Екі жұмыртқа салынған қапты жігіттер аяқтарының арасына іліп, билеуге кіріскен. Байқау шарты бойынша олар жұмыртқаны бір-біріне соғыстырып, жаруы тиіс сыңайлы. Ролик Instagram желісіндегі "Есьже, я приезжий!" парақшасында жария етілген.
"Неге барлық байқаулар бейәдеп ойды меңзеп тұрады?", "масқара", "онда балалар отыр емес пе?", - деп күйінді пікір қалдырушылар. Желі қолданушыларының бірі бұл той Алматыда болды деп топшылады.