Сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын алудың пәрменді тетігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру
2016 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енген Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы ҚР 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны, Елбасы Н.Назарбаев айқындаған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 13-ші қадамын жүзеге асыруға бағытталғаны бәрімізге белгілі. Жаңа қабылданған заңның бұрынғы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңнан айырмашылығы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың жаңа көріністері енгізіліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қызметін үйлестіру жөніндегі өкілеттіктер берілген уәкілетті орган айқындалады. Тағы бір ерекшелігі «Сыбайлас жемқорлық», «сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат», «сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәуекел», «жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аясындағы мониторинг» ұғымдары ашыла түскен. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын алудың пәрменді тетігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мен қоғамдық бақылау екені анық.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Департаменттің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасы тарапынан жүйелі және ауқымды жұмыстар жүргізілуде. «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалы, Алматы қаласының Білім, Жастар саясаты, Денсаулық сақтау, Ішкі саясат басқармалары, үкіметтік емес ұйымдар мен Кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып, мемлекеттік органдарда, жоғары оқу орындарында, денсаулық сақтау, білім мекемелерінде, өндіріс орындарында, квазимемлекет секторларында сонымен қатар, шағын және орта бизнес кәсіпорындарында 230 іс-шара (семинарлар, дөңгелек үстелдер, флешмобтар, жалпы білім беретін мекемелерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптарда шығарма, сурет байқаулары мен форумдар) өткізіліп, кездесу барысында Елбасының салиқалы саясатын, әрбір азамат болашақ еліміздің, балаларымыздың жарқын болашағы туралы т.б. көптеген мәселелерді қамтитын түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Соның ішінде ауқымды өткізілген іс-шаралар: «Нархоз» университетіндегі жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумы, жалпы білім беретін мектептердің 9-11 сынып арасындағы оқушылардың «Мемлекттік қызмет – елдің мүддесіне адал еңбек» байқауы, 5-8 сынып оқушылары арасында «Сатылмайтын еңбектің бейнесі» сурет конкурсы, Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы мен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ұйымдастыруымен Ө. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында «Жастар – жемқорлықтан тыс университеттерді қолдайды!» атты қала деңгейінде студент жастардың форумы, 38 жоғары оқу орындары мен 82 колледждермен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатындағы Хартияға қол қойылды. Сондай-ақ Алматы қаласы білім басқрамасымен бірлесе отырып, «Адал ұстаз» мұғалімдердің қалалық конкурсы мен жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында «Адал ұрпақ» еріктілер мектеп қлубтары арасында слет өткізілді.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тарапынан Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру бағдарламасы әзірленген болатын. Бағдарлама мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша модельдік тәрбие жұмысының жоспары бойынша 13 бөлімнен тұрады.
Аталған бағдарлама аясында «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтары құрылып, оның мүшелері бүгінгі күні 40 000–ға жетіп отыр. Өткен жылдан бастап, бағдарламаның 13 бөліміндегі тапсырмалар клуб мүшелері тарапынан толығымен орындалды. Бағдарламаның кейбір бөлімдеріндегі «Парасатты азамат» бұрышын жасау, «Мемлекттік қызмет – елдің мүддесіне адал еңбек» шығарма байқауы, «Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі» сурет байқауларына оқушылар түгелдей қатысып, ынта-жігермен орындағандарын ерекше атап өткім келіп отыр. Оқушылар сарайында байқаудың үздік суреттерінен үлкен көрме ұйымдастырылып, бір апта бойы қала тұрғындарына көрсетілді.
«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының алға қойған мақсаттары, міндеттері мен бағыттары білім жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шаралардың қабылдануы мен нығайтылуына ықпал ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқушылардың санасын қалыптастыру және қазақстандық патриотизм сезімін нығайту, мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының жүзеге асырылуына оқушыларды және оқушылар ұйымдарын тарту.
Сондықтан, бүгінгі «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтары білім саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырумен қатар, жаңа серпін беретін, «Мәңгілік ел» ұлттық идеясындағы азаматтық-патриоттық қағидаттарды жетілдіретін үлкен ұйым болып, өзінің жұмыстарын ары қарай жалғастыратын болады.
Сонымен қатар, халықтың көп шоғырланған жерлерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мен жемқорлыққа қарсы іс-қимылда жұртшылықты кеңінен тарту мақсатында түсіндірме жұмыстармен қоса әрбір азаматтың жадында сақталу үшін жемқорлыққа қарсы жадынамаларды тарату және плакаттар, баннерлер мен билбордтарды көрнекі жерлерге оргаластыру жұмыстары жүргізілуде. Үстіміздегі жылдың наурыз айынан бастап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы үгіт-насихат жұмыстарын одан әрі жетілдіру мақсатында мобилді топ өз жұмысын бастады. Мобилді топ жұртшылықа сыбайлас жемқорлыққа қарсы үгіт-насихаттың жаңа моделдері мен негізгі ережелері және қағидаттарын белгіленген тәртіпке сәйкес түсіндіруде. Топ мүшелері сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясат жүргізумен қатар қоғамдық қабылдаулар (Халыққа қызмет көрсету орталықтарында, салық және көші-қон қызметтерінде) жүргізуде. Қоғамдық қабылдаулар барысында азаматтардың көкейтесті сұрақтарына толық жауаптар беріліп, олармен кері байланыстар орнатуға мүмкіндіктер тудыруды. Бүгінгі күнге дейін қоғамдық қабылдауда 260 азаматқа түрлі мәселер жөнінде ауызша және жазбаша түсініктемелер берілді.
Елнар ИГІЛІКОВ,
ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша
департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу
басқармасының басшысы