Сайрам-Өгемнiң басты байлығы неде?

Сайрам-Өгемнiң басты байлығы неде?

Сайрам-Өгем мемлекеттiк ұлттық паркiнде тек Қазақстанда емес, әлемде сирек кездесетiн өсiмдiктер бар. Зерттеушi В.Павловтың мәлiметтерiне сүйенсек, Батыс Тәңiртауының ағаш-бұталы флорасы 334 түрдi құрайды.

Сирек кездесетiн Понтий доланасы теңiз деңгейiнен 1000-1200 метр биiктiкте өседi. Тау демекшi, тау белдеуi республика аумағының аз көлемiн, дәлiрек айтсақ, 12,2 пайызын алса да, флорасының алуан түрлiлiгiмен ерекшеленедi. Ол ендiк бойымен созылып жатуымен, тау сiлемдерiнiң биiктiгiмен (7000 м-ге дейiн) құнды.

Өгем жотасы Майдантал аумағындағы асудан бастау алып, Талас Алатауынан бөлiнiп шығады. Солтүстiк-шығыс бөлiгiнде Пiскем және оңтүстiк-батыс бөлiгiнде Өгем өзендерiн бөлiп тұрады. Өгем тауының ең биiк шоқысы Сайрам шыңы, оның биiктiгi 4236 м-дi құрайды. Көктемнiң аяғы мен жаздың басында ылғалдылық пен жауын-шашын шығыс аудандарына қарағанда басым болып келуi – Өгем жотасының ауа райының ерекшелiгi.

Тау етегiнде ерте көктем мезгiлiнде өсетiн өсiмдiк түрлерi басым. Оларды Түркiстан доланасынан тұратын сирек кездесетiн жапырақты ормандар ауыстырады. Топырағы сұр-қоңыр түстi. Олардың жоғары жағында зеравшан аршасы мен сауыр аршасы өседi. Қылқанжапырақты ағаштардан құралған ерекше ормандар да осында. Биiк таулардың таулы-шалғынды топырақтарында өсетiн көрiктi шалғындары басым.

Өгем жотасында жалпақ жапырақты ормандар сирек ұшырасады. Осы аймаққа тән алма (Malus sieversii), таудаған (Celtis caucasica), долана (Crataegus turkestanica), тау шие, сол сияқты грек жаңғағы (Juglans regia) ормандары да мақтанышымыз.

Жотаның бұталы тоғайларының құрамы өзгеше. Өгем жотасының тiк жарлы, тасты, аласа таулы жерлерi мен сай беткейлерiнде орналасқан бұталы тоғайлары, негiзiнен, петрофиттi тұрады.

Өгем жотасында жабайы алма, шетен, тұт, таудаған, долана, қарақат, жаңғақ, таңқурай, тау шие, зерек, алша, алмұрт және басқа да толып жатқан жемiс-жидектер көптеп өседi. Далалық экспедиция кезiнде жиналған мәлiметтер бойынша жотаның өсiмдiктер құрамы анықталды.

Өгем жотасының дендрофлорасы климаттық (температураға, ылғалға) және басқа да географиялық жағдайларға тiкелей байланысты. Олар әрдайым белдеулiк тәртiппен таралады. Осыған сәйкес, олардың өсiмдiктер жамылғысы да алуан түрлi болып келедi. Зерттеу нәтижесiнде Өгем жотасының флористикалық спектрiне сәйкес, ағаш-бұта таксондары 24 тұқымдас пен 51 туысқа бiрiгiп, 120 түрден тұратындығы анықталды және дендрофлораның басым түрлерi раушангүлдер, ерiнгүлдiлер, бұршақтар, талдар, ұшқаттар, күрделiгүлдiлер, т.б. тұқымдастар да кездестi.

Республиканың биологиялық алуан түрлiлiгiнiң қомақты бөлiгi таулы өңiрлерде шоғырланғанын ескерсек, таулы аймақтарды зерттеудiң маңыздылығы арта түседi. Батыс Тәңiртауына Орта Азияда табиғатының алуантүрлiлiгiмен тең келетiн аймақ жоқ десе де болады.

В.Павлов Батыс Тәңiртауының дендрофлорасы 334 түрден тұратындығы жөнiнде өз еңбегiнде мәлiмет келтiрген болатын. Бiздiң алдын-ала зерттеулерiмiз бойынша Батыс Тәңiртауының қазақстандық бөлiгiнде 29 тұқымдасқа бiрiгетiн, 66 туыстан тұратын 191 түр анықталды. Бұл көрсеткiш жалпы дендрофлораның 57,18 пайызын құрайды. Алынған мәлiмет алдағы уақытта толықтырылатын болады.

Парк аумағында Қазақстанның «Қызыл кiтабына» енген Зеравшан аршасы, Янчевский қарақаты, Сиверс алмасы, парсы шетенi, Коопман қабыржығы, Соғды шағаны, Кавказ таудағаны өседi. Сонымен қатар, Петунников бадамшасы, Өгем астрагалы, жаңа Липский астрагалы, кәдiмгi тау пiстесi, жабайы жүзiм, кәдiмгi өрiк, Сиверс алмасы, парсы шетенi, Семенов үйеңкiсi, грек жаңғағы, понтий доланасы, Регель алмұрты, ақ тұт, т.б. өсiмдiктер бар.

Жалпы, Батыс Тәңiртауының дендрофлорасы тыңғылықты зерттелмеген. Сондықтан кешендi түрде зерттеу жұмыстарын жүргiзу қажет. Бiздiң ғалымдар бұл бағытта жұмыс iстейдi. Сайрам-Өгемнiң басты байлығы да оның өсiмдiктерi мен жануарларының алуан түрлiлiгi.

Ә.СИХЫМБАЕВ,
Сайрам-Өгем мемлекеттiк ұлттық табиғи паркi ғылым,
ақпарат және мониторинг бөлiмiнiң бастығы, доцент.
"Оңтүстік Қазақстан" 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста