Сөздің шыны керек: «Ұзынағаштағы үш күн»

Сөздің шыны керек: «Ұзынағаштағы үш күн»

Ұзынағашқа мал сатуға кеткен еді, оққа ұшты, өлтірді...
Ұзынағаш. Атпалдай азамат өзін-өзі өлтіргісі келді. Себебі не?
Дәл осы аудан. Бір ауылдың үш жерінен өрт шықты...
Ұзынағаштағы бірінші күн. Ағайынды үш азаматтың, Жарқынбек, Мұқият, Қадылбектің қайтыс болғандығы туралы қаралы хабар мен күдіктілердің ұсталғаны туралы ақпарды қатар естіді ел. Соңғы сәтке дейін үміттерін үзбей, малды алса да, азаматтарымыздың жанын қалдырсын деп тілеген еді. Үміттерінің күлі көкке ұшты. Құзырлы орган қаралы хабарды естірткен сәтте, есеңгіреп қалды...

Жоқтаудың үні полиция бөлімшесінің алдынан естілді. Қаралы хабар қабырғасын қайыстырған халық, аудандық полиция бөлімінің ғимаратын басып алуға шақ қалды. "Күдіктілерді қолымызға беріңдер" - десті. Олардың екеу ғана екендігіне күдік келтірді. Азалы жұртты жұбатарға сөз таппай, басу айтқан құзырлы орган өкілдері, дауыстары қарлыққанша түсіндіруге тырысты.

САЯН БӘКІРОВ, Алматы облыстық прокурорының орынбасары:
- Құрметті ағайындар ол екеу ма, жоқ әлде бесеу ма, қазір айта алмаймыз. Оны тергеумен анықтаймыз. Ешқандай да қылмыскерге жеңілдік болмайды. Мен сіздерге айтам.

Үш ағайынды жігіттің денесін алуға мәйітханаға келген марқұмдардың жақындары да, үшеуді екеудің өлтіргеніне сенбейтіндіктерін айтқан-тын.

Қабылбектің бауыры:
- Екі-үш адамның қолынан келмейді. Қаділбек деген жігіт өзі төрт адамға былай шамасы жететін жігіт. Ол байласа да айуандықпен өлтіріп отыр.

Тағы да Ұзынағаш ауылы. Жамбыл аудандық ішкі істер бөлімінің алды. Әкесі мен қызы құжаттарын құшақтап, полицияға күнде келеміз дейді. Қызы аштық жариялаймын десе, әкесі өзін-өзі өртегісі келетінін айтады. Дәл осы жерде. Себебін сұрадық. Фатима Бақытқызының айтуынша, осы жылдың шілде айының 18 күні таңертең бауыры Омарбек Бақытты өз үйлерінің ауласынан асылып тұрған жерінен әкесі жіптен шешіп алыпты. Бірақ 25 жастағы азаматтың ол сәтте денесі суып үлгерген.

ФАТИМА БАҚЫТҚЫЗЫ, Марқұм Омарбек Бақытұлының қарындасы:
- Былай тұр. Жіп еркін тұр. Жіп битіп қысып тұрған жоқ. Ұйқы без жағында көгерген із тұр. Арқанның толщинасы мынандай. Папам әрең кесті.

Марқұмның жақындары, Омарбек өз өзіне қол жұмсаған жоқ, адам қолынан қаза тапты деп отыр. Әкесінің айтуынша, Омарбек қайтыс боларынан екі күн бұрын марқұмның досы Ерлан деген жігіттің үйлену тойы болған. Тойдан кейін қайтыс болған жігіт пен той иесі, сондай-ақ Ғабит деген досы және Меруерт деген қыз бар, төрт адам ішімдік ішеді. Кеш соңына таман Меруерт үй іргесіндегі моншаға ұйықтауға кеткен көрінеді. Бірақ теңертең тұрғаннан кейін үш жігітті өзін зорлады деп айыптап, полиция шақырады. Оқиға орнына келген құқық қорғау қызметкерлері бірден үшеуін де полиция бөлімшесіне алып кетіпті. Артынша, "Жомарт" есімді делдал арқылы әр жігіттің үйінен 400 доллардан ақша сұратқан көрінеді.

БАҚЫТ ҚАБЫЛОВ, Марқұм Омарбек Бақытұлының әкесі:
- Іздедім 400 доллардан сұраған ғой адам басына. Түннің ішінде баламды шығарыпты да асып тастапты. Веревка тонкий дейді, вот такая веревка была. Жіп жоқ, асылғаннан ертесінде таппай қалдық.

Ал, өзін үш жігіт зорлады деген қыз, өтінішін қайта алыпты. Өйткені, ол өзін зорлады деп айыптаған үш жігіттің біріне күйеуге шыққан. Осы даудың кесірінен ұлымнан айырылып қалдым деген әке, баласының қайтыс болардан бұрын телефонындағы кіріс-шығыс қоңыраулары мен хабарламалардың өшірілгенін, марқұмның мойнынан табылған арқанның да өз үйінікі еместігін алға тартып, күдігінің көбейгенін айтады. Тіпті ашынған әке, полиция ұлының өлімін - қылмыс ретінде қарауға құлықсыз отыр деп, көз алдымызда өзін өртеуге әрекет жасады.

Сіздердің міндеттеріңіз адам қорғау ма? Дәл қазір адам өзін-өзі өртеуге әрекет жасады . Біреуіңіз шығып көмектеспедіңіздер, неге? Жауапты адам басшылықтан алыңызшы...

Ал, Жамбыл аудандық прокуратурасының өкілдері болса, Жомарт деген адамның Жамбыл аудандық ІІБ жұмыс істемейтінін алға тартады. Ал, Омарбек Бақыт өз-өзіне қол жұмсап қайтыс болды дейді. Сондай-ақ марқұмның телефон қоңырауларын тексеріп, соңғы рет үйлену тойы болған жігітпен ғана тілдескенін айтады.

МЕДЕТ МАНАСБЕКОВ, Жамбыл ауданы прокурорының аға көмекшісі:
- Соңғы қоңырау кешкі тоғызда болған. Өзінің сол кезде қасында болған досы Ерлан қоңырау шалыпты. Онда ол біздің еш кінәміз жоқ, ішкі істер басқармасындағылар бәрін анықтаған сияқты деп айтқан.

Жамбыл ауданындағы үшінші күн. Үмбетәлі ауылының тұрғындары бірнеше күннен бері түн баласы ұйқы жоқ дейді. Өйткені, қора жайлары мен үйлерін торып жүргені. Оған себеп - ауылдарының әр жерінен қасақана өрт қойғыштар пайда болыпты.

СӘУЛЕШ МҰҢСЫЗБАЙ, Үмбетәлі ауылының тұрғыны:
- Мына міне жаңадан салынған үй. Мына жерде киім кешек, құрылысқа керекті заттар болған ғой. Соған бензин шашқан да өртеген ғой.

Бұл үйдің кіре берісіне өрт қойылған. Келесі үйдің жиһаз жасайтын шеберханасы жана бастапты. Ол жерден жанармай құйылған үш бөтелке табылыпты. Үшінші үйдің қорасына өрт қойылған. Моңғолиядан көшіп келген қандастар, ауылдағы үш ақсақалдың жанжалының соңы осындай сорақы жағдаймен жалғасып жатыр дейді. Себебі, сол жағдайға байланысты ауыл ақсақалдары бас қосқан жиында, үлкендер жағы басу айтудың орнына, жағдайды ушықтыруға себепші болды дейді.

НӘЗИРА ҮКІБАЙҚЫЗЫ, Үмбетәлі ауылының тұрғыны:
- Он үйді өртесек, қалғаны өздері көшеді деп айтты дейді. Екеуін өртеді, үшеуін өртеді, түнде тағы өртеді.

Ұзынағашта мал үшін, атпалдай үш азаматты атып өлтіріп, оны малдың тезегіне көміп кеткен күдіктілердің екеу ғана еместігіне ел неге сенбей отыр? Бірінші себебі - дәл сол мал базарындағы бұл алғашқы өлім емес екен. Екіншіден, малын сатамын деп, ақшасынан айырылып қайтқан адамдар да болған. Тұрғындардың пікірі бұл. Ал, күдіктілердің бірі - үшінші топтағы мүгедек екен. Анасы, ұлының қолында адамның қаны барына сенбейді. Ауылдастары да осы пікірде. Біреуді ақтау үшін айтып отырғанымыз жоқ. Яғни осы қылмыс себепші болып, үлкен қылмыстық топтың ашылуы да мүмкін ғой. Әрине, полиция жақсы жұмыс істесе ғана. Бірақ олардың жұмысына Алматы облысының экс әкімі күмән келтіріп отыр. Бір білетіні бар шығар...

31 арна 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста