізге түсіру керек. Ұлттық құндылықтарды дамытып қана қоймай, қорлаудан да қорғауымыз керек. Кейінгі кезде ұлттық құндылықтарымызды қорлау байқалып жүр. Мысалы, «КТК» телеарнасы «Бешбармақ шоу» деп қазақтың қадірлі асы еттің атын қорлауда. Біріншіден, қазақта «беш» деген сөз жоқ. Қазақтар «бес» дейді. Адамда барлығы төрт қана бармақ бар, екеуі аяқта екеуі қолда, қалғандары саусақ деп аталады. Қазақтар: «Бес саусақ бірдей емес», «Саусақ бірікпей ине ілікпейді» деп мақалдайды. «Бес бармақ бірдей емес», «Бармақ бірікпей ине ілікпейді» деп айтпайды. Екіншіден, қазақта «Бешбармақ» деген ас жоқ. Қазақтар «ет тағамы» дейді. Кеңестік кездің өзінде асханаларда «Қазақша ет» деп жазатын. Ал «бесбармақ» деп патшалы Ресей кезінде «қазақтар тамақты қолмен жейтін жабайылар» деп мазақтап, қорлап айтқан. Сол кездегі мазақтап, қорлап айтқан атауды енді өзіміз телеарна арқылы бүкіл елге жарнамалап жүрміз. М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, т.б, дүниеден өтіп кеткен классик жазушыларымыз­дың, қазіргі Ә.Кекілбаев, Қ.Жұ­маділов, М.Шаханов, т.б. ақын-жазу­шыларымыздың шығармала-рынан ет туралы «бешбармақ» сөзін кездестірмейсіз. Өйткені, олар бұл сөздің шығу төркінін жақсы біледі. Сондықтан айтуға намыс­танады. Намыстанбай жүрген тек осы шоуды ұйымдастырғандар, оны жүргізгендер, оған сарапшы болғандар. Өкінішке қарай, қазір «бешбармақ» сөзін асабалар да, басқалар да жиі қолданатын болып жүр. Ал, сүйікті, қадірлі әншіміз Роза Рымбаева қарындасымыздың «Беш» деп шырқап, ұн шашқан клипке түсуі, бұл сөздің қайдан шыққанын білмегені өкінішті-ақ.
Қазақта «Тойбастар» деген дәстүр бар. Сондай-ақ «КТК» телеарнасы қазақтың «Тойбастар» сөзін де қорлап, «Той BestStar» деп атап сайқымазаққа айналдырып жүр. Бұл телеарна өздерінің шоуларына ат тауып қоюға өрелері жетпесе, қазақтың ұлттық құндылықтарынан аулақ жүргендері дұрыс болар еді. Ал мұндай қорлауды дер кезінде тыймаса, қорлауларын жалғастырып, келешекте жастарды шатастыратын болады. Оның үстіне, қазіргі шетелдіктердің еркін келіп-кетіп жүргенінде, шетелдіктер және жастарымыз «қазақтың асы мен әдет-ғұрпы осылай аталады екен» деп адасатын болады. Мұндай қорлауға жол беруге болмайды! Мұндай оқиғаларды Ғылым академиясының Ахмет Бай­тұрсынов атындағы Тіл білімі институты жолын кесіп отырулары керек. Қазір өсек таратқандарды жазалайтын заң қабылдадық. Сол сияқты қазақтың ұлттық құндылықтарын және оның атауын қорлағандарды да жазалайтын заң қабылдау керек.
Бұл күндері бағамдап қарасақ, талай ұлттық құндылықтарымыз қолды болып кетіпті. Басқалар біздің ұлттық құндылықтарымызға халықаралық патент алып алған. Мысалы, шетелдік сән үлгілерінен қазақтың ою-өрнегінің, қыздарымыздың қосетек көйлегінің нышандары байқалып қалады. Сондай-ақ, өзбектер – қазы-қартаны, немістер – қымызды, жапондар – айран мен шалапты өздерінің ұлттық асы деп халықаралық патент алып алған. «Жақсыға әркімнің де бар таласы» деген ғой. Үйір-үйір жылқы үйірген қазақтың «Қыз Жібек» жырында: «Жағалбайлы, жылқысын көптігінен баға алмайды», деген өлең жолдары бар. Ал, үйір-үйір жылқы үйіріп, кертіп қазы-қарта жеп, саба-саба қымыз сапырған, жылқысын көптігінен баға алмаған өзбекті де, немісті де естіген не көрген де жоқ едік. Қазы-қарта мен қымызға бұлар ұлттық тағамдары ретінде қалай патент алғандарын кім білсін?
Ұлттық құндылықтарды «біздікі» деу үшін халықаралық патент алу керек. Ол үшін жанды, жансыз не нәрсеге де сол елде стандарты жасалуы тиіс. Біздегі тазы итімен айналысушылар оған халықаралық патент алайын десе, тиісті мекемелер тазыға стандарт жасап бермей отыр. Бұл мекеме ойланып-толғанғанша тағы біреулер оны иемденіп кетуі ғажап емес. Қазақ тазысының жанашыры, «Аймақаралық кинологиялық орталығы» республикалық қоғам­дық бірлестігінің президенті, Халық­аралық және ұлттық дәрежедегі сарапшы Нина Макерова ханым тазы туралы ойларын «Егемен Қазақстанда» айта келіп, сондай-ақ, ол бұл тұрғыда Ауыл шаруашылығы министрлігінің сырғытпа жауаптарына да көңілі толмайтындығын айтып өтті. Оның сөзіне қарағанда, аталған министрлік бұл мәселемен өздерінің айналыспайтындарын жеткізген. «Сонда кім айналысады бұл іспен және бұл тұрғыда мемлекеттік қолдау кезек күттірмейтін мәселе», – дейді Н.Макерова. «Осындай асыл қазынамызды құнттамай жүр­геніміз менің жаныма қатты батады. Ашынғаннан кейде ащы дауысым да шығып кетеді. Түрікмендер тәуелсіздік алған алғашқы жылдары-ақ тазысы мен алабайын заңдастырып алыпты. Біз әлі күнге дейін қалың ұйқы құшағында жүр екенбіз. Бұлай жата беруге болмайтыны анық. Қазір­ден қимылдамасақ, жоғарыда айт­­қанымыздай, өкінішке ұрынып қа­луымыз әбден мүмкін», деп жазды («Егемен Қазақстан, №120, 20.06.2014 ж.).
Ұлттық құндылықтарға халық­аралық патент алу үшін, оның бәрі өзімізде стандартталуы керек. Бұл – көлемді жұмыс. Мысалы, қазақ үйдің жеке патентін алу керек болса, оның әрбір құрамдас бөлігіне: кереге, уық, шаңырақ, басқұр, туырлық, т.б. бөлшектеріне жеке-жеке патент алу керек. Себебі, осы бөлшектерге басқалар патент алып алса «біз ойлап тапқан затты қазақтар құрастырып үй тікті» деп дауласуы мүмкін. Сол сияқты бесіктің өзіне және әрбір құрамдас бөлшегіне жеке-жеке патент алу қажет. Басқа құндылықтарға да солай. Патентің болса ол – сенікі. Болмаса ол – басқанікі. Патентің болмаса сенікі – ұрлық болып есептеледі.
Мұндай көлемді жұмысты бір министрлік атқара алмайды. Се­бебі, ұлттық құндылықтарымыз сан салалы. Біреуі тамақ өнер­кә­сібіне байланысты болса, енді бі­рі Мәдениет, үшіншісі Ауыл­ша­руа­шылығы министрлігіне, т.б. бай­ланысты. Сондықтан ұлттық құн­ды­лықтарымызды стандарттауда ми­­нистрліктерге тапсырма беретін, оны халықаралық патентке дайын­дай­­­тын өкілетті орган құрылуы керек.
Ұлттық құндылықтарымыздың ұрланып жатқандығы туралы, оны қорғау үшін халықаралық патентке дайындайтын комитет құрылуы керек екендігі туралы 2008 жылы «Егемен Қазақстанда» мақала жарияланған еді («Егемен Қазақстан», №263-266, 27.08.2008 ж.). Бірақ осы мақаладан кейін 6 жыл өтсе де ешқандай қозғалыс жоқ. Бұдан кейін де біраз ұлттық құндылығымызды басқалардың патенттеп алғандығы айтылуда. 2011 жылдың 6 наурызында «Қазақстан» телеарнасының «Апта kz» хабарында шұбатқа – еврейлердің, қазақ үйге – америкалықтардың халық­аралық патент алғандығы айтылды. Қазақта сонда не қалды? Егер біз әлі де немқұрайлылықпен, жайба­сарлықпен жүре берсек барлық ұлттық құндылықтарымыздан айырыламыз. Сондықтан ұлттық құнды­лықтарымызды қорғау керек.


Назрахмет ҚАЛИ,
Зейнеткер, Алматы.
“Егемен қазақстан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста