Дүйсенова ата-аналарды балаларына жұмыстан ерте босату туралы ұсынысқа қатысты пікір білдірді

Дүйсенова ата-аналарды балаларына жұмыстан ерте босату туралы ұсынысқа қатысты пікір білдірді

Қазақстанның денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің ата-аналарды балаларына жұмыстан ерте босату туралы ұсынысына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ата-аналар үнемі жұмыста болатындықтан олардың балаларын тәрбиелеуге уақыты қалмайды. Олардың ішінде мемлекеттік қызметкерлер де көп. Қазіргі кезде ата-аналар жиналысына келетіндер саны 10-15 пайызды ғана құрайды. Біздің есебіміз бойынша, 11 жылда ата-аналардың 50 пайызы мектепке келмеген", - деді білім және ғылым министрі мәліметтер келтіре отырып.

"Міне, дұрыс. Мұны жұмыс берушілерге айту керек", - деді Дүйсенова Сенаттың үзілісінде.

"Жалпы Еңбек кодексінде жүкті әйелдерге, үш жасқа дейінгі балалары бар аналарға жеңілдіктер бар, олар келісімшартқа байланысты түскі үзілісте ұзағырақ уақыт ала алады. Себебі олар баласын тамақтандыруы тиіс. (...) Еңбек кодексінде барлығы жазылған, барлығы сол міндеттерді орындауы тиіс. 8 сағаттық жұмыс күні барлық жақта жазылған ғой", - деді министр.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста