Қазақстандық министрлер мен әкімдер қанша жалақы алады?

Қазақстандық министрлер мен әкімдер қанша жалақы алады?

Елімізде лауазымды қызметттегі шенеуніктерге мемлекеттен төленетін ай сайынғы жалақы қанша деген сауал әрбір қазақстандықты мазалайтыны рас.

NUR.KZ порталы танымал басшылардың өздері жария еткен және ақпарат құралдар бетіне шыққан мәліметтерге сай жұмсақ креслода отырған басшылардың ресми кірістерін тізбектеп көрді.

Естеріңізге сала кетсек, «министрлер мен олардың орынбасарлары, әкімдер мен басқа да мемлекеттік шенеуніктердің еңбегіне ақы төлеу сыры - құпия. Бұл сегментті реттейтін құжат - Қазақстан президентінің «Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетi және Ұлттық банк сметасы (бюджетi) есебiнен қамтылатын Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi туралы» жарлығына «қызмет бабында пайдалануға арналған» деген ереже бар. Алайда әкім-қаралар жылдық есеп беру жиындарында журналистерге табыстарын жасырмай жайып салып жататындары да жоқ емес.

1. ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев 2013 жылы Астанада өткен брифинг кезінде өзінің ғана емес өзге де министрлердің бір деңгейде жалақы алатынын жария етті.

Яғни, әрбір министр ай сайын салық және өзге де төлемдері ұсталғаннан кейін 614 мың теңге қолдарына тиеді екен. Алайда осы жылы қазан айында «А» корпусы өкілдерімен кездесу өткізген президент Нұрсұлтан Назарбаев «2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалақыларың бір жарымға еселенеді» деген уәде берді. Осыдан кейін әрбір министрдің айлық жалақысы ораташа бағаммен алғанда 1 миллион теңгеден асып, қолына 900 мың теңге тиеді деген сөз.

2. Ал, Алматы әкімі болған Ахметжан Есімов болса 2014 жылы журналистермен кездесу барысында алып шаһарды басқарғаны үшін ай сайын 645 мың теңге жалақы алған екен.

Оның 130 мың теңгесі зейнетақы қорына ұсталынып, қолына 515 мың теңге тиетінін және соған қанағаттанатынын тілге тиек еткен еді. Тіпті, өзіне сыйақы жазып алуға ұялатынын айтып, жеке пәтері жоқ болған соң әйелінің үйінде тұратынын мақтанышпен жариялаған.

Қазір экс-әкім «Astana EXPO-2017» ҰК төрағасы. Жаңа жұмыс орнынан қанша жалақы алып жүргенін Ахметжан Смағұлұлы әзірге жария қылмады.

Ал оның орынтағына жайғасқан Бауыржан Байбек әзірге табысы жайлы еш жерге жария етпеді. Әйтсе де кезінде өзі басшылық жасаған «Нұр Отан» партиясы атынан «Өзіңнен баста» акциясын ұйымдастырып, онда шенеуніктер мен лауазымды басшылардың жылдық табысын халыққа ашық жариялауға шақырған еді.

3. ҚР прьемер-министрі Кәрім Мәсімов болса жеке блогына келіп түскен хатқа жауап беру арқылы өзінің жалақысының қанша екенін айтқан еді. 2009 жылы 10 ақпанында премьер-министр жеке блогында ай сайынғы қолына алатын жалақысы 700 000 теңге деп көрсеткен. Содан бері 7 жыл өткендіктен бұл соманың өскені айдан анық. Алайда қазір премьер-министр қанша жалақыға жұмыс жасап жүргені белгісіз.

4. Алматы облысының әкімі Амандық Баталов болса 2014 жылы 18 миллион 778 мың теңге табыс тапқанын ашып айтып, астаналықтардың ашуын келтірген болатын. Яғни, облыс басшысының айлық кірісі 1 564 833 теңге.

Тұрғындардың сөзінше, кез-келген облыс, қала әкімнің жалақысы 500 мың теңгеден аспауы қажет. Себебі, елдегі орташа жалақы көлемімен салыстырғанда, бай мен кедейдің айрымашылығы көзге оғаш көрінеді, құлаққа түрпідей тиеді.

5. Ұлттық «Қазпошта» компаниясының басқарма төрағасы Бағдат Мусиннің қызметтік жалақысы – бір жарым миллион теңге. Ол бұл сөзін 2015 жылы сәуірдің 7-сі күні баспасөз өкілдерімен кездесу кезінде растады.

Құрылтайшысы Қазақстан үкіметі саналатын компанияның 32 жастағы басшысы Nur.kz сайтына «Салықтарды ұстағаннан кейін қолыма 1 миллион 200 мың теңге тиеді» деп мәлімдеген болатын.

6. Ал, мәжіліс депутаттарының ай сайынғы қолдарына алатын жалақысы 497 000 теңге. Халық қалаулылары былтыр бұл сомаға риза еместіктерін білдіріп, шетелдік әріптестерімен салыстыруға келмейтін айтқан болатын.

Десе де, депутаттар үшін жалақының сыртында қызметтік пәтер және көлік пен жүргізуші тағы бар. Жарты миллионды кейбір ақ жағалылар аз сынып жатса, экс-депутат Тәңірберген Бердіоңғаров жалақысының жартысын қайрымдылық шараларына жұмсайтынын айтқан еді.

7. Жоғары жалақы алатын лауазым қызмет иелерінің ішінде «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшылары да бар.

Палата төрағасы Абылай Мырзахметовтың сөзінше, мекемеде жоғары жалақы алатын 7 төраға бар. Олардың айлық кірісі 750 мың теңге. Ал, департамент басшыларынікі - 500 мың теңгенің төңірегінде. Сондай-ақ Мырзахметов «аталған сома өте аз, кейбір білікті топ менеджерлер оны менсінбейді» деп кесіп айтқан болатын.

8. 2014 жылы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорынының» атқарушы орган мүшелерінің алған сыйақы мөлшері 345 468 000 теңге болған. Бұл туралы KASE-ге хордың жолдаған арнайы хатында белгілі болды.

Ресми мәліметке сәйкес, қордың басқармасына алты адам кіреді: Өмірзақ Шүкеев (басқарма төрағасы), Елена Бахмутова (басқарма төрағасының орынбасары), Дәурен Ердебай (басқарма төрағасының орынбасары), Нұрлан Рахметов (қаржы директоры, басқарма мүшесі), Талғат Сәрсенбаев (құқықтық мәселелер бойынша бас директор, басқарма мүшесі) және Берік Бейсенғалиев (бизнесті дамыту бойынша бас директор, басқарма мүшесі).

Аталған соманы 6 адамға бөлер болсақ, орта есеппен бір қызметкердің жылдық жалақысы 57,5 миллион теңге. Алайда "Самұрық Қазынаның" қаржы директоры Нұрлан Рахметов бонус ретінде қордан 29,8 млн теңге алғанын және жұмыс ауыр, ресейлік топ-менеджерлермен салыстырғанда аз екенін алға тартқан еді.

2016 жылдың 1 қаңтарында белгіленген еліміздегі ең төменгі жалақы – 22 859 теңге. Статистика мәліметттеріне сүйенсек Қазақстандағы орташа жалақы көлемі 150 000 теңге көлемінде. Сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорының 5 миллион 900 мың қатысушысының 3 миллион 83 мыңы – ер адам, 2 миллион 858 мыңы – әйел. Тағы бір ескеретіні нәзік жандылардың жалақысы еразматтармен салыстырғанда 40 мың теңгеге аз.

Материал ҚР Заңнамасына сәйкес қорғалған. Барлық авторлық құқықтар NUR.KZ интернет-порталына тиесілі. Материалдың кез-келген бөлігін көшіру, тарату үшін редакциямен байланысу қажет.
 nur.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста