Гейдің "гербі"

Қытай жазушысы Мо Яньнің «Қызыл тоғай» деп аталатын романы бар. Романда мансапқа байланған әйел тағдыры баяндалады. Кітаптың бір тарауында: «Еркектің тауығы бар. Әйелдің үйрегі сүйкімді» дейтін сөйлем кезігеді. Мұндағы тауық пен үйрек – тәнін саудалайтын қыз бен жігіт. Бас кейіпкерге бір «үйрек» үйірсектейді.
Кейіпкер одан өзі анық-қанығын білмейтін «үйрек» пен «тауық» туралы сұрайды. Сонда әлгі ақшаның құлы: «Біз ақша үшін бай әйелдің бір түнін, қалталы еркектің бір сағатын мәңгі ұмытылмастай ете аламыз», – дейді. Кейіпкер: «Сонда сен ақша берген адамның жынысына қарамайсың ба?», – деп таңданады. Әлгі «үйрек»: «Ақша жолында ар әңгіме болмайды», – деп түсіндіреді.
Мо Янь жазған өмір ақиқаты біздің қоғамда да індетке айналған.
Қараңғы түнде қалғыған мына екі бейнені түсімде көрсем, сенбес едім. Өңімде кездескен соң, шүбәсіз иланып отырмын. Жарқ-жұрқ еткен алакөлеңке арасында бір-бірінен ләззат тапқан әлгі «ғашықтар» айнала толған жұртты елер емес. Тіпті олар бұл әлемде тұрғанын ұмытқандай, иесіз аралдың жабайылары сияқты: қымсыну, ұялу дегенді білмейді. Ашықтан ашық аймаласып, сүйісіп, өбісіп өліп бара жатқандары.
Құрметті, оқырман, біз қыз-жігіттің сүйісіне таңданып отырған жоқпыз. Ондай ерсі көрініс Алматыға таңсық болудан қалғалы қашан?.. Біздің айтпақ болғанымыз мүлде басқа әңгіме. Ендеше басынан бастайық.
***
Алматының Құрманғазы мен Пушкин көшесінің қиылысында жерден аюдың апанындай қазып жасалған түнгі клуб бар. Ары-бері жүргенде жын-шайтандардың ойнағын сыртынан көріп, елеусіз өте шығатынбыз. Өткен аптада сол клубқа әдейі бардық. Кісілік кейіптен айырылған жастарды өз көзімізбен көріп жазсақ деген ой. Қасымда газетіміздің арнаулы тілшісі Думан Бықай бар.
Ғылым ордасына жапсарлас салынған жын-ойнақты күндіз байқау қиын. Елеусіз, қарапайым. Ал түнге қарай шамдары жанып, қызыл-жасыл киінген жігіт пен қара-қоңыр киінген қыз-қырқынға толып-ақ кетеді екен. Мұндағы ер мен әйелдің Алла жаратқан табиғаты өзгеше ме, киім-кешегі барандау, басқаша екен. Қыздары – қылықсыз, жігіттері – жігерсіз осы бір тұрақты бұрын аңғармай жүріппіз. Бұл – Алатау бөктеріндегі ең әйгілі гей клубтың бірі болып шықты.
***
Бізді күзетте тұрған екі жігіт қалың нөпірден бөліп алды. Есік көзіне тығылып, анталаған уыздай жас қыз-жігіттерден досым екеумізді ауашалағаны бәріне ерсі көрінді-ау деймін, айдарлы жігіттер мен кепкалы қыздар бізге үрке қарайды. «Жігіттер, «натурасыңдар» ғой. Жын-шайтандардың ойнағына кірмей-ақ қойсаңдаршы», – дейді өзін Еркеш деп таныстырған жуан сары жігіт. «Натура» дегенін кейін түсіндік, азғындамаған жігіттерді осылай атайды. Күзеттегі жуан жігіттерге қанша жалынсақ та, бізді ішке кіргізер емес. Шындықты айтуға тура келді. Журналист екенімізді, кісілік кейіптен айырылған мына шайтандар «шаһарын» көзбен көріп жазсақ деген құпиямызды аштық. Мұны күзетшілердің бастығы Еркеш бірден құптады. «Сурет пен видеоға түсірмесеңдер, бәріне рұқсат. Азғындардың абыройын айрандай төгіңіз-дерші», – дейді. Шайтандардың «күлтөбесін» күзеткен жігіттерден мұндай сөзді күткен жоқ едік, Думан оның азаматтығына риза болып жатыр. «Білектеріңе «герб» ұрғызып алыңдар», – деді Еркеш. «Гербі» – төртбұрыш көк таңба екен. «Гербің» болса, емін-еркін кіріп-шыға аласың. «Гейге қор болған, қайран герб, қайран, киелі таңбаның аты-ай» дедік іштей.
***
Аюдың апаны дегеніміз түлкінің ініндей иін-иін болып шықты. Қара жердің астын ессіз әуен билеген. Ортада үлкен би алаңы. Би алаңынан екі жақтауы толған биік үстел-орындық. Бір қапталда бар (Бар – ресторан, би клубтарында сусындық ішетін орын) орналасыпты. Бардың алды – мықынсыз жігіт, кеудесіз қыз. Екінші қапталға жайдақ кресло, аласа үстел қойылған. Оған мына ессіз шоудан шаршаған «ғашықтар» жұп-жұбымен жайғасқан. Еркекті еркек аймалап, қыз бен қыз сүйіскен нағыз тұрпайылық сол жайдақ, жұмсақ креслода.
«Мынау нағыз тозақ оты екен ғой», – дейді Думан маған естірте. Құлақ тұндыратын музыкадан оның дауысы жарықшақтанып шығады. Ол ащы әуенге балқып, ес-түсінен айырылған екі жігітті нұсқап: «Мына екеуін көрдің бе? Анау талдырмаш келген сарысы мен тапсырыс материал алып жүрген шетелдік компанияның қызметкері ғой», – дейді. Думанның жүзі-нен қорқынышты байқағандай болдым, көзі атыздай болып кетіпті.
***
Біздің бұл ортаға жаттығымыз бірден аңғарылды. Мұндағылар бірімен бірі көзтаныс екен. Аман-сәлемі де қызық. Өз араларында әңгіме-сұхбат, әзіл-қалжыңы да ерсі. Бізге үрке қарайды. Іш тартып, сыр білгіміз келген. Бірақ ешкім жоламады.
Би алаңының бір бұрышында тұрған екі бозбаланың «махаббаты» назарымызды бөле бергені. Тілдесіп қалармыз деген оймен жақындадық. Әлгі екеуі бізге аң көргендей тікірейіп қарайды. Сонан соң түк болмағандай, еш қымсынбастан қайтадан аймаласып кеткені. Олардың қасына үшінші жігіт келді. Оны әлгі екі «ғашық» «Русик» деп құшақ жая қарсы алып жатыр.
Русик бір ауық замандастарына «сүйкеніп», өз жаргондарымен сөйлесіп тұрған. Бір кезде оны қара басты ма, әлгі екі бозбаланың біреуінің «ақ» тамағынан аймалай кеткені. Ешнәрсенің байыбына барып үлгерген жоқпыз, бозбаланың екіншісі Русиктің бетіне бес тырнағын салды да жіберді. Қас пен көздің арасында шашын қызыл-сарыға бояған Русиктің беті де аймандай қызыл-ала болып шықты. Одан арғысы тіпті сорақы. Төбелескендері де қызық. «Мыналармен салыстырғанда қыздар әдемі төбелесуші еді», – дейді досым. Кейін білдік, бұл «жігітін» қызғанған жігіттің ашуы екен.
***
Бізге ешкім жақ ашпады. Еден жуып жүрген орта жастағы келіншекті сөзге тарттық. «Мұнда үш жылдан бері жұмыс істеймін. Сіздердің көргендеріңіз бергі жағы. «Гейлер» мен «Лесбияндардың» мейрамы – Жаңа жыл, 14-ші ақпан. Сол күндері келсеңіздер, әнші, әртістерді де кездестіресіздер», – дейді ол.
– Мұндағылардың дені қазақтар сияқты ғой? – деді Думан сөзге араласып.
– Иә, «гейлердің» көбі өзіміздің қазақтың ұлдары. Ал «лесбияндардың» арасында қаракөздеріміз аз. Бірақ қыздарға сенім жоқ. Қазір ғана жігіттің құшағында тұрған ару, бір сағаттан кейін құрбысының қолтығында кетіп бара жатады.
– «Гей» мен «лесбиянның» айрықша белгісі қандай болады?
– Сіздер байқай алмайсыздар ғой. Мен бұларды бір көргеннен жазбай танимын. «Гейлердің» ең басты белгісі – киім-кешегінде. Ала-құла киініп жүреді. Шалбарында мықын жоқ. Жейдесінде жаға жоқ. Шашын әртүрлі түске бояп, әтештің айдарындай тікірейтіп алатындары да бар. Тіпті боянып, сыланып жүретін бозбалалар да кездеседі. Сөйлеген сөзі, жүрісі-тұрысы да еркекке жат. Бұрынғылар ондайларды «қызтеке» деп жатушы еді. Ал «лесбиян» қыздар екі түрлі. Бірі – «жігіті», екіншісі – «қызы». «Жігіті» – еркекшора болады. Еркекше киініп жүреді. Жүріс-тұрысы да дөрекі. Ал «қыздары» нәзік келеді. Бірақ нәпсіге келгенде ылыққан ит сияқты ыңыр болады – дейді еден жуушы.
***
«Алматыда жын-шайтандардың осындай жиырмашақты ошағы бар екен». Осылай деген Думан көлігін оталдырып жатып, білегіндегі «гербке» қарап: «Мына бәле өшпей қоймас па екен?» – деді.
– Гейдің «гербі» деп мақтанып жүресің – деп күлдім.
– «Герб» деген қасиетті атауды қорлағандары-ай! – деді ол кейіп.
Алатауға құланиектеп, қанталаған көздің етіндей қызарып таң атып қалыпты. Ал «гейлердің» думаны әлі қайнап жатыр.

jasqazaq.kz сайтынан алынған

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста