Еңбекке жарамсыздық парағы екі жұмыс орнына бөлек бөлек беріле ме?

Еңбекке жарамсыздық парағы екі жұмыс орнына бөлек бөлек беріле ме?

Мен сіздерден жүктілік пен босануға жумысқа жарамсыздық парағын беру тәртібі жайында сұрағым келген. Мен екі жұмыс орнында жұмыс істеймін. Қазіргі таңда  жүктілік мерзімім 30 апта. Тұрғылықты мекен жайым бойынша емханадан еңбекке жарамсыздық парағы екі жұмыс орнына бөлек бөлек беріле ме, әлде екі жұмыс орнына бір еңбекке жарамсыздық парағы беріліп, екі жұмыс орнының атауы жазылады ма?

Алма Сайлаубайқызы!

Алматы қаласы.

 

Сіздің өтінішіңізді мұқият қарап, заңгердің ҚР Еңбек туралы заңына сүйене отырып жауап берген келесі кеңесін назарыңызға ұсынамыз.

Жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылған жағдайларда төленетін әлеуметтік төлем (әрі қарай – әлеуметтік төлем) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен берілген еңбекке уақытша жарамсыздық парағында көрсетілген бүкіл кезеңге тағайындалады.

Егер адам бірнеше жұмыс берушіде жұмыс істейтін болса еңбекке уақытша жарамсыздық парағы бір жұмыс орны бойынша беріледі, адамның басқа жұмыс орындарына медициналық ұйым басшысы бекіткен және медициналық ұйымның мөрі қойылған еңбекке уақытша жарамсыздық парағының көшірмелері беріледі.

Алаш айнасы

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста