Біріккен Араб Әмірліктерінде көп қабатты тұрғын үй кешені өрт оранды. Әлемдік тәжірибеде биіктігі 20-30 қабаттан асатын ғимараттарда өрт шыққан жағдайда құтқарушылар қалай әрекет етеді? Ал, еліміздегі өрт сөндірушілер биік ғимараттан өрт шыққан жағдайда, оны сөндіруге қаншалықты дайын? Жалпы, бізде ондай техника бар ма? Жарас Ниязбек білуге тырысты.
Бұл жыл басындағы Дубай қонақ үйлерінің біріндегі алапат өрттен кейінгі Араб әмірлігінде тұтанған кезекті тілсіз жау. Аджман қаласындағы көп қабатты тұрғын үй кешені әп сәтте қызыл жалынға оранған. Тіпті, өрт бірнеше шақырымнан байқалған. Әзірге, зардап шеккендер туралы мәлімет түспеді.
Ал Қазақстанда, өткен айда ғана Астана қаласында салынып жатқан "Абу-Даби Плаза" нысанынан өрт шығып, әзер сөндірілген.
Яғни, оқыс жағдай кез келген ғимаратта болуы мүмкін. Ел арасында "Зажигалка" аталып кеткен ғимарат та бірнеше рет тұтанған. Өткен жылдың тамыз айында "ҚазақстанТемірЖолы" компаниясы орналасқан ғимараттан да өрт шығып, астаналықтар бір дүрліккен. Елімізде биік ғимараттарды өрттен аман алып қалуға құтқарушылар қаншалықты қауқарлы деген сауалды мамандарға да қойып көрдік. Техникалармен таныстық.
ЖАРАС НИЯЗБЕК, тілші:
- Бұл биік ғимараттарда өрт шыққан жағдайда әрекет ететін арнайы техника. 90 метр биіктікке көтеріледі. Қазақстанда жалғыз. Негізгі міндеті - көп қабатты ғимараттағы өртті сөндіру мен ондағы адамдарды құтқару.
90 метр көтерілетін бұл машина бір сәтте 5-6 адамнан құтқарып, оларды жоғарыдан төменге түсіруге жарайды. Осыған ұқсас көлік, бірақ 88 метрге көтерілетін сатысымен Астана қаласында бар екен. Ал Алматының 18 өрт сөндіру бөлімдерінде 20-30 метрге, 70 метрге биіктейтін техникалар дайын тұрады. Құтқарушылар апат кезіндегі басты міндет адамдарды құтқару дейді.
МЫРЗАБЕК САҒЫМБЕКОВ, Алматы қалалық №8 өрт сөндіру бөлімінің басшысы
- Биік ғимараттарда өрт болса, ең бірінші адамдарды құтқарамыз. Екіншіден ғимараттағы өртті сөндіреміз.
Алматы қаласында биік ғимараттарда өрт болатын жағдайда біздің арнайы техника баратын болса, қала тұрғындары автокөліктерін дұрыс қоймаудан біз қасына жақындай алмаймыз.
Өрт сөндірушілер үшін қызыл жалынмен алысудағы ең бірінші кедергі осы екен. Тілсіз жауды сөндірудің жылдамдығы мен сәтті болуы техниканың өртке жақын баруы мен ыңғайлы орналасуына байланысты дейді мамандар. Ал соңғы кездері бой көтеретін биік ғимараттар да көбіне өрт сөндіру техникалары үшін орын дайындамай, қауіпсіздік шараларын ескере бермейді екен.
Еліміздегі өрт сөндірушілер биік ғимараттан өрт шыққан жағдайда сөндіруге қаншалықты дайын?
Читайте также
Көгілдір әлем құпиясы немесе Алматыны гейлер ордасына неге айналдырдық?
Бір жыныстылар суррогат ана іздеп жер бетін шарлап жүр
Түнде жұмыс істейтіндердің құқығы тапталып тұр
Байқаңыз, балалар ашуланшақ болып барады...
Ақын Қайрат Әлімбектің құлпытасын күреп тастауы мүмкін
Студентті сүлікше соратын жемқор ЖОО-лар анықталады
Последние статьи автора