Шығыс Қазақстанда ең қарт әже өмірден озды

Шығыс Қазақстанда ең қарт әже өмірден озды

«Гиннестің рекордтар кітабында» әлемдегі ең үлкен қария 179 жаста делінсе, ал ең көп жасты алқымдаған әйел заты 115-те деп көрсетілген екен. Осы жағынан алғанда, Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылының ең қарт тұрғыны – Жақсыбаева Жанәділқызы Нұрқия әжей де бұл әлемдік көрсеткішке таласуға құқылы-ақ еді...
Алайда қанағатты, сабырды, парасатты арқа тұтқан қазекем өздігінен ел алдына түсуді жаратпайды. Міне, кеше 115 жасында дүниеден озған Нұрқия әжей секілді біздің елімізде өзінің ерлігін, қайсарлығын, жақсылығын және тарихи маңызын ешкімге білдірмей кетіп жатқандары қаншама?..
Иә, Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданының орталығы Ақсуат ауылының ең қарт тұрғыны - Нұрқия Жанәділқызы Жақсыбаева биыл 115 жасқа қадам басқан еді. Амал қанша, "Көрге түсіп көргенім жоқ, басқаның бәрін бастан өткізгенбіз" деп отыратын, өмір бойы адал еңбек етіп, өнегелі ұрпақ тәрбиелеп, бейнетті еңбегінің зейнетін көрген асыл ана жуырда мәңгілік көз жұмды. Тарбағатай жұрты сүйегі асыл, біртуар тұлғасынан айырылды.
Нұрқия әже отағасы Көкен екеуі береке-бірлігі жарасып, бақытты өмір сүрген жылдары 15 құрсақ көтеріп, ұл өсіріп, қыз тәрбиелеген. Ол кісінің артында атын өшірмейтін, отын сөндірмейтін, қол жеткізе алмай кеткен армандарын орындайтын 176 немере, шөбере, шөпшектері қалды.
Нұрқия әжейді жергілікті әкімшілік барша аудан халқына қажырлы еңбек адамы, іргетасы мықты отбасы анасы, көпбалалы ана ретінде үлгі етіп, мерекелік шаралардан әсте қалдырған емес. Мәселен, осыдан бірер жыл бұрын Тарбағатай ауданының бұрынғы әкімі Ерлан Текешов (қазір ол Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары) қарт анаға жаңадан салынған үйлерден баспана беріп, бір қуантып тастаған болатын. Ғасырдан да ұзақ өмір сүрген қарт ананы Тарбағатай ауданының қазіргі әкімі Ділдабек Оразбаев та үнемі құрметтеп, ауылдың алқалы жиындарында өнегелі сөз айтуға арнайы алдырып алатын.
Міне, таяуда Ақсуат жұрты жер бетіндегі ең қарт тұрғын болуға таласы бар осы Нұрқия әжейімізді қайғыра отырып соңғы сапарға шығарып салды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста