Иттен емес, адамнан! Неге?
Таяуда «Жедел жәрдемде» жұмыс істейтін танысым бір сұмдық оқиғаны айтып берді: «Кезекті шақыртуға барсақ, төсек үстінде шоқиып ит отыр екен. Оған еш мән бермей келесі бөлмеге өтіп бара жатыр едік, кенет үй иесінің талмаусыраған даусы сол төсек жақтан естілгенде, барып аңғардық... Масқара, жас шамасы 45-тердегі орыс келіншек итінің астында жатыр... Екеуі жабысып қалыпты... қатынас кезінде...
Иті мен иесінің арасындағы «махаббат» әлі қаншаға созыларын кім білсін, егер тап мына жағдай әшкерелеп бермегенде?
Сөйтсек, бұл бүгінгінің емес, ежелгі замандардан тамыр алатын дерт болып шықты. Ғылымда мұның бір емес, екі бірдей аты бар екен. Соның бірі содомия – жануармен шағылысу. Тіпті Құранға дейін Көктен түскен кітаптарда аты аталған Содом қаласының тұрғындары ер мен ер, әйел мен әйелді қойғанда, тіпті жануармен шатасып, сол үшін ол қоғамды Алла солай жойса керек.
Жә, ол қоғам жабайы болды, әлі мәдениет жетпеген еді дейік. Және ол кезде адамдар табиғатпен етене жақын өмір сүріп, жан-жануарлармен қатар жүрді. Сондықтан бойында оянған хайуанға тән инстинктті хайуанша жеңді дейік. Бірақ, соның өзі көрген көз түгілі, естіген құлаққа қалай ерсі?!. Азғындау ғой?
Осыдан біраз жылдар бұрын Ермек Тұрсынов «Келін» фильмінде «мен қазақтарға еш қатысы жоқ, ежелгі заманның шындығын көрсеттім» деп ақталғанда, бәріміздің үдере көтерілуімізге себеп – ешкі мен бала емес пе еді?
Сонда ондай жағдайдың күні бүгін де болып жатқанын білмегендігімізден екен ғой...
Негізінен зоофилияны «уақытша құбылыс» дейтіндер бар. Яғни, жалғыздықтан келіп шығатын дертті серік табу арқылы емдеуге болады екен. Демек, адамдар өз нәпсісі оянғанда қасында тіпті иті болса да, сонымен қанағат табатынға ұқсайды. Әрине, дені сау, ақыл-есі бүтін болса олай етуі екіталай. Және тағы бір айтарлығы, зоофилдер тек итпен ғана емес, мысық, ешкі, қой, жылқы, есек, тіпті тауық, жыланмен де...
Бұл жай ойдан шығарылған нәрсе емес, түрлі ғалымдар бұл мәселені жан-жақты зерттеп, содан шыққан қорытынды. Мысалы, Плутарх Менделде әйелдер қауымының зоофилия дертінен жапа шеккенін айтып кеткен. Олар көбіне ешкіні ермек еткен... Ермек демекші, Тұрсыновтың киносы бәлкім сол заманды бейнелеген шығар... Және тағы бір мысал қытай әйелдері де ежелде қаздармен «көңіл қосқанға» ұқсайды. Әйелдердің нәпсіге берілгені соншалық, тіпті өз «шаруасын бітірген» соң, әлгі «көңілдесінің» басын кесіп жіберіп, сорпа қайнатып ішкенге ұқсайды.
Енді мына қызықты қараңыз, ежелгі парсы жауынгерлері соғысқа өздерімен бірге үйір-үйір, табын-табын, отар-отар мал айдап жүргенге ұқсайды. Не үшін? «Ер азығы мен бөрі азығы жолда» екенін ескерсек, демек, мал оларға әйел жоқта бел босату үшін қажет болғанға ұқсайды. «Азық табылған жолдан әйел де табылмай ма?» дерсіз? Сөйтсе, ол тұста елді жыныстық ауру дендегенге ұқсайды. Жезөкшелерден дерт жұқтырғанша, осылай ету жолын әскербасылар ұсынса керек.
Алайда Орта ғасырларда қауым біршама түзеліп, жануарлармен байланысқа түскен адам ұсталса, оны да, мақұлық байғұсты да өлім жазасына кесетін болды. Тіпті ол түгілі христинадар мен йудейлер, тіпті қара нәсілділермен ақ нәсілділердің де қатынасқа түсуіне тыйым салған. Ал бүгін сол орта ғасыр қауымы құрлы болмай тұрғандаймыз. Себебі зоофилдерді қылмыстық жазаға тартатын ел жоқ десек те болады. Ал сексолог Э.Кинг болса, қазіргі заманда ерлердің 22,4% -ы, ал әйелдердің 5% -ы жасөспірім шақта, шамамен 12-15 жас аралығында жануарлармен жанасып көргенін айтады дейді.
Сөйткен сексологтар зоофилияны ақыл-ойдың толық жетілмей қалуынан болатын дерт ретінде түсіндіреді. Бірақ, қауіптілігі – оның тұқым қуалайтындығында. Және, көңіл жұбатарлығы көбіне ол мал соңында жүрген жандарға тән екен.
Бірақ ол да шүкіршілік ететін жайт емес қой. Себебі қауымның біріне келген дерт – ол қалың қамыстың шетіне сіріңке тасталғанмен бірдей емес пе? Яғни, тұтанса, ар жағы...
Қазір кім көп, қаланың қақ ортасында итімен қыдырып жүретіндер көп. Тіпті көлігінің де артқы емес, алдыңғы орындығына адам секілді шоқитып итін отырғызатындар... Қолтығының астына қыстырып алған қанденін адамша киіндіріп қоятын, оларға өз аузымен тамақ беріп отыратындардан бұрын да бойымды аулақ ұстаушы едім. Енді, тіпті, алты шақырым ары жүрмесем... Сіздерді де соған шақырамын...
Айтпақшы, басында «Жедел жәрдеммен» емханаға түскен әйелдің жағдайын аяқтамаппын ғой? Таң қалсаңыз да сол, оның отбасы бар. Жұбайы 67 жастағы шетел азаматы. Бірақ бала сүйе алмағандықтан, екеуара қатынас суып кеткенге ұқсайды. Әйелдің есі сап-сау. Бір емес, үш рет тұрмыс құрса керек. Бедеулігін күйеуінен көреді. Дегенмен осыған дейінгі үш рет те көтермегені де, жануарға құмарлығы да өзінің айтуынша «ешбір күйеуінен қанағат таба алмағаннан». Сондықтан да күйеуінен де басқа қанша еркек сөз салса да, соңғы жылдары олардың бірін де елемеген. Мәне, оның сыры «итінің көзіне шөп салғысы келмейтін» болып шықты...
P.S: Иә, ит жетектегендерден қорқатын заман болды... Ауылда мал соңында жүргендерді де бақылауға алу артықтық етпейтін секілді...