Тергеу судьясының өкілеттіктері

Тергеу судьясының өкілеттіктері

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қоғам мен мемлекетті түбегейлі қайта өзгертуге бағытталған бес институционалдық реформаны жүзеге асырудың 100 нақты қадамын белгілеп бергені баршаға мәлім. Осы «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарында сот жүйесін жаңғыртуға 11 қадам бағытталған, атап өткенде 22 – ші қадам – бұл адамның және азаматтардың конституциялық құқын шектейтін барлық тергеу қызметі жөніндегі өкілеттілікті тергеу судясына біртіндеп беруді қамтамасыз ету арқылы сотта айыпталушы және қорғаушы арасындағы теңгерімді қамтамасыз ету.
Өздеріңізге белгілі, 2015 жылдың қаңтарынан қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық-процестік Кодексі бұл бағдарламалық ережелерді жүзеге асырады.
Атап айтқанда, ҚР ҚПК жанадан енгізілген тергеу судьясының іс жүргізу институты Қазақстанның халықаралық стандарттарға адалдығын көрсетеді, теңдік пен тараптардың жарыспалылығы ету принципін толық қамтамасыз етеді және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тиімділігін арттырады.
ҚР ҚПК-нің 54-бабының 3-бөлігіне сай, тергеу судьясы – бірінші сатыдағы соттың судьясы, оның өкілеттігіне қылмыстық сот ісін жүргізуде адамдар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына сот бақылауын осы Кодексте көзделген тәртіппен жүзеге асыру жатады.
ҚР ҚПК-нің 55-бабында тергеу судьясының өкілеттігі анықталған. Оларға 16 тергеу іс-қимыл бойынша санкция беру құқығы жатқызылған. Бұл заңнаманың гуманизациясымен және тергеу судьясының өкілеттігін кеңейту мақсатына байланысты.
Тергеу судьясы сотқа дейінгі іс барысында күзетпен ұстауды санкциялау, үйқамақты санкциялау, лауазымынан уақытша шеттетуді санкциялау, жақындауға тыйым салуды санкциялау, экстрадициялық қамақты санкциялау, күзетпен ұстау, үйқамақ, экстрадициялық қамақ мерзімдерін ұзарту, кепілді қолдану, мүлікке тыйым салуды санкциялау, күзетпен ұсталмайтын адамды сот-психиатриялық және (немесе) сот-медициналық сараптама жүргізу үшін медициналық ұйымға мәжбүрлеп орналастыру, бұрын өзіне қатысты күзетпен ұстау қолданылған адамның психикалық ауру фактісі анықталған кезде, оны ауруларды қатаң оқшаулау жағдайында ұстауға лайықталған, психиатриялық көмек көрсететін арнаулы медициналық ұйымға ауыстыру, мәйітті эксгумациялау, күдіктіге айыпталушыға халықаралық іздеу жариялау өкілеттіктері берілген. Тергеу судьясы анықтаушының анықтау органының, тергеушінің және прокурордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне жасалған шағымдарды қарайды. Тергеу судьясының өкілеттігі кеңейтіліп, тергеу судьясы қарап-тексеруді санкциялау тінтуді санкциялау жеке тінтуді санкциялау мәселелерінде қарайды. Сонымен қатар, тергеу судьясының ҚПК-нің 107-бабында көзделген тəртіппен шағым жасалуы, наразылық білдірілуі мүмкін.
Мәселен, статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Алматы қаласы Әуезов аудандық сотынын 2017 ж. 1 жартылжылдық қорытындысына cәйкес, барлығы 572 санкция материалы түскен, оның 566 қаралып, 545 талап-тілек қанағаттандырылған, 21 санкция материалы бойынша қанағаттандырусыз қалдырылған, 8 қайтарылған.
Санкция материалдары бойынша өткен 2016 жылдың жартыжылдық қорытындысын (377 санкция материалы) дәл осы мерзімімен салыстырғанда, заңнаманын өзгеруіне және тергеу судьясының өкілеттігін кеңейтумен байланысты 2017 жылы көп қаралғанын байқауға болады, яғни 195 санкция материалы көп қаралған.
Аталған Қылмыстық-процестік Кодекске енгізілген бұл өзгерістер халықтың сотқа деген сенімінің артуына, соттың өкілеттіктерінің кеңеюіне, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сот тарапынан халықаралық стандарттарға сай барынша қорғалуына кепіл беретіндігі анық.

ДИНАРА Джузбаева,
Әуезов аудандық сотының судьясы
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ


 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста