Мамандық ауыстыру кеш емес

Мамандық ауыстыру кеш емес

Қайта даярлау курсы егде жастағы азаматтарды оқуға шақырады. Жұмыссыздықпен күресу мақсатында қолға алынған «Бизнестің жол картасы» аясында қаралған оқыту түрінің шарты өзгерді. Бұл бағытта бизнесін ашқысы келетін азаматтарға да қаржылық қолдау да бар деп хабарлайды Otyrar.kz
Мамандық ауыстыру қашан да кеш емес. Өңірдің әр ауданынан келген 45 жұмыссыз тігіншілікті кәсіп етпек. Клинеттің өлшемін алу, пішу, тігу сияқты шаруаларды ұршықтай меңгеріп алған. Тазагүл Меңдібаева бұрын мұғалім болып жұмыс істеген. Жаңа кәсіпті игеруге 50 жасында кіріскенін айтады. Алдағы уақытта тігін цехын ашып, сүйікті ісінен напақа табуды ойластырып жүр. Жиырма жыл бойына тұрақты табысқа қолы жетпей қиналған Тазагүлдің бүгінде мақсаты айқын.
Бұдан былай бұл курстарға жұмыссыз жүрген 55-64 жас аралығындағы азаматтар қатыстырылады. Жыл басынан бері Шымкентте 160 адам оқуға жолдама алыпты. Жуырда қолдарына сертификат алатын бұл азаматтар шаштараз, тігінші, электрик, туристік агент мамандықтарын алып шығады.
Сондай-ақ, мемлекеттік бағдарлама аясында жеке кәсібін ашықысы келетін азаматтарға да бағыт-бағдар беру көзделген. Арнайы дәрістерде болашақ кәсіпкерлер бизнес жоспар жасауды үйреніп, жобасын іске асырудың тетіктерін меңгереді. Ал қаржылық қолдау ұсынылған бизнес жоспар негізінде бекітіледі. Негізгі шарт — қатысушы ұсынған кәсіп түрі мал шаруашылығы мен егіншілік саласын дамытуға бағытталуы тиіс.
Қазір қалалық жұмыспен қамту орталығында қайта даярлау курсына қатысушылардан өтініштер қабылданып жатыр. Оқу маусым айының бірінен басталады.
rgmedia.kz 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста