Өскеменде үш баласын жіпке асып, кейін өзіне қол салған келіншектің ісіне қатысты болжамдар айтыла бастады

Өскеменде үш баласын жіпке асып, кейін өзіне қол салған келіншектің ісіне қатысты болжамдар айтыла бастады

Өскеменде жұрттың жағасын ұстатқан оқиғаның мән-жайы анықтала бастады. Осыдан екі күн бұрын Шемонаиха кентінде 35 жастағы келіншек өзінің үш баласын жіпке асып, кейін өзі де тура солай өмірмен қош айтысқан. Жас ананы мұндай сұмдық қадамға нақты не итермелегенін полицейлер де анықтай алмай жатыр. Дегенмен отбасындағы кикілжің себеп болуы мүмкін деген болжам бар.
Өскенменнен 110 шақырым жердегі 18 мың тұрғыны бар Шемонаиха кентіндегі оқиға бүкіл елдің жағасын ұстатты. 35 жастағы келіншек 2, 8 және 10 жасар балаларын буындырып өлтіріп, кейін өзі асылып қалған. Дарға асулы тұрған жақындарын алдымен отағасы көріпті. Ол ұзақ уақыт бойы темір есікті бұзып үйіне кіре алмай, кейін терезені шаққан көрінеді.

Айгерім Беспалинова, көршісі:

– Не істерімді білмей қалдым. Екінші қабатқа көтерілдім де, есікті жұлқып көрдім. Есік ішінен ашылды, ол қолында мойнына жіп тағылған кішкентай сәбиін ұстап тұрды.Тамырын ұстап көріп едім, ештеңе сезілмеді. Кіре беріс бөлмеде үлкенірек қыз болды, ол да боп-боз боп кеткен.

Бұл отбасыға қатысты көршілері жақсы пікірде. Жалдамалы пәтерге өздері бір ай бұрын көшіп келген екен. Айтуларынша, ұрыс-керіс пен айғай-шуды ешқашан естімепті. Жас ананы мұндай қадамға не итермелегенін енді полицейлер анықтауы тиіс. Бірақ кәнігі тергеушілердің өзінің жағасын ұстатқан жәйтке қатысты әзірге нақты болжам жоқ.

Бақытжан Торғаев, ШҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:

– Қылмыс осы пәтер иесі 35 жастағы азаматшаның қолымен істелген. Яғни, 2 жас пен 10 жас аралығындағы 3 сәбиді өз шешесі, бұл азаматша өз қолымен өлтірген. Содан кейін өз өмірін қиып, буындырылып өлтірілген.

Жары мен үш перзентінен бір мезетте айырылған отағасы абдырап, не істерін білмей қалды дейді көршілері. Тіпті, ол да өз-өзіне қол салмаққа талпыныпты. Қазір қасақана адам өлімі бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалар жүріп жатыр. Оның қорытындысы бойынша, қандай да бір мәліметтер анықталып қалуы тиіс.

ktk.kz

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста