Қазақстанда қыз күйінде тұрмысқа шығу “старомодно” екен

Дәрігерлер жасына жетпей жетіліп, жыныстық қатынасқа түсетін жасөспірімдердің мәселесіне назар аударып, дабыл қағу керектігін айтты деп жазады Ақ жайық  басылымы.
“Қазір олар құрбыларын тыңдайды, интернеттен естіп біледі. Және қазір көбінің психологиясы әртүрлі ғой. Жақында бір қыз балаға пəктік туралы əңгіме айтып отырсам, ол маған: «Апа, сіз мені ақымақ санайсыз ба? Егер мен қазір пəк болып тұрмысқа шықсам, күйеуім «бұған дейін саған ешкім қарамаған ба?» деп сұрайды ғой» дейді. Міне, қыздар арасында осындай әңгімелер жүреді екен”, – деп жаға ұстатарлық шындықты атыраулық дәрігер Айқияш Шунаева салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығында өткен дөңгелек үстел барысында хабарлады.

Жауапкершіліктің жүгі ата-аналарға, бәрінен бұрын аналарға артылып отырғанын айтып өтті. Анасы қызымен әйелдер гигиенасы туралы ұялмай, ашық сөйлесуі керек, жыныстық қатынасты кәмелеттік жасқа толмағанға дейін бастау адамгершілік жағынан да, физиологиялық жағынан да дұрыс емес екендігін айту керек, дейді Шунаева.

Қалалық емханалар гинекологтары мен мектеп мұғалімдері бас қосқан жиында облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілі болған жоқ. Сол себепті облыс бойынша биыл нақты қанша жасөспірімдер жүктілігі кездесіп отырғандығы айтылмады. Десек те, кейбір мəліметті емханалар қызметкерлері келтіріп өтті.

№1 қалалық емхана гинекологы Айқияш Шуневаның айтуынша, 2011 жылы 15-16 жастағы алты қыз жүкті болса, 2012 жылы алты, 2013 жылы – 13, 2014 жылы – 11 қыз жүкті болған. Ал биылғы жылдың басынан бері қарай жасөспірімдер жүктілігінің жеті жағдайы тіркелген. №2 емханада жыл басынан бері қарай бес жағдай, №7 емханада – 10 жағдай, №4 емханада 18 жағдай тіркелген.
 nur.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста